5. №2 есж, «Статистикалық физика және термодинамика» тақырыбына тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.11.2023
өлшемі413,64 Kb.
#190593
1   2   3
Байланысты:
ЕСЖ №2


>=< 

>(T) графигін құрыңыз.
Б.24 Газда: 
а) изохорлық қыздыру;
б) адиабаттық сығылу процестері жүреді. Бастапқы температуралары бірдей. 
а) жағдайдағы жұтылған жылу мөлшері б) жағдайдағы газдың жұмысына тең. 
Екі жағдайдағы газдың соңғы температураларын салыстырыңыз. 
Б.25 Газды изохорлық қыздырған кезде, мынадай физикалық 
шамалардың қалай өзгеретінін түсіндіріңіз: 
а) молекулалардың орташа соқтығысу уақыты;
б) молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Молекуланың 
әсерлік диаметрі тұрақты. Молекулалардың орташа соқтығысу уақытының 
және еркін жүру жолының орташа ұзындығының температураға байланысты 
графигін тұрғызыңыз. 
Б.26 Термодинамикада энтропияны – ретсіздіктің өлшемі деп 
тұжырымдайды. Неге? Мысал келтіріңіз. 
Б.27 Молекула-кинетикалық теория негізінде жатқан тәжірибелік 
фактілерді баяндаңыз. 


Б.28 Б.2 Суретінде АВС графигі түрінде берілген газдың тепе-теңдік 
процесінде А және С нүктелері адиабата қисығында жатыр. Бұл процесте 
мынадай шамалар нөлден өзгеше ме:
а) газдың жұтатын жылу мөлшері; 
б) энтропияның өзгерісі ? 
Б. 2 сурет 
Б.29 Тұйықталған жүйеде қайтымсыз және қайтымды процестерде
энтропия өзгеруінің айырмашылығы қандай? Жауабыңызды мысал келтіріп 
түсіндіріңіз. 
Б.30 Газ қайтымды ұлғаяды: 
а) изотермдік;
б) изобарлық;
в) адиабаттық. Барлық процестерде бастапқы және соңғы көлемдері бірдей. 
Қай процестерде энтропияның өзгеруі максимал немесе минимал болады? 
Б.31 Термодинамиканың екінші бастамасына қайшы келетін 
термодинамиканың бірінші бастамасы орындалатын бірнеше мысалды 
келтіріңіз. 
Б.32 Процесс кезінде 
энтропияның толық өзгерісі-осы процестің 
қайтымсыздық мөлшері 
деп айтуға болады. Қайтымды процесс үшін 

S=0
екенін біле отырып, осы тұжырымдаманың неге дұрыс екенін түсіндір. 
Б.33 Газ 1 күйден 2 күйге өтеді (Б.3-суреті). Бірінші жағдайда тікелей, 
екінші жағдайда 3 пен 4 арқылы өтеді. Осы жағдайларда энтропияның 
өсімшесі жайлы не айтуға болады? Жауабыңызды есептеулер арқылы 
дәлелдеңіз. 


Б. 3 cурет 
Б.34 Екінші текті мәңгі қозғалтқыш (двигатель) дегеніміз не? 
Изотермдік ұлғаю мен адиабаттық сығылу процестерінен неліктен периодты
жұмыс жасайтын екінші текті қозғалтқышты жасауға болмайды?
Б.35 Екінші текті мәңгі жұмыс жасайтын қозғалтқыш (двигатель) 
дегеніміз не? Мұхит пен теңіздің суын қыздырғыш ретінде пайдаланып, оның 
ішкі энергиясын жылу түрінде алып, он жұмысқа үздіксіз айналдыратын 
екінші текті мәңгі жұмыс жасайтын қозғалтқыш болуы мүмкін бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет