Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет50/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Ойын-жаттығулар

Ойын-жаттығулардың оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытуда алатын орны үлкен. Ойынның методологиялық мәнісі жан-жақты дамуында маңызды екендігімен танылады. Оқушының адамгершілік, эстетикалық, шығармашылық, теориялық білім алу белсенділігі дамуында ойын-жаттығуларды жүргізудің берері мол. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында ойын-жаттығуларын қолдануда Ш.А.Амонашвилидің дәстүрлі педагогиканың императивтікке ауысып, оның баланы дамытудағы мүмкіндіктері заман дамуынан қалып, шектеліп бара жатқандығы туралы пікіріне (123), психологтардың ойынды адамның сыртқы факторлардың ықпал етуінен туындайтын «экстрогендік мінезінен» айырмашылығы бар ішкі қажеттіліктері мен қызығушылықтарынан туындайтын «интрогендік мінез» деп санайтын идеяларына (124), философияның адам өміріндегі негізгі құндылықтардың бірі – қуаныш деп, ал интрогендік мінездің сол қуанышты алуға ұмтылатындығын анықтаған пікірлеріне (125) және философтардың «ойын – бала өмірінің қоғам жасап немесе қажеттілікпен туындатқан ерекше формасы; осымен де байланысты, ойын – педагогикалық туынды болып табылады» (126) деген байымдауларына сүйендік. Осыған байланысты, ойын-жаттығулар мынадай қызмет ету керек деп белгіленді:


1) ойын – оқушының қоршаған ортаға қатынасы ретінде қызмет етеді;
2) оқушының дүниетанудағы, теориялық ойлау дамуындағы өзгерісіне, дамуына ерекше әсер ететін әрекеті ретінде;
3) оқушының психикасының дамуында ерекше қызмет ретінде;
4) оқушыға әлеусеттік тұрғыдан тапсырылған әрекет түрінде танылады.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында ойын-жаттығулардың түрлендіріп және әр сыныпқа лайықталып жасалуы көзделді. Оқушылардың жағымды эмоциялық қырынан дамуында ойынның мүмкіншіліктері мол екендігі назарда ұсталып, сабақтарда және сыныптан тыс оқушылар өз бетімен орындайтын жаттығулар мол жасалды. Ойын-жаттығулары оқушының белгілі нәтижеге жетуі үшін көмекке керек десек, көп жағдайда, ойын-жаттығуларды орындау арқылы оқушы белгілі бір процестерді басынан кешіруі, соның негізінде дамуы үшін қолданылды. Ойын жаттығуларының дамытушылық функциясы деп мыналарды аламыз.
- оқушылар тобында, сыныпта сенімділік қалыптастыруға негіз болады;
- жеке оқушының дамуына үлкеи ықпал ететін фактор болады;
- оқу-танымдық процесте оқушының жүйкесі әлсіремеуіне, тозбауына игі әсер етеді; *
- оқушының қиялы мен еркі дамытып, шығармашылық ойлауын дамытады.
140-жаттығу. Тексті оқып, А.Байтұрсыновтың тілдің қадір-қасиеті туралы айтқан құнды пікірін жаттап алыңдар. Осы үлгіде текст құраңдар. Ол тексті мәнермен оқу жарысын ұйымдастырыңдар. Неліктен барлық оқушының сөзі бірдей жоғары әсер етпегеніне талдау жасаңдар. Бас бәйгені қай оқушыға бересіңдер және неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет