141-жаттығу. Төмендегі сөздерді естігенде не оқығанда ойларыңа қандай сөздер келеді? Кім көп сөз жазса, сол ұтып шығады.
142-жаттығу. Төмендегі екі сөйлемнің қайсысы адамды тез сендіреді және неліктен деп ойлайсыңдар?
143-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің кімнің және қандай өлеңнен алынғанын тез және дұрыс табу керек.
144-жаттығу. Берілген сөз тіркестері дұрыс жүйемен тез орналастырып, сол жолмен ауызша әңгіме құрастыру керек.
145-жаттығу. Бір оқушы сөз атайды, қалған оқушылар ол сөзбен сөз тіркесін жасайды. Көп балл жинаған оқушы ұтып шығады.
146-жаттығу. А.Байтұрсынұлының «қазақ тілінің ішкі әлеміне кіріп, көзілдірігін түзеп қойып, әрбір тіл бірлігінің сыр-сыпатын геологша танып отырғанын актер болып ойнап көрсетіңдер. Бір-екі терминді (сөз тіркесі, сөйлем) неге солай атағанын дауыстап автордың өзінше айтып біріңдер.
147-жаттығу. Төмендегі шеңберлердің ішіндегі әріптерден сөз, сөздерден сөз тіркесін құраңдар.
148-жаттығу. "Буриме" ойыны. Ұйқастың түрі беріліп, окушыларға сол бойынша өлең құрастыру тапсырылады.
(барғанда - алғанда; емен -кеме; айды - сайды; іркілмей -желкілдей )
149-жаттығу. Мұғалім бір сөз тіркесін айтады, оқушылар одан тез сөйлем құрайды. Ойын ауызша жүргізіледі.
150-жаттығу. Бірігіп жұмыс жасайық. Үш қатарға үш түрлі тапсырма беріледі. Бір-бірімен ақылдаса отырып, тез-тез бес-алты сөйлемнен құрайды бір оқушы логикалық аяқталған сөйлемді айтада. Сонымен:
I қатар пойызбен сапарға шығады.
II қатар кемемен сапарға шығады.
III қатар шөл далаға түйемен сапарға шығады. Баратын жерлерін картадан көрсетеді.
151-жаттығу. Екі-екіден әріптер беріп, сол әріптер сөз тіркесіндегі сөздердің бас әрпі екенін айтып, тез және көп етіп сөз тіркесін құрау тапсырылады. Мысалы: АҚ - ақ қой.
152-жаттығу. "Сөздердің тіркесім механизмі заводына саяхат" аггы шыгарма жазыңдар. Қиялдағы сөз тіркесінің заңдылықтарын "тірілтіп", үлкен зазодты суреттегендей лсазыңдар. 151-жаттығу. Берілген сөздерден мозаика жасандар. Дана адамга біткен сирек қасиет - шыдамдылық пен сабырлылық.
153-жаттығу. Ойынды бастаушы оқушы кез келген бір сөз тіркесін атайды. Екінші оқушы осымен тақырыптас келетін екінші сөз тіркесін атауы ксрек, сөйтіп тұтас топ қандай да бір текстің қанқасын құрап шығады, ең соңғы оқушы осы тексті әңгіме етіп баяндап беруі керек. Оқушылар орын алмасады. Топта алты -жеті оқушы қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |