114-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің әрбірінің одан әрі қарай бөлінуін көрсетіңдер. Үлгі: әншілер конкурсы – халық әншілері конкурсы.
Шешеннің сөзі, көшенің бейнесі, күміс қоңырау, алты әулие, жеті кісі.
115-жаттығу. Берілген белгілердің көрсетілген ұғымдардың мазмұнына енетінін не енбейтінін анықтаңдар.
А) Анықтауыштық қатынас – матаса, қабыса, байланысқан есімді сөз тіркестеріне тән қасиет.
Ә) Етістікті тіркес дегеніміз – басыңқы сөз етістіктен болған сөз тіркесінің түрі.
116-жаттығу. Төменде берілген белгілерді тәртіптелген қатар бойынша топтап, бір ұғыммен беріңдер.
А) шылау арқылы байланысу, жалғау арқылы байланысу, орын тәртібі арқылы байланысу, интонация арқылы байланысу;
Ә) матасу, қабысу, меңгеру, жанасу, қиысу;
Б) алма ағашы, баланың ойыны, ауыл маңы;
117-жаттығу. Берілген топ белгілерді бір жүйеге келтіріп, олардың ішінде бір ұғым туғызатындарын іріктеп, жеке топ етіп жазыңдар. Сөздер өзара мағыналық байланысқа түседі; сөйлем мүше бола алады; зат есімді тіркестер қабыса байланысады; есімшілердің зат есімдермен тіркесіу арқылы анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі жасалады: бірқатар зат есімдер тек қосарланып айтылып қана басқа зат есімдермен тіркесе алады.
118-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің ұқсастығы неде екенін анықтаңдар.
А) Көз. Жанар. Көру органы.
Ә) Атака. Соғыс. Әскери қимылдар.
Б) Баламның баласы. Немере.
119-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестері беріп тұрған ұғымға тепе-тең басқа сөз тіркестерін тауып, жазыңдар.
А) Атқа мінген адам.
Ә) Өнері көп адам.
Б) Таңертең ішілетін шай.
120-жаттығу. Берілген ұғымдар мен графикалық диаграмма сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтаңдар.
1) Сөз тіркесі (А). Еркін тіркес (Ә). Меңгеру (Б).
3) Тіркес (А). Еркін тіркес (Ә). Тұрақты тіркес (Б).
121-жаттығу. Берілген ұғымдардың көлемдік қатынастарын анықтап, ол қатынастарды Эйлер-Венн диаграммасы арқылы көрсетіңдер.
1. Еркін тіркес (А). Ілік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркесі (Ә). Матасу (Б).
2. Есімді тіркес (А). Зат есім мен зат есім тіркесі (Ә). Анықтауыштық қатынас (Б).
122-жаттығу. Берілген ұғымдарға анықтама жасаңдар:
1. Сөздердің байланысу түрлері.
2. Сөздердің байланысу тәсілдері.
3. Сөздердің жанаса байланысуы.
4. Сөздердің мағыналық үйлесімділігі.
5. Сөздердің валенттілік қасиеті.
6. Синтагма.
7. Сөз тіркесінің мүшелері (компоненттері).
8. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі.
9. Етістікті сөз тіркесі.
10. Жай сөз тіркесі.
11. Күрделі сөз тіркесі.
123-жаттығу. Берілген ұғымдарды қарама-қарсы ішкі екі мүшеге бөліңдер. Үлгі: еркін тіркес және тұрақты тіркес.
1. Сөздердің тіркесім қабілеті.
2. Сөздердің байланысу жолдары.
3. Қабыса байланысқан сөз тіркесі.
Достарыңызбен бөлісу: |