Бағалы металл
Осыдан жасалған бұйым
Тиын мағынасында
Заттың сыны
Күмістелген,
күміспен көмкерген
Атқа отырғанда астына салатын құрал
Күміс және ер сөздерінің орын тәртібі тәсілі арқылы қабыса байланысуын талдау- жайылыңқы болып келетін ішкі ойдың тілде жинақтала, сығымдала, үнемделе сыртқа шығу болмысын танытатын тереңде жатқан , әлі де ғылымда түсірілмеген немесе мектеп грамматикасы үшін ауырлау болатын заңдылықтары жатқанын сезінетін ізденімдік- зерттеу жұмысының бір көрініс бола алады.
Оймен тану элементін түсіндірудің де қажеті бар.Оймен тану «шындықты аңғарудың теориялық тәсілі» (69) деп анықталады.Бұған байланысты оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатындағы жаттығулар орнатылды.Оқушыларға оймен тану тәсілін ғылыми ұғымдарды дәлелдеуден гөрі, тіл жүйесінің табиғаты, қазақ тіл біліміндегі ұлы тұлғалардың теориялық танымы мәселелері бағытында жұмыстар орындату арқылы үйрету көзделді. Мысалы, А.Байтұрсынұлының сөйлем, сөйлем мүшелері , сөз таптары т.б терминдерінің мағынасына талдау жасау, Қ.Жұбановтың сөйлем үлгілерін талдаудағы О.Есперсеннің грамматикасымен үндестігі , Қ.Жұбановтың Айсұлу, Күнсұлу, Таңжарық, т.б. сөздерін талдаудағы анықтауыш мәселесі туралы пікірлері т.б.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту дегенде теориялық ойлауды ойлаудың жаңа бір түрі деп танымау керек.Теориялық ойлау ойлаудың жалпы заңдылықтарынан тыс жасалынбайды. Бұған мысал тілдегі әрбір сөз тіркесіне арналып жеке заңдылықтар жасалынбайтыны сияқты.Оқушының санасында қалыптасқан ойлар бір-бірінен дербес өмір сүрмейді, олар бір- бірімен байланысып, нәтижесінде жаңа ойлар түзіліп жатады.Осы процесті оқушыларға «Сөздердің байланысу түрі» тақырыбына байланысты дәлелді түрде түсіндіруге болады. Матсу- ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы туралы ұғымдардан жасалатын жаңа ұғым.Оқушыға «Қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден бір мағынасы-* грамматикалық тәуелділікті білдіру» (70) деген анықтам және «Тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам мұның екеуі де қоса ұғынылады» (71) деген анықтама беріледі.Тапсырма: осы екі ойдан «матасу» туралы жаңа үшінші ойды қалай құрауға болатынын дәлелдеу керек. Оқушы «білімнің пайдасы» деген нақты мысалды талдау арқылы екі жалғаудың бірі екіншісін қажет ететіндігіне көз жеткізеді.Соның негізінде «Ілік жалғаулы сөз тәуелдік жалғаулы сөзді керек етсе, керісінше, тәуелдеуді сөз ілік жалғаулы сөздің керек етіп, ол сөздер өзара матаса байланысады»(72) деген үшінші ойдың дұрыстығын дәлелдейді.
Ойлау формалары және оларды оқушыларға үйрету жолдары.Оқушыларға логика элементтерінүйретудің екінші бір саласы ойлау формаларымен байланысты.Ойлаудың формасының бірі-ұғым.Ұғым- теориялық білім дамуының негізгі формасы. Болып саналады.Оқушыларда сөз тіркесінің көптеген қасиеттері туралы белгілі бір ұғым қалыптастыру, шын мәнінде, мектепте оқылатын барлық пәннің атқарып жатқан қызметі, орындайтын міндеті.Дидактикада білім беру арқылы оқушыларда ұғым қалыптастыру мәселесін қарастыру жолға қойылған (73).Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқушыларда ұғым қалыптастыру деген жалпы фраза айтылады, бірақ, логиканың осы формасының табиғатына сай ұғым қалыптастыратыны тураралы әдістемелік еңбек жоқ.
Ұғымға философияда мынадй анықтама беріледі:»Ұғым- дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы оларды теориялық тану формасы. Ұғым белгілі бір тілдік формаларда белгіленіп, тілдің соған сәйкес мәнін құрайды»(74).Сонда сөз тіркесінің оқушылардың санасында теориялық ұғым формасында қалыптасуы сөз тіркесінің сыртқы және ішкі қасиеттерінің тұтастықта танылуын қажет етеді.Бастауыш сыныптарда оқушылар сөздердің өзара тіркесімі туралы алғашқы түсінік қалаптастырса, орта және жоғары сыныптарда ол түсінік теориялық ұғымға дейін өсіріледі.Сөз тіркесінің теориялық бейнесі оқушы санасында теориялық деңгейде қолданатын әдістері арқылы нық орнауы қажет.Бірақ дамыта оқыту технологиясының міндеті оқушының санасында сөз тіркесінің бейнесін жасап қою ғана емес, ойлау операцияларын нық игере отырып, тіл жүйесінің тұтастығын өз бетімен тану мүмкіншіліктерін қалыптастыру және дамыту болып қойылады. Эмпирикалық білім сатысында оқушы сөз тіркесінің сыртқы белгілерін, ішкі кей қасиеттерін санамалап жатқа айтып, талдап беруге дағдыланады, бірақ бұл «жүректегі білім емес, тілдің ұшындағы білім» болады.Өйткені, ұғымдардың атын білдіріп, олардың жасалу,өзгеру даму жолдарын дәлелдей алмау- жаттанды білімнің сипаты. В.В.Давыдов эмпирикалық білім мен теориялық білімнің басты айырмашылықтарын осы тұрғыдан былайша анықтайды:
Бірінші айырмашылық, ғалымның көрсетуінше: эмпирикалық заттарды салыстыруы мен олар туралы түсініктерден тұрады да, теориялық білім тұтас жүйенің ішкі әлеміндегі нәрселердің қатынастары мен функцияларын талдау барысында меңгерілетін білімнен тұрады.
Екінші айырмашылық, эмпирикалық білім тек салыстыруға негіз ретінде сүйінеді, ал теориялық білім нақты және ерекше қатынастарды табуға жетелейтін теориялық талдауды негіз етеді. Мысалы, сын есімнің зат есімге қатынасы – анықтауыштық қатынас жасауының бір жолы екендігін салыстыру арқылы тану мүмкін болмас еді.
Негізінен бақылау әдісіне көп жүгінетін эмпирикалық білім танылатын нәрсенің сыртқы белгілеріне көп назар аударып, ішкі қасиеттерді танудың болса бір болмаса мүлде жолдарын анықтауға бармайды.Қазақ мектебінде сөз тіркесін түрлендіре алатын байланыстар мен қатынастарды таныту негізінде қалыптасады.Мысалы, сөз таптарын оқытуда екі сөз табының анықтамаларын салыстыру барысында олардың тіл жүйесіндегі «өмірі» бірінің екіншісіне тіркесіп, жаңа мағына жасауға қатысу екендігіне назар аудартып, соны талдаулар арқылы дәлелдету теориялық ойлауын қалыптастыру мен дамытудың әдісі.
Формалдық жалпы қасиет сөз тіркесінің жекеленген қасиеттеріне сәйкес болады.Ал теориялық білімінде нақты жалпы қатынас оның түрлі көріністерімен байланысы арқылы көрінеді яғни жалпының жекемен байланысы арқылы танылады.Мысалы, сөздердің тұлғалық және мағыналық тіркесуі сәйкес келгенде ғана толық мағынасындағы сөз тіркесі жасалады.
Эмпирикалық білімінің нақтылығы иллюстрациялар мен мысалдарды формалды түрде айқындалған белгілі бір топтарға жатқызатындай іріктеуден тұрса, теориялық білімнің нақтылығы ол білімнің жүйенің жалпы негізінен шығарылып алынатын жекеленген көріністерінің дамыған теорияға айналуын муүмкін және талап етеді. Мысалы, сөз таптарының синтаксистік қызметі олардың сөз тіркесін жасауға ғана емес, одан жоғары бірлік сөйлем жасауға қажетті валенттілік қабілетінің табиғатын анықтауды талап етеді.Немесе «Сын есім+ зат есім» моделіндегі сөз тіркесінің семантикалық тұрғыдан әрдайым жүзеге аса бермейтіндігін оқушыларға дәлелдеу жалпы тіркесімдік теориясының жекедегі бір көрініс болады.
Эмпирикалық білімдегі белгілеу (фиксация) тәсілі-термин, теориялық біліміндегі фиксация ақыл- ой қызметінің тәсілдері арқылы танылады, одан соң барып символдық-жүйелерде көрініс табады (75).
Сонымен, сөз тіркесін дамыта оқыту барысында оқушылардың мазмұндық топтастырулар жасай алуы үшін, оларда ұғым туралы білім болуы қажет.Ойлаудың ұғымнан жоғары тағы бір формасы- б а й ы м д а у (суждение).Қазақстандық философтар « логикалық жүйенің бастауы ұғым болуы тиіс және ол ұғым болмауы тиіс» деп көрсетеді(76). Диалектикалық логиканың ұғымның қалыптасуы байымдау арқылы жүзеге асады деген пікірін басшылыққа аламыз.Бірақ, ойлау формаларын танытуда ұғымнан бастап, одан соң ғана байымдауға келу дәстүрге сәйкес деп танимыз.Қандай ұғым болса да, оның анықтамасы ереже, байымдау түрінде берілетіні белгілі.Байымдау оған берілген анықтама бойынша, «бірнеше ұғым негізінде жасалатын ойлау формасы» (77).Сондықтан да алдымен ұғым туралы сосын байымдау туралы түсінік беру дұрыс болады деп ойлаймыз.Сондықтан да алдымен ұғым туралы сосын байымдау туралы түсінік беру дұрыс болады деп ойлаймыз.Байымдаудың құрылымдық элементтері: субьект, предикат, байланыстырушы дәнекер деп аталады. Мысалы, «сөз тіркесінің құрылымы сөздерді байланысу түрлеріне қарай анықталады» деген байымдауды алайық.Мұндағы байымдаудың құрылымын оқушыларға былайша талдатуға болады: ой субьектісі-сөз тіркесінің құрылымы, предикаты-«анықталады», дәнекері- «сөздердің байланысу түрлеріне қарай». Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда теориялық байымдаудың табиғатымен таныстыру да маңызды рөл атқарады.Ғалымдар теориялық байымдауға: «Теоритические суждения- наивысший тип суждений- по своему содержанию отличаются от эмпирических тем, что они, как и теоритические понятия, выражают связи противоположностей друг с другом. Уже в импирическом суждении выражн закон, которым характерезуется непосредственная связь свойств предмета.Содержанием теоритического суждения является закон, в котором заключена связь противоположных сторон предмета, которые нельзя отждествлять с его свойствами, поскольку они представляют соой отношения и связи свойств» деген анықтама береді (78). Оқушыларға байымдау туралы түсініктен кейін жаттығу орындату арқылы байымдаудың жасалу жолы мен түрлерін меңгерту керек.
Ойлаудың байымдаудан жоғары тұратын формасы – ой тұжырымы (умозаключение). Ой тұжырымы– «алғышарттар делінетін бір немесе пікірлерден жаңа пікір туады да (қорытынды немесе нәтиже деп аталады), оның алғы шарттардан логикалық түрде қорытылып шығуның барысында келіп тірелетін пікір қорыту» (79). Ой тұжырымы адамның күнделікті тіршілігінде де, ғылыми өмірде де үлкен орын алатын ойлау формасы. Ой тұжырымынсыз ойдың жүзеге асуы мүмкін емес.Бір байымдау жасалып, екінші байымдау онымен байланысқа түскенде, жаңа, үшінші байымдау жасалуы ой тұжырымы пайда болу процесінің қарапайым түрдегі түсінігі. Оқушылар ой тұжырымын ғылыми тұрғыдан танып- білмей- ақ, өмірде қолданып жүр.Бірақ, құбылыстың табиғатын ғылыми тұрғыдан тану-бұрынғы қарапайым машық дағдыны жетілдіріп, шыңдай түсетіні белгілі.Ой тұжырымы туралы түсінік беріп, оның сөз тіркесін теориялық деңгейде қолданылу жолын көрсету арқылы оқушылардың өзінің іс -әрекетіне саналы түрде назар аударуға болады.