33. Есептің шешуі 29 есептің шешуіне ұқсас шығарылады.
34. Шешуі: 35 оқушы “қояндар” деп аламыз, ал әріптер “торлар”. Орыс алфавитінде 33 әріп бар. Оқушының тегі ъ және ь басталмайды. 35 > 31 болғандықтан, Дирихле принципі бойынша тегі бір әріптен басталатын 2 оқушы табылады.
35. Шешуі: Бөлмелерді –“торлар” деп аламыз, ал қонақтар “қояндар”. 36 < 42. Сонда. Дирихле принципі бойынша, кем дегенде бір бос “тор” табылады, демек қандай да бір бөлмеге бір де бір қонақ келмейді.
36. Шешуі: Ұлдар –“қояндар”, ал үстел –“торлар” деп аламыз. Ұлдар жартсынан артық болғандықтан, Дирихле принципі бойынша екі ұлдан кем емес отыратын бір үстел табылады.
37. Шешуі: Шаршыларды –“қояндар” деп алайық, ал инелер саны 0,1,2,3,....,600000 –“торлар”.
“Торлар” 600001 болады, ал “қояндар” 1000000. Мұнда “қояндар” “торлардан” әлде қайда артық. Демек, бір “торда” екі “қояннан” отырса, онда екі шаршыда да инелер саны бірдей болады.
38. Шешуі: 7 нүктені –“қояндар” деп аламыз. 6 “тор” сызайық. Дұрыс алтыбұрышты , дұрыс үшбұрыштарға бөлеміз. 7 > 6 болғандықтан, бір үшбұрышта екіден кем емес нүктелер орналасады. Ал қабырғасы 1 см болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ішінде екі нүктенің ара қашықтығы 1 см-ден кем болады.
39. Шешуі: 3 сан –“қояндар”, ал “торлар” –жұп сандардың және тақ сандар жиыны. “торлар” –2. 3 > 2 болғандықтан Дирихле принципі бойынша, кем дегенде екі сан жұп немесе тақ болатындай табылады. Ал ондай сандардың қосындысы –жұп сан.
40. Табылады. Дирихле принципі бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |