5. 1-ресурс. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтың жалпы сипаттамасы



бет6/7
Дата04.01.2022
өлшемі25,67 Kb.
#109274
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.1 ресурсы ЖҒ топтық жұмысқа
5.1 ресурсы ЖҒ топтық жұмысқа
3 топ. Мәнмәтіндер

Тапсырмада сипатталған проблемалық жағдаяттардың тақырыптық саласын мазмұндық мәнмәтін деп атауға болады.Мысалы, PISA-да бұл жағдаяттар келесі мәнмәтін бойынша топтастырылады:

денсаулық;

• табиғи ресурстар;

қоршаған орта;

•қауіп-қатерлер мен тәуекелдер;

• ғылым мен технологиялардың байланысы.

Әр жағдаят үш деңгейдің біреуінде қарастырылуы мүмкін:

- жеке тұлғалық (оқушының жеке басымен, оның отбасымен, достарымен байланысты);

- жергілікті/ұлттық (осы жердің немесе елдің проблемаларымен байланысты) және

- жаһандық (тұтас әлемде болып жатқан құбылыстар қарастырылады).

Мысалы,"ғылым мен технологиялардың байланысы" мәнмәтініне және "Физикалық жүйелер" атты білімнің мазмұндық түріне қатысты жағдаятты әртүрлі деңгейде қарастырып көрейік.



Жеке тұлғалық деңгейде ол тұрмыстық электр құралдарының жұмыс істеуімен байланысты болуы мүмкін.

Жергілікті/ұлттық деңгейде шағын мекенді энергиямен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жел электр генераторының жұмысымен байланысты.

Жаһандық деңгейде – жалпы жаңғыртылатын және жаңартуға келмейтін энергия көздерін пайдаланумен байланысты.

Мәнмәтін бұл оқу тапсырмасын ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа арналған тапсырма деп санауға болатын өте маңызды шарт болып табылады. Өйткені ҒЖС (функционалдық сауаттылықтың басқа түрлері сияқты) өмірден алыс абстрактілі жағдаяттардағы емес, нақты шынайы жағдаяттарда білімді қолдану қабілетін болжайды. Проблемалық жағдаяттағы мәнмәтіннің болуы белгілі бір ғылыми-жаратылыстану білім не үшін қажет болуы мүмкін деген сұраққа жауап береді. Мәнмәтіннен тыс тапсырмалар (есептер) бұл мәселені ашық қалдырады, көптеген оқушылар үшін осындай есептерге күш- жігерін жұмсау бекер әрі мағынасыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет