Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


-жаттығу. Сын есімнің үстеуге айналуындағы мағына өзгерісін бақылап, дәптерлеріңе ойларыңды жазыңдар. 4-жаттығу



бет35/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3-жаттығу. Сын есімнің үстеуге айналуындағы мағына өзгерісін бақылап, дәптерлеріңе ойларыңды жазыңдар.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқып шығып, бастауыш пен баяндауышты бір қатарға, сөз тіркестерін екінші қатарға теріп жазыңдар. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады деп ойлайсың? Сөз тіркесінің басыңқы және бағының деген мүшелері сөз тіркестерінде қандай қызмет атқарады?
5-жаттығу. Берілен әрбір зат есім сөзді қосып, үш-үштен сөз тіркесін құраңдар. Әр зат есім сөз басқа сөздермен тіркескенде мағына өзгерісі байқала ма?
6-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар. Құраған сөйлемдерінің ішінен сөз тіркестерін іріктеп, бір бағанға көшіріп жазыңдар. Берілген сздер қандай сөздерге тіркескен?Қандай мағына жасалып тұр?
7-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қосымшасыз тіркескендерін бір қатарға, қосымша арқылы тіркескендерін екінші қатарға теріп көшіріңдер. Сөздердің қалай байланысатыны туралы қорытынды жасаңдар.
8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің ішінде мағыналары жағынан жақындарын іріктеп көшіріңдер. Бұларды қандай ортақ белгісі арқылы модельдеуге болады деп ойлайсыңдар?
9-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Сөз тіркестерінің мағыналары сөйлем мүшелеріне айналғанда қандай болып өзгергеніне талдау жасап, қорытынды ойларыңды дәптерге жазыңдар.
10-жаттығу. Тексті дәптерге көшіріңдер. Алғашқы екі сөйлемнен сөз тіркестерін табыңдар. Сол сөз тіркестерінің мүшелері келесі сөйлемдерде есімдікпен алмастырылған ба, жоқ па, бақылау жасап, қорытынды ойларыңды жазыңдар.
11-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғанын анықтаңдар. Ол сөздерді басқа сөз табынан алынған сөзбен ауыстыруға бола ма, болмай ма? Ойларыңды анықтап, оны дәлелдеңдер.
12-жаттығу. Берілген сан есімдерге бірінші зат есімдерді тіркестіріп, сосын етістіктерді тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңдар. Оларды екі қатарға жазыңдар. Екі қатардағы сан есім тіркескен сөз тіркестерінің мағынасында қандай айырмашылықтар бар? Ойларыңды дәлелді түрде қорытындылаңдар.
13-жаттығу. Төмендегі етістік сөздерді қосып, сөз тіркесін құраңдар: алдымен етістікті сөз тіркесінің басыңқы мүшесі етіңдер, сосын етістікті бағыныңқы мүше орнына қойыңдар, екі тіркесті салыстыра отырып сөз тіркесінің мағынасы қалай өзгергенін талдаңдар. Қандай тұжырым жасауға болады?
14-жаттығу. Төмендегі сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын анықтап, әрқайсысымен сөз тіркесін құраңдар. Тура мағыналы сөз бен ауыспалы мағыналы сөздердің сөз тіркесін құрауға қандай тіркес түріне ауысуы мүмкін екеніне бақылау жасап, қорытынды ой құраңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет