4 топ. Танымдық деңгейлер
PISA-дағы ҒЖС бойынша тапсырмалар үшін оқушы орындауы тиіс танымдық іс- әрекеттер деңгейі анықталады. Кез келген тапсырманың қиындығы оның зияткерлік тұрғыдан күрделілігі (яғни талап етілетін ойлау процедураларының күрделілігі) мен оны орындау үшін қажетті білімі мен дағды көлемінің ұштасуына байланысты.
Танымның келесі деңгейлері белгіленген:
• Төмен деңгей (1-2-деңгейлер). Бір қадамдық процедураны орындау, мысалы, фактілерді, терминдерді, қағидаларды немесе ұғымдарды табу немесе кестедегі не графиктегі ақпаратты қамтитын жалғыз нүктені табу.
• Орташа деңгей (3-4-деңгейлер). Құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру үшін ұғымдық білімді пайдалану және қолдану, екі немесе одан да көп қадамды болжайтын тиісті процедураларды таңдау, кесте немесе сызба түріндегі қарапайым деректер жиынтығын түсіндіру немесе пайдалану.
• Жоғары деңгей (5-6-деңгейлер). Күрделі ақпаратты немесе деректерді талдау, дәлелдерді жинақтау немесе бағалау, алынған ақпараттың әртүрлі дереккөздерін ескере отырып, қорытындыларды тұжырымдау, негіздеме беру, мәселенің шешіміне қол жеткізетін жоспарды немесе жүйелі қадамдарды әзірлеу. Танымдық деңгейді немесе қиындық дәрежесін анықтау, осы критерийлерге сәйкес келетін тапсырмалардың өзі – көп жағдайда оңай тапсырма болып табылмайды. Көбіне біз бұл қиындықтарды интуитивті, "шамамен ғана" бағалаймыз немесе белгілі бір таңдауда осы тапсырманы балалардың қанша пайызы орындағанына байланысты эмпирикалық түрде анықталады.
Сілтеме: http://skiv.instrao.ru/support/demonstratsionnyematerialya/%D0%95%D0%93_2019_%D0%BE%D1%81%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D1%85%D0%BE%D0%B4%D1%8B.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |