Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын.
Жалпы мақсаттар Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Оқыту нәтижесі Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Негізгі идеялар Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Қажетті материалдар Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Тапсырмалар 1. Топқа бөлу. (5 минут)
2. Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)
3. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»(3 минут)
4. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»(15 минут)
5. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)
6. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.(5 минут)
7. Қорытындылау. (5 минут).
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.
Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.
І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Ойшылдар»
Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
«Ойшылдар» тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Ойын ережесімен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау.
Ойын 5 - айналымнан тұрады.
1 – айналым. 1 слайд
«Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
«Ойшылдар» тобы. 2 слайд
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)
7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)
2 – айналым. 3 слайд.
«Ұшқыр ой».
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Ойшылдар» тобы. Атамекен.
«Білімділер» тобы. Болашақ.
Дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.
3 – айналым. 4 слайд
«Ойлы болсаң, озып көр». Әр сұрақтың өз ұпайы бар.
Дүниетану.
- Бұл аңда жаудан қорғанудың 2 тәсілі бар, ол бүркеніш реңі және
- аяғы. Тез жүгіреді және тез секіреді. Ол тек тез қашып қана қоймай, қауіпсіз жерге қысқа, тез жетудің жолын біледі. Кейде оған бұл қасиеттері көмектеспейді. Онда ол шалқасынан жата қалады да артқы аяқтарымен қорғанады. 20 ұпай. 5 слайд
- Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталай береді? 30 ұпай. 6 слайд
- Өсімдіктің тірі организм екендігін дәлелде. 40 ұпай. 7 слайд
Математика.
- Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл) 20 ұпай. 8 слайд
- 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? 30 ұпай. 9 слайд
- Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 40 ұпай. 10слайд
Қазақ тілі.
- Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. 40 ұпай. 11 слайд
- Еңбек туралы мақал - мәтел айт. 30 ұпай. 12 слайд
- Хат сөйлеудің қай түріне жатады. (жазбаша) 20 ұпай. 13 слайд
Ана – тілі.
- Жыртық терезе, қара су, аштық азабы. Әңгіме кім жайлы? Авторын ата. (Б. Майлин. Күлпаш.) 20 ұпай. 14 слайд
- Суретке зер сал. Қай мысал, авторы кім? Мысалды екі оқушы сахналап көрсетеді. (Шегіртке мен құмырсқа. И. Крылов. Аударған Абай.) 30 ұпай. 15 слайд
- Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қай өлең? Авторы кім? Жатқа айт. (Үш бақытым. М. Мақатаев) 40 ұпай. 16 слайд
4 – айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»17 слайд
Шрифтограмма шешу. 10 ұпай.
«Білімділер» тобы.
пан – ба – ла
тап – ха – на – кі
ған – бал – дыр
«Ойшылдар» тобы.
те – ма – ка – ти – ма
ыр – шақ – қу
ле – ди – те – дар.
5 – айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»18 слайд
Жарнама жасау 10 ұпай.
«Білімділер» тобы.
«Менің мектебім» жарнама
«Ойшылдар» тобы.
«Сүйікті оқулығым» жарнамалау.
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті. 19 слайд
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді оқушы анықталады.
Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.
Жыл оқушысы - 2013
Жарияланды 5-09-2013, 17:35 Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жыл оқушысы - 2013»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту
Сайыстың шарттары:
1. Іріктеу
2. Бәйге
3. Дода
4. Жорға
Әділқазылар алқасы сайлау
Сайысқа қатысушы оқушылар:
(сайысқа 7-9 - сынып оқушылары қатысады)
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
І кезең - ІРІКТЕУ
1. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
А) ұзындығы мен енін қосамыз В) ұзындығы мен енін көбейтеміз С) ұзындығы мен енін бөлеміз
2. Елтаңбаның авторлары кімдер?
А) Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков
В) Нәжімеденов, Мәлібеков
С) Ш. Уәлиханов, Нәжімеденов
3. 6. Қазақстанда “Қызыл кітап” қашан шықты?
А) 1975
В) 1978
С) 1977
4. Түйенің пірі?
А) Зеңгі баба
В) Ойсылқара
С) Шопан ата
5.. Шыңғыснаманың авторы?
а) Өтеміс қажы
В) Бұқар жырау
С) Әмір Темір
6. Бокстан олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ кім?
а) Бекзат Саттарханов
В) Жақсылық Үшкемпіров
С) Дәулет Тұрлыханов
7. Шешендік өнер туралы ғылым
А) этимология в) риторика с) геральдика
8. Белгілі бір ғылым саласына ғана қатысты сөздер не деп аталады?
А) кәсіби сөздер В) диалект сөздер с) кірме сөздер
9. Күн жүйесіндегі алып планета Юпитердің қазақша атауы?
А) есекқырған В) темірқазық с) жетіқарақшы
10. ҚР ұлттық валютасы теңге қай күні, қай айда айналымға енгізілді?
А) 14 қараша 1992ж В) 15 қараша 1993ж с) 5 қараша 1995ж
11. Астанамыз 10 жасқа қашан толды?
А) 2008 жыл В) 2006 жылы с) 2009 жылы
12. Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?
А) 8 В) 12 С) 9
13. Қонақ ғайып, несібе ғайып, ______ғайып
А) бақыт В) ажал С) өмір
14. Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанның қай қаласында?
А) Атырау В) Астана С) Алматы
15. «Көзді ашып жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мәні
А) жылдам В) баяу С) кербез
(Ұпай саны аз 5 оқушы ойыннан шығарылады)
ІІ кезең - БӘЙГЕ (пәндер бойынша 5 сұрақтан)
1. Орфография және орфоэпия дегеніміз не?
2. Сөз құрамын зерттейтін сала?
3. Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңыз
4. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
5. Дыбыстың жазба таңбасы?
6. Эпифора дегеніміз не?
7. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы кім?
8. “Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” деген үзінді Абайдың қай қара сөзінде келтірілген?
9. Бөкей хандығы немесе Ішкі Ордада дүниеге келген кім?
10. Поэма дегеніміз не?
11. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды?
12. Үшбұрыштың мүш қабырғасы берілген 10, 15, 7 оның периметрін тап?
13. Үшбұрыштың мүш қабырғасы берілген 10, 15, 7 оның периметрін тап?
14. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?
15. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?
16. Сумен әрекеттесетін металдар
17. Асыл металдарға қандай металдар жатады?
18. Атомның басқа атомдарды өзіне қосып алу қасиеті не деп аталады?
19. Атом ядросының құрамында электр заряды жоқ бөлшек
20. Д. И. Менделеев атақты орыс химигі, химия тарихында қандай еңбегімен орын алады?
21. Ресейдегі Ақпан төңкерісі қай жылы болды?
22. Қазақстанда Ұлт - азаттық көтерілістің 1916 жылғы ірі ошақтары қай аймақта болды?
23. Торғайдағы көтеріліс басшысы, бас сардар кім болды?
24. “Дарабоз” атанған батыр?
25. Боралдай асуында Ресей империясының жазалаушыларының қолымен дарға асылған Жетісу көтеріліс басшысы кім?
26. Атом құрылысын зерттеген ғалым
27. Ток күшінің өлшем бірлігі?
28. Цельсий шкаласы бойынша абсолют нөл температура
29. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?
30. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?
31. Қазақстанның қай қаласында толық циклді комбинат орналасқан?
32. Ірі қаланың маңына елді мекендердің шоғырлануы қалай аталады?
33. Мұхит суы тұздылығының өлшем бірлігі
34. Ең терең көл?
35. “Тұманды альбион елі” бұл атау қай елге қатысты айтылған
36. Дальтонизм дегеніміз не?
37. Денедегі қанды жүрекке апаратын тамыр?
38. Әлемдегі тіршілік иелері қандай жолдармен көбейеді?
39. “Динозаврлар дәуірі” болып есептелетін заман?
40. Жасушаны зерттейтін биология ғылымының бір саласы
(Ұпай саны аз 3 оқушы ойыннан шығарылады)
ІІІ кезең – ДОДА
Ғылым 20 30 40
Қоғам 20 30 40
Спорт 20 30 40
20. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?
30. Оптика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика бұл аталған ғылым салалары мектепте қай пәнге қатысты?
40. Тірі организмнің айнала қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология ғылымының бір саласы
20. Халықтың саяси өмірге немқұрайлы қарауы, азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе сайлауға қатыспаушылық не деп аталады?
30. Басқа елдердің жерін тартып алу, күшпен бағындыру, қарулы шабуыл жасау не деп аталады?
40. Тиым салу, заң шығарушы органдардың қаулы - қарарын тоқтатып тастау немесе заңның күшін тоқтату
20. Қазақша күресте екі палуанның бірін - бірі жеңе алмай қатар жығылуы не деп аталады?
30. Футбол ойынына қанша адам қатысады?
40. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?
(Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығарылады)
IV кезең – ЖОРҒА Шешендік – сөз өнерінің шыңы
1. Компьютердің адамға әсері
2. Табиғат адамға өкпелі ме?
3. Тілім – ғасырлардан аманат
Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |