Географиялық белгісі – территориялық бірліктерге бөлінуіне негізделеді, мемлекет, облыс, аудан, ауыл т.б. Бұл белгіні қолдану аймақтар арасында климаттық айырмашылықтарды пайдалануын, тұтынушы ұйымдардың мекен жайларға шоғырлануын, көлік жағдайларын, бәсеке деңгейін сипаттау үшін қолданылады.
Технологиялық белгісі – тауарды дайындауға ғылыми ізденістерді қолдануы мен оны енгізудегі жобаларды қолданысы арқылы жүргізіледі.
Дифференциалданбаған немесе көпшілікке арналған маркетинг стратегиясын қолданғанда сегменттер арасындағы айырмашылықты ескермейді. Мұнда сегменттік талдау жүргізілмейді, нарық біртұтас болып қарастырылады. Мұның негізгі мақсаты – өнімнің белгілі бір түрін неғұрлым көп сату.
Дифференциалданған маркетинг – әрқайсысына жеке маркетингтік тақырыптың неігзгі сұрақтары ұсынылатын екі немесе одан да көп айырмашылықтары бар маңызды нарық сегментінің болуын талап етеді. Кәсіпорын әртүрлі тауарларды ұсына отырып, нарықтың қамтылған әрбір сегментіне тереңдей еніп, өткізу көлемін өсіруге үміттенеді.
Шоғырланған маркетинг – кәсіпорын өз ресурстарын бір немесе бірнеше субнарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға шоғарландырады. Мұны ресурстары аз кәсіпорындар қолданады.
Бекіту сұрақтары:
«Нарықты сегменттеу», «Нарықтың мақсатты сегментін таңдау» түсініктеріне анықтама беріңіз
Нарықты сегменттеудің негізгі белгілерін атаңыз
Парето заңы
Жаңа тауарларға қатысты тұтынушылардың бес сегментін сипаттаңыз
Тауарды нарықта жайғастыру нені көрсетеді?
Әдебиет (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12)
Достарыңызбен бөлісу: |