Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


-жаттығу. Сөздердің синтагмасы және парадигмасы вертикалды және горизонталды орналасуы деген ұғымдарды талдап жазыңдар. 49-жаттығу



бет41/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

48-жаттығу. Сөздердің синтагмасы және парадигмасы вертикалды және горизонталды орналасуы деген ұғымдарды талдап жазыңдар.
49-жаттығу. Сын аттарына зат аттарын тауып жазыңдар.
Қарапайым... Алқызыл...
Еліктің лағындай... Сары ала...
Асқар... Қара...
Жүйрік... Теңбілкөк...
50-жаттығу. Матаса байланысқан сөз тіркесіне 5 мысал келтіріңдер. Олармен мынадай жұмыс жасаңдар:
- сөз тіркесінің матаса байланысқанын дәлелдеңдер;
- матаса байланысу моделін жасаңдар;
- матаса байланысудың үш түрін көрсетіңдер;
- матасудың негізге белгілерін жүйемен жазыңдар;
- матасудың анықтамасын жасаңдар.
51-жаттығу. Берілген сөйлемнен сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
«Үстіміздегі шеті, шегі жоқ көк, күндіз болса, дүниені жарық еткен күн, түн болса, аспанда күлімсіреп тұратын ай мен жұлдыздар, іздесең тіршілігіңе керек нәрсенің бәрі табылып, анаша асырап отырған мынау жер мен ол жердің үстіндегі жанды, жансыз мақұлықтар – бәрі осы түрінде, осы күйінде, осы қалпында болмаған» (А.Байтұрсынұлы).
52-жаттығу. «Анамдай асырап отырған» тіркесін өзгертуге бола ма? Осы сөз тіркесінің құрамына басқа сөздер қосуға келе ме, қосып көріп, нәтижесін сипаттаңдар.
53-жаттығу. Төменде берілген әріптерден комбинация әдісімен қанша сөз жасауға болатынын көріңдер.
А, С, Б, Н, Ы, Д, У.
54-жаттығу. Берілген сөздерге –шы жұрнағын жалғап, сөздер жасаңдар. Олармен сөз тіркесін жасаңдар.
55-жаттығу. Берілген буындармен сөз құрастырыңдар, олардан сөз тіркестерін жасаңдар.
56-жаттығу. Берілген сөздерден мағынасына қарай тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңдар, олардың моделін құрып, одан сөйлем жасаңдар.
57-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысына бірнеше басыңқы қосып, сөз тіркесін құрап, графикалық моделін жасаңдар.
58-жаттығу. Берілген сөздерге мағыналық жағынан топтау жасап, олармен сөз тіркестерін құрыңдар.
59-жаттығу. Қ.Жұбанов келтірген «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» мысалының синтагмалық ерекшелігіне бақылау жасап, андағандарыңды сипаттап жазыңдар.
60- жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңдар. Ондағы есімшенің қандай сөзбен тіркескеніне назар аударып, басқа сөз тіркесін басқа сөз тіркесін жасаңдар.
61- жаттығу. Берілген сөз тіркесін толыққанды етуге жетіспей тұрған грамматикалық тәсілді тауып, сөз тіркесін толықтырыңдар.Осы тәсілдің ерекшелігін сипаттап жазыңдар
Жүрек... өшпеді, ой... кетпеді, тас... таңбалағандай, ауыр... үсті, жеңіл...асты, жақсы...сөзі, ғалым...хаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет