Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамытужаттығулары
1. Сөйлеуді өңдеуге дағдыландыру.
177-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің қандай сөйлеу мақсатына лайық болатындығын анықтаңдар және ойларыңды дәлелдеңдер.
178-жаттығу. Текстің құрамындағы қарамен берілген сөз тіркестерінің осы мазмұнға сәйкес еместігін делелдеңдер.
179-жаттығу. Ы.Алтынсариннің "Асан мен Үсен" әңгімесінен алынған мына үзіндіден Асан мен Үсеннің диалогын құраңдар. (Асан мен Үсеннің мінездері және олардың адасып қалғанын алғаш білген сәті туралы текст үзіндісі беріледі.)
180-жаттығу. Сөз тіркесі туралы берілген тексті өзіңнің сөйлеу мәнеріңе түсіріп. қайта өңдеп дәптеріңе жаз.
2. Проблемалық ситуациялар жасау және шешуді үйрету.
181-жаттығу. Берілген сөйлемдегі сөздердің тіркесуін қарапайымнан күрделіге айналдыру жолдарын анықтап, сол формада сөйлем құрылымын калай өзгертуге болатынын дәлелде.
Тіңібек үйін көптен басқан қалың қонақ Құнанбай жүргеннен кейін тез тарады (М.Ә.).
182-жаттығу. Сөз тіркесінің басқа грамматикалық категориялардан басты айырмашылығын формаларды салыстыра отырып дәлелде.
183-жаттығу. Берілген сөз тіркесінің, күрделі сөздің, фразеологиялық тіркестерді оппозициялық талдауға түсіріп, ортақ және айырым белгілерін анықтаңдар.
184-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің компонентгерінің арасындағы қатынас түрін анықтаңдар. Осы қатынас сөз тіркесінің мағынасына қалай ықпал ететініне талдау жасаңдар.
Ақылды шәкірт, еліктің лағындай сұлу, кітапқа жетіп барды.
3.Байымдаулардың қарама-қарсылығын анықтауға дағдыландыру
185-жаттығу. Сөз бен сөз тіркесінің ережелерін құрастырып, олардың ортақ және айырым белгілерін екі бағанға тізіп жазыңдар.
186-жаттығу. Сөйлем мүшелерінің байланысуы мен сөз тіркесі компоненттерінің байланыстары туралы берілген ережелерді талдап, олардың екі категория туралы айтылғанын қалай анықтағандарыңды дәптерге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |