Сегменттеу – бір жағынан, ресурстарды оңтайландыру және маркетингтік бағдарламаны жасау үшін қолданылатын стратегия, ал екінші жағынан, нарықты белгілі бір топтарға бөлу әдісі.
Тұтынушыларды (нарықты) мінез-құлқы мен сипаттамасы және тұтыну өзгешеліктері негізінде топтарға бөлу процесі нарықты сегменттеу деп аталады.
Тұтынушылар рыногын сегменттеудің негізгі принциптері
Тұтынушылар нарығын сегменттеудің белгілері мынадай:
Сегменттеудің географиялық белгілер қалалардың, облыстардың және аудандардың айрықша сипаттамаларын білуге мүмкіндік береді. Географиялық белгілерге мынадай өзгермелі сипаттамалар кіреді: ауданның орналасқан жері, көлікпен қамтамасыз етілуі, халықтың саны мен орналасу тығыздығы, аймақтардың экономикалық даму деңгейі, нарық инфрақұрылымы мен бәсеке деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |