5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет30/52
Дата30.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#116377
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Сабақтың тақырыбы: Математикалық, арифметикалық ребустар

Сабақтың мақсаты:

Білімдік мәні: Оқушыларға арифметикалық ребустар және оны шешу жолдары туралы ақпарат беру.

Дамытушылық мәні: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге, жан-жақты азамат болуына тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:арифметикалық ребустар, тапсырмалар, слаидтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: ойын,сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту:

«Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  ойыны

Сұрақтар оқылады, сұрақтар логикалық есептерге байланысты алынады:

1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? Жауабы:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар

2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? Жауабы: 3адам болған, себебі 2-нің жартысы 1 2+1=3

3. Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды?

Жауабы:Бір адам 2 сағат ойнайды, себебі шахматты 2 адам ойнайды,  бір уақытта бастайды.

4. Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Жауабы: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады.

5. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Жауабы: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді.

6. Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.Жауабы: 98,88,78,68,58,48,38,28,18.

7. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?Жауабы: 10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет