Құзыреттілік: деректерді түсіндіру және қорытындыларды тұжырымдау
үшін ғылыми дәлелдемелерді пайдалану
3.1
|
Деректерді талдау, түсіндіру және тиісті қорытындылар жасау
|
Әртүрлі формада ұсынылған деректерді түсіндіру негізінде қорытындыларды тұжырымдау ұсынылады: кестелер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер, географиялық карталар, ауызша мәтіндер. Деректер түрлі формалар үйлесімінде де ұсынылуы мүмкін.
|
3.2
|
Деректерді бір формадан басқа бір формаға түрлендіріп ұсыну
|
Ғылыми ақпаратты ұсынудың бір формасын басқасына өзгерту ұсынылады, мысалы: ауызша деректі сызба суреті түрінде, кестені график немесе диаграмма түрінде және т. б.
|
3.3
|
Ғылыми мәтіндердегі жорамалдарды, дәлелдемелер мен пайымдауларды анықтай алу
|
Белгілі бір ғылыми пайымдаулар жасалатын жорамалдарды анықтау және тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми мәтіннің өзін сипаттау ұсынылады: дәлелдеу, пайымдау, жорамалдау
|
3.4
|
Әртүрлі дереккөздердегі дәйектер мен дәлелдерді ғылыми тұрғыдан бағалау
|
Әртүрлі дереккөздердегі, мысалы, ғылыми-көпшілік мәтіндердегі, БАҚ хабарламаларындағы, адамдардың пікірлеріндегі тұжырымдардың нақтылығы мен сенімділігін ғылыми тұрғыдан бағалау ұсынылады.
|
Бұл кестені ҒЖС бойынша тапсырмаларды әзірлеу үшін және олардың орындалуын бағалауда қолданылатын кодификатор ретінде қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |