Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Пассив валенттік перифериядан орталыққа қарай жүруші валенттілік



бет12/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
.Пассив валенттік перифериядан орталыққа қарай жүруші валенттілік
Пассив валенттілік моделі



Сөйтіп, актив валенттілікке ие етістік- валентіліктің тасушысы болып саналады. Ал бос орынды толтыруға қатысушылар- валенттік партнерлар деп аталады. Сонда, сөздердің тіркесуі белсенді сөз бен пассив сөздердің өзара байланысу процесінен туындайды. Етістік, көбінесе, белсенді валенттіліке ие болып келеді, оның пассив валенттілікте тұруы, кей жағдайда ғана, онда да етістіктің жіктік жалғаумен келмеген кездерінде көрініс береді. Етістіктің айналасындағы ашық позицияларды толтыруға барлық қажетті деп саналатын мүшелер қатысады. Бірақ, кажетті делініп отырган мүшелеркаисы қайсы,қандай? Ол қажеттіліктің өзі неден туындап тұр?Ол синтаксистік қажеттілік пе? Семантикалық қажеттілік пе, комуникативтік қажеттілік пе? Бұл сұрақтарға жауап іздеуде М.Д.Степанованың пікірін басшылыққа алу керек деп ойлаймыз (43).


Етістікке тіркесу элементтерін модельдеу
№5 сурет



Мұндағы облигаторлы және факультативті актанттар етістіктің позициялық жоспарында болғандықтан, олардың саны мен сипаты жағынан анықталу мүмкіншілігі бар. Біздің ойымызша, сөйлем құрауға қатысуда сөз тіркесімен жеке сөздің өызметі бірдей болу мүмкін емес,сонымен бірге, жеке сөз (өыстырма, айқындауыш мүшелерді айтпағанда ), сөйлемнің синтаксистік схемасына басқа сөзбен тіркеспей қалай ене алатыны әлі де терең анықталған жоқ. Егер валенттілік теориясына сүйенсек, облигаторлы және факультативті актанттар етістікпен байланысып қана сөйлемге ене алады.Ал енді еркін таратушылардың қызметі мен табиғаты туралы қарастыратын болсақ, М.Д,Степанова, Ч.Хельбик т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйену керек. Олардың айтуынша « еркін таратушылардың» орнын етістік нақты етіп белгілемейді, ол еркін таратушылардың етістікпен байланысы тым тым әлсіз не мүлде дерлік жоқ болатын сияқты (43).


Оқушыларға мынадай типтес мысалдар талдату арқылы етістіктің актанттары туралы түсінік беріп, сөйлем құрылуындағы синтаксистк схеманың түзілуін аңдатуға болады:

  1. Апам Көкшетауда тұрады.

  2. Ернар атқа тез мініп алды.

  3. Қанат нанын мектепте асықпай жеп алды.Мұнда Апам Көкшетауда тұрады деген сөйлемде тұрады деген етістік «апам» және «Көкшетауда» деген мүшелерге орын беріп тұр.Ол мүшелер-етістіктің облигаторлы актанттары .Өйткені, «тұрады» деген етістік кім? Қайда? деген сұрақтарға жауапты өзі қажет етіп тұр.Факультативті мүше ретінде менің деген сөзді қосуға болады. Ал еркін таратушылар ретінде былтырдан бері, көптен, басқа туысқандармен бірге, ауа райы жақсы болғандықтан, денсаулығына байланысты деген мүшелерді қоса беруге болады.Егер сөйлемнің құрылымдық және мағыналық негізі ол еркін таратушыларды қоспағаннан, немесе алып тастағаннан түбегейлі өзгермейтін болса,онда еркін мүшелердің синтаксистік байламы әлсіз, тұрақсыз болған себепті, сөйлем схемасына нұқсан келтіре алмайды.Мұны төмендегі модельден көруге болады.




Валенттілікті талдау
№6 сурет




Менің,сүйікті,
үлкен,мұғалім

































































Былтырдан бері, көптен, басқа туыстармен бірге,денсаулығына байланысты т.б

Апам





Ал 2-сөйлемде мініп алды деген етістік өз айналасына «Ернар» және «атқа» сөздерге орын беріп тұр. Ал енді оқушыларға «тез», «асықпай», «секіріп», «қуанып» деген сөздерді сөйлем ішіне кіріктіру тапсырмасын орындату керек. Мұндай лингвистикалық эксперимент жүргізу барысында оқушылар аталған сөздердің сөйлем схемасына ену жолы мен қажеттілік дәрежелерін анықтайды.
Ернар атқа (тез) мініп алды.
Ернар (тез) атқа мініп алды.
Ернар атқа (тез) (секіріп) мініп алды.
Ернар атка (секіріп) мініп алды.
3-cөйлемде жеп алды деген етістік табыс септігіндегі сөзді және іс қимылын иесін қажет етіп тұр.Сондықтан бұл етістік сөйлемнің синтаксистік схемасына Қанат және нанын деген актанттарға орын алып келген. Ал енді осы сөйлем құрылымына еркін актанттарға эксперимент жасап, енгізгенде және оларды алып тастағанда, сөйлемнің негізгі құрылымы мен негізгі мағынасы өзгермегенін бақылауға болады: Қанат нанын жеп алды.Сөйлемнің өқрыымды еркін актанттарымен қажетінше толықтыра беруге болады, әрине, бір шектеудің болатыны белгілі.Қанат (мана) (мектепте) нанын (асықпай), (орындыққа отырып алып) жеп алды.Жақшаға алынған сөздер –сөлем құрылымы үшін қажетті емес мүшелер.Бірақ олардың сөйлемге енуі арқылы сөйлем мағынасын кеңейте түсед.Сонымен, етістіктердің валенттілік қасиеті туралы білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауын дамыту мүмкіндігі дамиды.Сөздердің валенттілік қаиетін тануға оқушларың өздеріне химия пәнінен таныс валенттілік ұғымы тілге байланысты жаңа тіректер жасай алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет