Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет15/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Компьютерден басу

Графикалық шкалаға адамның жасына байланысты сөз тіркестерін орналастырған кезде ң, аң, ең, жұрнағы жалғанған балаң жігіт, жасаң адам деген сөздер адам жасының өсіп келе жатқан градациясы бойынша келетіні анықталды:


Бала жігіт- баладан үлкен, балаң жігіттен кіші жігіт;
Балаң жігіт- баладан үлкендеу , жас жігіттен кіші жігіт;
Жас жігіт -балаң жігіттен үлкен жастау жігіттен кіші жігіт;
Жастау жігіт- жас жігіттен үлкен, жасаң адамнан кіші жігіт;
Жасаң адам -жастау жігіттен үлкен , қартаңдау кісіден кіші жігіт;
Картаңдау кісі- жасаң адамнан үлкен, қартаң кісіден кіші;
Қартаң адам - қартаңдау кісіден үлкен, қарт кісіден кіші ;


-Ң, -аң,-ең реңк мәнді жұрнағының семантикалық өрісі
№8 таблица



Графикалық шкала көрсеткендей, осылай жіктеген соң (ң,аң,ең) жұрнағы жалғанған «балаң жасаң қартаң» тізбегі адам жасының өсіп бара жатқанын көрсетеді.Ал енді келесі тізбекте сол жұрнақ жалған сөз өсудің емес, керіні білдіреді: «қарт қартаң қартаңдау жасаң».Лингвистикалық эксперименттің осы нәтижесін бақылап, талдау нәтижесінде оқушылар «адам жасын білдіруде (мүмкін басқа аяларда да бар болуы мүмкін) (ң,аң,ең) реңк мәнді жұрнағының белгілі бір өлшемдік қана семантикалық өрісі болуы мүмкін» деген болжам жасады.Мұндай терең талдаулар оқушылардың ізденімдік зерттеу қызығушылығын ұштауға, тіл құбылыстарын аса нәзіктікпен талдау жасау, нәтиелерн жіті бақылауға дағдыландырады. Оқушыларға мұғалімнің басшылығымен лингвистикалық эксперимент жасатып үйретудің мақсаты- сөз тіркесінің бойында тоғысқан түрлі қасиеттерді өз бетімен танып білу дағдысын қалыптастыру.


Сөз тіркесін дамыта оыту технологиясында логиканы қолдану арқылы оқушылардың теориялық ойлауын дамыту
Логиканың дамуы қазіргі кездіе кибернетика ғылымын туғызып, ғылым салалары іштей саралануына, болмаса ғылымдардың бірігіп интеграциялануына негіз қалап жатыр. Соңғы жылдарда логиканы педагогикада қолдану мәселелері күн тәртібіне қойылып, жан жақты қарастырылып келеді (60). Бұл мәселе тек жалпы педагогикаға ғана емес, жекелеген пәндерді оқыту салалары үшін де тиімді бағыт болмақ. Логиканы қолданудың тілді оқыту үрдісінің байланысты қырлары көп және осы уақыт талабына сай қарағанда, өзекті мәселе. Қазақ мектебінде сөзтіркесі синтаксисін оқытуда оқушыларға логика ғыымының элементтерін меңгерту әдістерін зерделеудің себептері жетерлік.Біріншіден, синтаксис ойлаумен тікелей байланысты тілдік жүйе. Екіншіден, зерттеу жұмысымыз дамыта оқыту арқылы оқушыларың теориялық ойлауымен тілін дамыту болғандықтан, логиканың элементтерін оқушыға игерту жолдарын қарастыру міндетті болады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда сөз тіркесі туралы теоиялық білім мазмұны меңгертуде түсіндірмелі және иллюстрациялық әдістер қанша мол қолданылғанымен, оқушылардың лингвистикалық материалды толық игеріп кетуінде бәрі бір олқылық байқа лып тұрады.Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі негізгі түсіндірмелі және иллюстрациялық әдістерге сүйену-дамыта оқыту технологиясы мақсаттарын жүзеге асырып,міндеттерін шеше алмайды. Ал оқушы қабылданған білім мазмұнын логикалық операцияларды дұрыс және тиімді қолдану арқылы санасына орнықтырса, оқушының білімі шын мәнінде сапалы болады.Оқушылардың ойлауын дамытуға игі әсер етудің басы –тілді оқып үйрену қызметін дұрыс ұйымдастырып, логика элементтерін сол процеске минималды түрде қосып отыру. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында осындай мақсаттар белгіленіп, оқушының теориялық ойлауын дамытудың жаңаша жолдарын жүйелеуге логиканы теориялық тұғыр етіп алу көзделінді. Сөз тіркесін дамыта оқыту барысында логика элементтерін меңгерту екі пәннің ұғымдар жүйесін жарыстыра бірінен соң екіншісін оқыту емес, осы екі пәннің сөз тіркесін дамыта оқытуда теориялық ұғымдар жасау және теориялық білімді меңгеру барысындағы интеграциялануы деуге болады.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясын жүйе ретінде тану логика элементтерінің де сол тұтас жүйенің компоненті ретінде орын алуына мүмкіндік жасайды. Логика элементтері, оқушыға, біріншіден, сөз тіркесінің тілдің ішкі кіші жүйесі ретінде меңгертілуіне негіз болып, екіншіден, басқа пәндерді оқып білуі барысында жетекшілік ете алады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту теориялық анықтамалардың, ережелердің, ұғымдар жүйесінің логикалық тұрғыдан дұрыс қалыптастыру деп түсініледі. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында логикалық білім беру мәселесін шешу үшін, қандай жолмен жүріп, қандай міндеттер белгіленуі керек? деген сұрақ анықталады. Оның жауабы мына модель түрінде беріледі:

  1. Сөз тіркесін дамыта оқыту барысында логиканың қандай элементтерін енгізу керек? НЕ проблемасының шешілуі.

  2. Логикадан сұрыпталған элементтерді сөз тіркесінің қандай тақырыбына байланыстыра оқыту керек? ҚАЙДА проблемасы.

Логика элементтерін қолданудың нақты әдіс тәсілдері сөз тіркесін дамыта оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатын шешуге қалай үйлестіріледі? ҚАЛАЙ проблемасы.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы логиканы өз мазмұнына кіргізгенде, оны қолдануды екі аспектіден қарастырады: оның біріншісі сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы үшін логика үлкен тірек болып табылады, оқушылар логика заңдарының элементтерін меңгеру арқылы өз бетімен білім алудың сан қырлы логикалық операцияларын игеріп, қолдану жолдарын үйренеді; екіншіден, оқушылардың логикалық ойлау мәдениеті сауаттылықпен дамытылады. Бірақ, сөз тіркесін дамыта оқытуда логика элементтерін оқыту «таза» логиканы оқыту емес, тіл бірліктері мен байланыстыра оқыту жолдарын ұйымдастыру. Логиканы сөз тіркесін дамыта оқыту мен байланыстыра оқытуда, ең алдымен, мұғалімнің сауатылығы міндетін шешу керек болады. Оған байланысты біз арнайы әдістемелік құрал шығардық (61). Оқушылардың ойлауын дамыту- барлық оқу пәндерінің үздіксіз қойылып отыратын мақсаты. Ойлаудың процесс түрінде өту ерекшеліктерімен байланысты психологиялық тұрғыдан бұл ретте М.М. Мұқанов (62), Ә. Жарықпаев (63) еңбектерін атай аламыз. Қазақ тілін оқыту үрдісінде бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан арнайы ден қойған Ә. Алдамұратов (64), Ж. Дәулетбекова (65) еңбектерін атасақ, логиканы арнаулы түрде қазақ тілін оқытумен байланыстыруға арналған әзірге еңбек жоқтың қасы.
Ойлаудың формалары мен ой операцияларының табиғатын сөз тіркесінің ішкі тақырыптарын оқытумен біріктіре оқушыларға үйрету, теориялық ойлауына тірек жасау мақсаты зерттеудің бір мақсаты болып табылады. Ойлаудың ұғым, байымдау, ой қорыту деген формаларының табиғатын таныстырып, оларды саналылықпен қолдануға үйрету, ой операцияларының түрлерін тану және олардың қолданылу ерекшеліктері мен орындарын үйрету- сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының жаңа теориялық тұғыры саналады. Оқушылардың эмпирикалық ойлау деңгейінен теориялық деңгейге өту жолының заңдылықтарын зерттеген В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т. б. ғалымдар бастауыш және орта, жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі деңгейде болатынын көрсетеді. Сондықтан біздің зерттеуімізде логика элеметтерін қолдану 7-11сынып оқушыларына сөз тіркесін оқытумен байланысты алынып отыр. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық қызмет белсенділігі олардың теориялық ойлау әдістерін меңгеруге қабілетті екенін және сол әдістерді игеруді олардың даму ерекшеліктері қажет етеді дейді ғалымдар (66).
5-сыныптан бастап ғылыми курстардың негізі жүйеленіп берілетін пәндерді оқу барысында оқушылар теориялық білім мазмұны мен, теориялық ұғымдар жүйесімен таныса бастайды. Оқушылар сол теориялық материалды қалай қорытып игеретіні тек дидактикалық заңдылықтармен ғана негізделіп келуі- мұғалім үшін де, оқушы үшін де қиыншылықтар келтіріп жүр.Өйткені, теориялық материалдың көлемі емес, мазмұны ауырлап, қазіргі ақпараттық заманда оларды қалай синтездеп, қандай ассоциациялық тәсілдер қолдану арқылы санада орналастыру, ұғымдардың шашыраған белгілерін біртұтас етіп жинақтау әдістері жаңаланбай жатыр. Талдау барысы қазіргі кездегі қазақ мектептерінде математикамен химия, физика, информатикадан басқа пәндердің көпшілігінде дерлік оқушылардың теориялық ұғымдарды жүйелеу дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға бағыт (ориентир) алған әдістеме жасалды деу қиын екенін көрсетті.
Тіл мен ойлаудың тығыз байланыстылығы тілді оқытуда ойлау формалары мен ойлау заңдылықтарын, ой операцияларын үйрету жолына негіз жасай алады деп санаймыз. Сөз тіркесі жүйесі- синтаксис жүйесінің маңызды құраушы кіші жүйесі. Ой құралуында жалпы синтаксис қандай маңызды орын алатын болса, сөз тіркесі сол маңызды қызметті атқарушы механизмнің бірі екеніне оқушы ой операцияларын үйреніп соларды тілдік ізденім жұмыстарына қолдану арқылы көзін жеткізеді. Тіл -ойдың сыртқа шығуының басты құралы, сол маңызды құралдың бір бөлшегі сөз тіркесінің табиғатында ой құралуының бір қабаты жататыны белгілі. Сондықтан, сөз тіркесін дамыта оқытуда логиканы қолдану екі деңгейде жүреді: біріншісі- оқушылардың теориялық ұғымдарды меңгеруіне логиканы көмекші ету, екіншісі- сөз тіркесі ой құралуының бір деңгейін көрсететіндіктен, сөз тіркесінің ішкі болмысындағы ой құралу «іздерін» логиканы пайдалана отырып лабораториялық жолмен тану. Әрине, көп жағдайда, біз осы айтылғанның біріншісіне назар аударамыз.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда негізгі бағыт -лингвистикалық -теориялық білім мазмұнын тірек ету екенін айтып өттік. Оқушылардың лингвистикалық ойлауы мәселесінде тілдік материал құрамының жаңалануы туралы пікірге баса назар аударатын ғалымдардың пікірінше (О.И.Никифорова, Л.П.Доблаева, И.А.Зимняя, М.Я.Микулинская т.б. ) (67), оқушылардың теориялық ойлауы дамуында лингвистикалық білім мазмұны ғана емес, ойлаудың операционалдықаспектісі де қамтылып, оны бсаты назарда ұстау керек. Осы мәсеенің дұрыс жолға қойылуы арқылы оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеттеіне қол жеткізу мүмкіндігі арта түседі, әрі оқушылардың сөйлеуі мен жазу шеберлігі де саналылықпен беки түседі.Сөз тіркесіндамыта оқыту тенологиясында оқушыардың логика элеметтерін қоса игеруінде олардың ақыл ой қызметінің күрделене түсетіндігі белгілі. П.Я.Гальперин ақыл- ой қызметінің қалыптасуы соған бағытталып ұйымдастырылған оқыту барысына байланысты деп көрсетеді (36).Оқушының ақыл- ой қызметінің нәтижелі ұйымдастырылуы үшін бағыттардың (ориентир) құрамын және соған сәйкес оқушы орындайтын оқу әрекеттерін бақылау мен басқару жолдарын жүйелеу керек.
Сөз тіркесінің сыртқы белгілерінен ішкі құрылымдық жүйелік заңдылықтарын, синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар түрлерін, қызметтерін, сөз тіркесінің басқа тіркестен ажыратып тұратын белгілерін теориялық деңгейде оқыуа логиканың ұғым, байымдау, ой қорыту сияқты формаларының табиғатын қолданудың жаңа әдістемелік жолын қалаудың қаза тілін оқыту әдісемесіндегі алғашқы тәжірибе болғандықтан, көп ретте, орыс тілін оқыту әдістемесіндегі тәжірибеге сүйедік. Логика мәліметтерінен оқушыларды хабардар етіп, сол мәліметтерді сөз тіркесі туралы ұғымдар, ережелер ме анықтамалар жасауда қолданатын жаттығулар логика мен синтаксис теориясында сүйеніп жасалды.
Ойлау және оның ерекшеліктері.Ойлаудың әрбір жекелеген актысына ұғымдық аппараты жасап шығарған танымдық тәжірибесімен ене отырып, оқушы сол танымдық тәжірибенің көмегімен жаңа таным обьектісін меңгертудің жаңа әдістері мен заңдарын меңгеруге бағыт алады.Сөйтіп, ұғым-адамныңшындықты тануының нәтижесі және жаңа таным обьектілерін, олардың қасиеттерін, қызметі мен ерекшеліктерін игеруге негіз болатын ойлау аппаратына, тәсіліне, әдісіне айналады.Сөз тіркесін оқып- білуі барысында оқушының теориялық ойлауы дамуы оның абстракциялық ойлау жүйесі қалыптасуы арқылыы жүзеге асады.Ойлар адам санасында бірі мен екіншісі түрлі негізде байланысады.Ондай түрлілік адамның жеке басының психикалық ерекшелігіне, еркі мен қалауына байланысты болады.Ойлау- процесс ретінде жеке адамдарға тән болғандықтан, білім берудегі саралап оқыту әдісінің негізі осыдан бастау алады.
Сөз тіркесі- таным обектісі ретінде алынып отырған тіл бірлігі.Сөз тіркесінің дербес табиғаты жеке адамның субьективтік күціне бағынбайтын, өзіндік болмысқа ие обьекті.Мұғалім оқушыға сөз тіркесін осы тұрғыдан оқытуға бет алып, сөз тіркесінің түрлі белгілерімен ішкі болмысын оқытуда ол қасиеттердің айқын анықтамалары жасалуына, оқушының сөз тіркесін танып- білу барысында дұрыс та анық тұжырымдарға келе алуына ойлау аппараттарын үйрете отырып дағдыландыра алады.Мұғалім ұғым, байымдау туралы түсінік береді.Жекелеген ұғымдардың байланысуы арқылы бір байымдау (суждение) жасалатынын айтады. Эмпирикалық деңгейде сөз тіркесінің сыртқы белгілерін оқытудан соң, мұғалім оқушыларға «Сөз тіркесі деген не?» деген сұрақ арқылы сөз тіркесінен алған мәліметтердің негізінде кең ұғымды анықтама (ереже) жасауды тапсырады.Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында «Сөз тіркесі « деген тақырыптан бұрын оқушылар «синтагма», «тізбек», « сөздердің тіркесімділік қабілеті» деген ұғымдармен таныс болса, сөз тіркесі деген тіл бірлігіне оқушылардың көз қарасы дәстүрлі оқыту жүйесіндегі меңгерілетін ережеден енағұрлымкең аяда қалыптасады деген бағыт ұсталынды.Аталған ұғымдар (синтагма,тізбек,валенттілік,сөздердің тіркесімділік қабілеті) жалпы тіл білімі мен қазақ тілі білімінде ХХ ғасырдың сонау 30- жылдарырында-ақ қалыптасқан ұғым болғандықтан, мектеп грамматикасында соншама жыл неліктен «табу» жасалып отырғаны белгісіз.Мектеп грамматикасында схоластикалық жол қалыптасып кеткенін дәлелдейтін тағы бір фактілер осы.Тіркесім, синтагма туралы ұғым қалыптастыру қиынға соқпайды, өйткені сөйлеудің өзі синтагмаға құрылған құбылыс. Ал «валенттілік» ұғымын оқушыларға химиядағы осындай терминмен с а л ы с т ы р у операциясын жүргізіп, білімдік тәжірибесіне сүйену жолымен сөзге қатысты ұғындыра аламыз. «Сөздердің тіркесімі» туралы ұғымның логикалық жалғасы осы ұғымның әрі қарай еркін тіркес, тұрақты тіркес, күрделі сөз аналитикалық формалар болып бөлінетінін түсіндіруге жетелейді.Бұлардың әрқайсысының тіл жүйесін құрудағы ерекше орындары болатыны ол ұғымдардың ішкі мазмұнын құрап тұрған белгілердің түрлілігіне байланысты екендігі түсіндіріледі. Ұғымның ішкі мазмұнын құрап тұрған белгілердің түрлілігіне байланысты екендігі түсіндіріледі.Ұғымның ішкі мазмұнын құрайтын белгілер тіркестің әр түрінің тіл жүйесінің қай деңгейінде орналасатынын да көрсете алады.Мысалы, екі не одан да көп сөздер болып тіркескенімен,оларды байланыстырп тұратын «синтаксистік процестер өшкендіктен», сөздің қызметін атқаруға кеткен тіркес түрі «тұрақты тіркес» деп аталып, лексика жйесіне, күрделі сөздер мен аналитикалық формалар морфология жүйесіне тән.Ал «сөз тіркесі» болса, синтаксистік процестерге ие болатындықтан, осы жүйе бірлігі болып табылатыны ұ ғ ы м н ы ң табиғатын түсіндіруде айтылады. Осылай «тіркесім » деген бөлінуі тіркесім түрінің пайда болуына негіз болады. Ұғымның бөлінуін үйреткен соң, нақты «сөз тіркесі» деген ұғым бөлініп, дербес алынатыны белгілі. Енді осы «сөз тіркесінің» өзі- іштей үлкен құрылымға ие болатын, тіл жүйесінің ішіндегі кіші жүйе екендігіне назар аударылады (Тіл – грамматика- синтаксис- сөз тіркесі синтаксисі).
Белгілібір дәрежеде тұтастық құрайтын «сөз тіркесі» ұғымының мазмұны эмпирикалық деңгейде және теориялық деңгейде талданады, соңында логикалық операцияның мазмұндық топтастырулар түрін қолдану арқылы қайтадан синтезделіп, «ғылыми тұрғыда танылған сөз тіркесінің» болмысы оқушы санасында қалыптасады.Бұл желінің барлық тізбегінде логиканың анализ, синтез, дедукция (жалпыдан жекеге), индукция (жекеден жалпыға ) т.б. операциялары қолданылады. Ой операцияларын дұрыс қолдануды үйретудің тағы бір маңызды аспектісі оқушыларды логикалық қателіктерге ұрындырмаудың алдын алу.Ондай қателіктерге баруына көбінесе оқулықтағы немесе мұғалім үйрететін ережелердің дұрыс құрылмауы да себеп болатына назар аударыла бермейді. Мысалы, «кем дегенде екі толық мағыналы сөздің тіркесуін сөз тіркесі дейміз» деген ережені талдап көрейік. Мұнда кез келген екі толық мағыналы сөз тіркессе, сөз тіркесі бола беретіндей, түсінік тудыратын мазмұнында әлі де нақтылық болмағандықтан, логикалық жағынан үлкен қателік жасалуы мүмкін.Осындай ойлар лингводидактик ғалымдарға, әдіскерлерге, мұғалімдерге, тіпті оқулық жазушыларға да анықтама жасауға тым сақтықпен қарау керектігін еске салады.
Ой операцияларын қолданудың тағы бір қыры – оқушылар өз ойын баяндағанда дәлелдей алуы мен айтқанына сендіру әдістерін үйрету. Бұл оқушылардан белгілі бір дәрежедегі шеберлікті қажет ететін процесс.Тіл дамыту, тіл ұстарту, шешендіекке баулу сабақтарын сабақтары бойынша оқу- әдістемелік құралдар жсаған едік.Оларды сөз тіркесін дамыта оқыту техологиясының кешеніне енгізіп, оқушылардың ойлауымен тілі дамуына арналған құрал ретінде қолдандық. Тіл дамыту, тіл ұстарту, шешендікке баулусабақтарында логиканың осы операциялары үлкен орын алады.Ал енді сөз тіркесі синтаксисін оқытуда оқушылар таныған заңдылықтарын баяндауымен оларды дәлелдеуде, ережелер мен практикалық жаттығулар орындауда өз ойларын жүйелі, дәлелді және сендірерліктей етіп баяндауы арқылы теориялық білім мазмұнын қаншалықты меңгергенін көрсетеді.Оқушылар ойдың берілуінің түрлілігі туралы да осымен байланысты мәлімет алады. Оған дәлел – тілдегі синонимиялық құбылыстың болуы екендігіне, соның ішінде сөз тіркесі синонимиясына да назар аудартылады.Бір ойдың тілде бірнеше формада көрініс беруі ойдың да қыры мол екенін көрсетеді.Мысалы, батыр, батыл, ер, өжет, деген сөздер бір- бірін барлық уақытта алмастыра алмайды, бірақ бір синонимдік қатарда орналасады.Ой түрлілігі мен оның тілде көрініс беруі мәселесі «Сөз тіпкесінің синонимиясы» тақырыбына байланысты түсіндіріледі.Мысалы, балалық аңқаулық – бала аңқаулығы сөз тіркестерінің жұмсалуын қарастырған М.Серғалиевтің ізімен оқушыларға тапсырма берілді(68). Оқушыларға ұғымның жалпы және жеке қасиеті туралы түсінік беріліп, осы екі сз тіркесіне осы тұрғыдан талдау жасау ұсынылды. Нәтижесінде оқушылар балалық аңқаулық- жалпы ұғым, ал бала аңқаулығы- жеке ұғым болуы мүмкіндеген болжам жасап, оны сөйлемге салып тәжірибе арқылы ойларын дәлелдеді.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда оқушылардың себеп пен салдардың байланысын тануға үйретудің орны үлкен. Өйткені, сөз тіркесі тақырыптары бірінен екіншісі туындап, жатады т.с.с.Құбылыстың себеп-салдарын іздеу- оқушының теориялық ұғым жасай алуға қажетті болатын маңызды қабілеті. Бұл ретте оқушыларға сөз тіркесі мүшелерінің байланысу тәсілдері мен түрлерінің ішкі қасиетін аңғарту мақсатымен компоненттік талдау жасауды үйреттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет