123 (а)-жаттығу. Берілген ұғымдарды белгілерінің түр өзгерістеріне қарай бөліңдер.
1. Сөздердің байланысу тәсілдері.
2. Сөздердің байланысу түрлері.
3. Сөз тіркесінің грамматикалық мағыналары.
4. Есімді сөз тіркестерінің модельдері.
124-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің моделдерін құрып, оларға жіктеу (классификация) жасаңдар.
Байымдау жасауға машықтандыратын жаттығулар
125-жаттығу. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің қайсысы ұғымды, қайсысы байымдауды білдіретінін анықтап, жіктеме жасаңдар.
126-жаттығу. Төменде берілген байымдаулардың субъектісін, предикатын, дәнекерін анықтаңдар. Оларды сөйлем мүшелерімен салыстырыңдар.
127-жаттығу. Берілген байымдауларды салыстырыңдар. Олардың бірдей болғанымен, түрлі сұраққа жауап беретін болуы неліктен деп ойлайсыңдар. Жауаптарыңды жазыңдар.
128-жаттығу. Сөз тіркесінің белгілерін білдіретін байымдаулар санын 10-ға жеткізіңдер. (Атрибуттық байымдаулар жасауға дағдыландыру.).
129-жаттығу. Сөз тіркесінің тіл жүйесінің ішіндегі құраушы жүйе екендігін дәлелдейтін 5 байымдау ұүраңдар. (Фердинанд Соссюр «Тіл – жүйелердің жүйесі»).
130-жаттығу. Сөз бен сөз тіркесінің, сөз тіркесі мен тұрақты тіркестің, сөз тіркесі мен күрделі сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің өзіндік белгілерін оппозициялық талдауға түсіріп, толық етіп сипаттаңдар. (Бұл – экзистенциялдық, яғни болу не болмау туралы байымдау жасауға үйрететін жаттығу түрі.)
131-жаттығу. Берілген формула бойынша сөз тіркесіне қатысты қандай байымдаулар жасауға болады?
Барлық S дегеніміз P.
132-жаттығу. Төменде берілген формула бойынша сөз тіркесіне қатысты байымдау жасаңдар.
Ешбір S дегеніміз P емес.
133-жаттығу. Берілген формула бойынша сөз тіркесіне қатысты 4 байымдау жасаңдар.
Кейбір S дегеніміз P.
Достарыңызбен бөлісу: |