Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет39/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

23-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне антонимдік мағыналы сөз тіркестерін тауып жазыңдар, олардың модельдерін құраңдар. Олардың ортақ және айырым белгілері неде екеніне талдау жасаңдар.
24-жаттығу. Берілген анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін қосып, үш түрлі сөйлем құраңдар. Қандай мағыналық айырмашылықтар бар екеніне сипаттама беріңдер.
25-жаттығу. Берілген сөздерді басыңқы сыңары етіп, бағыныңқы сыңарларын тауып, сөз тіркестерін құраңдар, олардың модельдерін таңбалаңдар.
26-жаттығу. Берілген етістікке зат есім тіркестіріп сөз тіркесіне толық сипаттама жасаңдар. Енді сөз тіркесін қосып сөйлем құраңдар, ол кезде:
- қандай сөйлем мүшелері бірінші тіркесетініне, қайсысы екінші тіркесетініне назар аударыңдар;
- сөз тіркесінің сөйлемге айналуында сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарының «айналасына үйірілетін» сөздерді графикалық модель түрінде көрсетіңдер.
27-жаттығу. Берілген шылауларды қолданып сөз тіркестерін жасаңдар. Олаодың моделін құраңдар.


Трансформациялық жаттығулар


28-жаттығу. Сөз тіркестерін көрсетілген үлгі бойынша өзгертіңдер. Өзгеріс процесін, нәтижесін толық сипаттап жазыңдар. Барлық сөз тіркесін тән болып тұрған ортақ өзгеріске анықтама беріңдер. Үлгі: шахмат ойнау – шахмат ойыны.
29-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің синонимдері болуы себептерін түсіндіріңдер. Үлгі: күміс қасық күмістен жасалған қасық.
30-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің мағынасына қарама-қарсы мағынадағы сөз тіркестернін тауып жазыңдар. Олардың жасалуындағы ерекшеліктерді сипаттаңдар.
31-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің басыңқы мен бағыныңқысының орындарын ауыстырыңдар. Олардың қандай өзгеріске түскенін толық сипаттаңдар.
32-жаттығу. Мәтіннің стилін анықтаңдар. Төменде берілген сөз тіркестерінің осы мәтінге қайсысы, қай орында лайық екенін анықтаңдар, өзгерістер жасап, нәтижесін сипаттаңдар.
33-жаттығу. «Берілген сөз тіркестері дұрыс емес, себебі...». Өз ойларыңды дәлелдеңдер: құрылымы жағынан ба, мағыналық жағынан ба? Бес жаңбыр; алты бұлт; үш қар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет