Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Базалық инженерлік дайындық факультеті
«Инженерлік математика» кафедрасы
Есеп Зертханалық жұмыс №1 Объектілерді модельдеу. «ЖАСЫЛ АЛМА», «ӘДЕМІ РОЗА» жаттығулары
Орындаған: 18-МКК-1 тобының студенті Зарепқанова Ә.Д.
Тексерген: Тураров А.К.
Өскемен қ., 2021 ж.
Зертханалық жұмыс №1 Объектілерді модельдеу. «ЖАСЫЛ АЛМА», «ӘДЕМІ РОЗА» жаттығулары
Жасыл алма жаттығуын орындау үшін, мен 3D Max бағдарламасында жаңа жоба құрып, «Create - Sphere» батырмаларын бастым. Келесі амалда, сфера құрып алып, фигураға бағыттауышты әкеліп, тышқанның екінші жағын бастым және Convert to Editable Mesh батырмасын таңдадым. Vertex батырмасын таңдап, сфераға алма пішініне ұқсас фигура жасадым. «Create» батырмасын қайтадан таңдап, цилиндрды жасадым. Оның пішініне өзгерістер жасап, алманың сабағы түріне келтірдім. Нәтижесі келесі суреттерде көрсетілген:
Әдемі роза жаттығуын орындау үшін, мен «Torus Knot» батырмасын қолдандым. Бұл фигураны орналыстырғаннан кейін, берілген параметрлерді енгіздім. Нәтижесінде раушан гүліне ұқсас пішін пайда болды. Бірақ бұл фигураны роза түріне толықтай келтіру үшін, мен тегістеу жасап, материал пернесін қолданып, раушан гүлінің пішінің және түсін қалпына келтірдім. Пайда болған нәтижелер келесі суреттерде көрсетілген: