5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы



бет11/14
Дата12.12.2021
өлшемі322,5 Kb.
#99777
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
00010cd0-2999c59c

7. Ойынды 13 теңгемен бастады.

8. төртіншіге 10 алма берілді, үшіншіге –20, екіншіге –40, біріншіге –80, барлығы –150 алма.

9. 8.

10. Соңынан ойланамыз. Бірінші батыр жеңу үшін , оның соңғы ұру алдында айдаһарда 3-тен артық бас қалу керек. Демек, екінші батыр соңғы рет шапқанда айдаһарда 4 бас болу керек. Сонда екінші батыр жеңіледі.

Бірінші батыр – 1 басын шабады, Екінші – 1, бірінші – 3, екіншісі – 2, біріншісі – 2.



11. Шешуі: Ойыншыға соңғы жүрісі мен 100-ді алу үшін, оның алдында 89 тас шығу керек, ал оның алдында 78; 67; 56. Демек, бірінші жеңеді, ол үймеге 6 тас қосады, тастар саны 56 болады. Екіншісі k тас салады, ал біріншісі сол санды 11-ге дейін толықтырады, басқаша айтқанда 11- k тастан салады. Үшінші жүріспен бірінші ойыншыда 78 тас шығады, төртінші – 89 және бесінші жүріспен – 100 болады.

12.Соңынан шығарамыз.

    1. ( 1 + ½)*2 =3 (кәмпит) – қанаттан кейін қалған;

    2. (3 + ½)*2 =7 (кәмпит) – Айжаннан кейін қалған;

    3. (7 + ½)*2 = 15 (кәмпит) – Жеңістен кейін қалған;

    4. ( 15 + ½)*2 = 31 (кәмпит) – Қорапта болған кәмпиттер саны.

13. Шешуі: А) Ребусты қарастырғанда бір таңбалы және екі таңбалы сандардың қосындысы үш таңбалы сан болатына назар аударамыз, сондықтан қосындының бірінші цифрі 1 болады. 1*2 саны ең үлкен екі таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы сандардың қосындысынан шығады. Екінші жағдай да ұқсас, қосындысы 198-ге тең. Қосылғыштар екі таңбалы сандар және ең үлкен екі таңбалы сан 99 болғандықтан, есептің шешуі 99+99=198 болады.

14. Шешуі: А) Д<4, мындық разрядта А+А=А, сонда А=0 немесе А=9. А=0 қарастырмаймыз, себебі бірлік разрядта А+А=Р. Демек, А=9, Р=8, Е=7. Сонда 2М+1=10+Т, Т<9, демек, М=5 немесе 6. М=6 болғанда 18969+18969=37938 шығады.

Ә) Бөлуден көбейтуге көшеміз: 5*АЙ=ЧАЙ, демек Ч*100+АЙ=АЙ*5, сонда Ч*25=АЙ. АЙ екітаңбалы сан болғандықтан, Ч=1,2,3Әрқайсының шешуін табамыз. 125,250,375. Үш шешуін таптық: 125:25=5, 250:50=5, 375:75=5.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет