41. 5 литрлік және 3 литрлік шелекті пайдаланып, бөшкеден 4 литр су құйып ал.
42. 5 және 4 литрлік шелекті пайдаланып, су жүргізетін құбырдан 3 литр су құйып ал.
43. Екі құм сағат бар: 7 минуттік және 11 минуттік. Ботқа 15 минут пісуі керек, сағатты ең кем дегенде рет аударып, ботқаны қалай пісіруге болады?
44. Тоғыз литрлік шелекті және төрт литрлік бидонды пайдаланып, тоғаннан 7 литр су құйып ал.
45. Сыйымдылығы 9 және 11 литрлік екі шелекпен, тоғаннан 4 л су құйып ал.
46. Толық 8 литрлік шелектен, үш литрлік және бес литрлік бос банканың көмегімен 4 л су құйып ал. Суды жерге төгуге болмайды, басқаша айтқанда, басқа ыдысты пайдалануға болмайды.
47. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
48. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа бес литрден суды қалай тең бөлуге болады?
49. Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болмайды).
50. Бөшкеде 12 шелектен кем емес жанармай бар. Тоғыз шелектік және бес шелектік бөшкелердің көмегімен 8 шелек жанармай құйып алуға бола ма?
51. Екі құм сағат бар: 3 минуттік және 7 минуттік. Жұмыртқа 11 минут піседі. Берілген сағаттардың көмегімен, осы уақытты қалай өлшеп алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |