II. Математикалық ребустар
13. Жұлдыздарды тиісті цифрлармен алмастыр.
А)+ * * Ә) + * *
* * *
* * 8 * 9 8
14. Ребусты шеш:
А) + ДРАМА Ә) ЧАЙ : АЙ = 5
ДРАМА
ТЕАТ Р
15. Ребусты шеш:
А) × 6 * Ә) А
* * * + Б Б
* * А
+ * * СС С
* *
* * * 6
16. Ребусты шешіңдер:
А) СПОРТ Ә) 2 * Б) АБВ
+СПОРТ × * 2 + ВВ
КРОСС * 8 ААБ
+7 *
7 * 8
17.Ребустарды шешіңдер:
А) * 2 * 3 Ә) 5 9, 2 7 Б) В
× * * + * *, 4 5 А А А А
* * * 8 7 7 8, * 3 + А А А А
+ * * * * * 1 8 2, 1 5 А А А А
2 * 0 0 4 * В А А А А
В) * 0 * 3
x * * *
2 * * * * + * * * 6 6 2 1 * * 1
18. Шаршы 16 торкөзден тұрады. Қию сызығы торкөздің қабырғаларының бойымен өтетіндей етіп, шаршыны екі тең бөлікке бөліңдер. Есептің барлығы неше шешімі бар?
19. 3×4 тіктөртбұрыш 12 тор көзден тұрады. Қию сызығы торкөздің қабырғаларының бойымен өтетіндей етіп, тіктөртбұрышты екі тең бөлікке қиылуының бес тәсілін тап.
20. 3×5 тіктөртбұрыш 15 торкөзден тұрады және ортаңғы торкөзі алып тасталынған. Қалған фигураны екі тең бөлікке бөлінетіндей етіп бес тәсілін тап.
21. 6×6 шаршы 36 торкөзден тұрады. Шаршы екі тең бөлікке бөлінетін бес тәсілін тап.
22. 22-ші есептің 200-ден астам шешімі бар. Тағы да 10 шешімін тап.
23. 5×5 шаршыны екі тең бөлікке қиюға болама? (Қию сызығы торкөз қабы3рғаларының бойымен өтетіндей етіп). Жауабын түсіндір.
24. 4×4 шаршыны төрт тең бөлікке қию керек. Қию сызығы торкөздің қабырғаларының бойымен өтетіндей. Неше тәсілі бар?
25. Қию сызығы торкөз қабырғаларының бойымен өтетіндей етіп, 1 суретте берілген фигураны үш тең бөлікке бөл.
1 сурет
26. 2 суретте берілген фигураларды төрт тең бөлікке бөл.
27. 3 суретте берілген фигураларды, қию сызығы торкөз қабырғаларының бойымен өтетіндей, төрт тең бөлікке бөл, әр бөлікте бір дөңгелектен болу керек.
3 сурет
28. 4 суретте берілген фигураларды екі тең бөлікке бөл.
4 сурет
29. 5 суретте берілген фигураларды төрт тең бөлікке бөл.
5 сурет
IV. Дирихле принципі
30. Сыныпта 15 оқушы бар. Туған күндерін бір айда тойлайтындай, кем дегенде, екі оқушыдан табылатынын дәлелдеңдер.
31. Қабырғасы 1 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың ішінде 5 нүкте орналасқан. Кейбір екі нүктенің арақашықтығы 0,5 см кем болатынын дәлелдеңдер.
32. 12 бүтін сан берілген. Олардың арасынан айырмасы 11-ге тең болатын 2 санды тандап алуға болатынын дәлелдеңдер.
33. Бүтін 9 сан берілген. Олардың арасынан айырмасы 8-ге бөлінетіндей, 2 санды тандап алуға болатынын дәлелдеңдер.
34. Сыныпта 35 оқушы бар. Олардың арасында тегі бір әріптен басталатын кем дегенде екі оқушы табылады, деп айта аламыз ба?
35. 42 бөлмесі бар, студенттік жатақханаға би кешіне 36 қонақ келді. Жатақханада бір де бір қонақ келмеген, бір бөлме табылатынын дәлелдеңдер.
36. Сыныпта 26 оқушы бар. Оқушылардың жартысынан артығы – ұлдар. Сыныпта 13 үстел болса, бір үстелде 2 ұлдан отыратынын дәлелдеңдер.
37. Орманда миллион шырша өсіп тұр. Әрқайсында 600000-нан кем ине бар екені белгілі. Орманда инелер саны бірдей болатындай екі шырша табылатынын дәлелдеңдер.
38. Қабырғасы 1 см дұрыс алтыбұрыштың ішінде 7 нүкте орналасқан. Кейбір екі нүктенің ара қашықтығы 1 см- ден кем болатынын дәлелдеңдер.
39. Кез келген үш бүтін санның арасындағы, екі санның қосындысы жұп болатыны дұрыс па?
40. Сыныпты 40 оқушы. Сол сыныптағы 4 оқүшыдан кем емес оқушылардың туған күндерін тойлайтын, жылдың бір айы табылама?
Достарыңызбен бөлісу: |