Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет57/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

187-жаттығу. Шылау және жалғау арқылы байланысқан сөздердің ерекшеліктері неден танылатынын дәптерге талдап жазыңдар.
188-жаттығу. Төмендегі үш сөйлемнің мағыналарын түсініп, олардың антонимдік мағыналы түрін құрастыру керек. Солай жасау кезінде қандай сөз тіркестері қажет болғанына назар аударып, сөйлемнің мағынасына талдау жасаңдар.


Танылып отырған нәрсенің басты, негізгі ұғымда
анықтауға үйрету жаттығулары



189-жаттығу. "Сөз тіркесі әлемі" атты аңыз-әңгіме құрастырыңдар.
190-жаттығу. "Менің ойымша сөз тіркесі туралы айтылмаған нәрселер мыналар..." атты ғылыми-көркем шығарма жазыңдар.
191-жаттығу. Тілдің тұтастығын тануда басты әдістер туралы не айтуға болады?
192-жаттығу. Төмендегі тексті терең талдай отырып оқып шығыңдар. Әл-Фарабидің Тіл туралы айтқан ойлар А.Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың ойларындағы ортақ пікірлерді анықтаңдар. Оған не алып-қосар едіңдер?


Алдағы кезеңде орындалатын әрекеттің мақсатын анықтай алуға дағдыландыру жаттығулары


193-жаттығу. Берілген текстегі тірек сөз тіркестерін анықтау керек. Ол үшін не істеу керектігін жазба түрде жоспарлаңдар.
194-жаттығу. Төменде сөйлем, сөйлем мүшелері және сөз тіркесінің табиғаттары туралы текст үзінділері беріліп отыр. Осы текстерді оқып шығып, СӨЗ туралы қандай сипаттама жазуға болатынын ойланыңдар.
195-жаттығу. Сөз тіркесін текстен не сөйлемнен тез анықтау үшін сіздер оның қандай белгілерін білсе жеікілікті деп ойлайсыңдар? Дәптерге жазыңдар.
196-жаттығу. "Тіл - жүйелердің жүйесі" (Ф.де Соссюр).
"Сөз тіркесі - жүйе" деген такырыпта 2 беттік ғылыми-талдау эссе жазыңдар.


Орындалған оқу тапсырмасын талдай білу


197-жаттығу. Оқулықтағы жаттығуды орындап болған соң, оқулықтағы тапсырманың қаншалықты түсінікті болғанын әлі қандай жеткіліксіздіктері барын талдаңдар,
198-жаттығу. Сөз тіркестінің мағыналық түрлері туралы тақырыпты талдап оқып шығыңдар. Сөз тіркесі туралы қосымша оқу құралындағы ғалымдар ойларымен салыстырып, орындаған иүрлі жаттығуларыңды қарап шығып, мектеп оқулығының кемшілігі мен артықшылығы туралы дәптерге ойларыңды жазыңдар.
199-жаттығу. Сөз тіркесі туралы оқу барысында екі мақсаты бар. Бірі - тілдің тұтас жүйе екендігін ұғындыру, екіншісі - сол жүйені құраушы жүйелердің бар екендігін білдіру. Енді сіздерге тапсырма мынадай: екі-екіден өзара сөз тіркесінің сөзден жоғары және сөйлемнен төмен тіл жүйесі екенін қалай анықтадық? Сөз тіркесінің тіл ғылымында (лингвистикада) кенже танылуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?
200-жаттығу. Екі-екіден өзара ақылдаса отырып, сөз тіркесінің сөз бен сөйлем мүшелерімен оппозициялық талдау жасау барысында анықталған өзіндік белгілерін тізім етіп құрастырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет