5 Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары



бет1/4
Дата05.03.2023
өлшемі31,17 Kb.
#171112
  1   2   3   4
Байланысты:
5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.



5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
Сәулеленулерден зақымданулардың көрінісі алуан түрлі және ауырлығы бойынша құбылмалы болады, бұл сәулелену әсеріне ұшырайтын жеке адамның, әсер ететін агенттің (ИС) ерекшеліктері және қоршаған ортаның жағдайы сияқты факторлардың күрделі өзара байланысымен түсіндіріледі.
Сәуленің әсеріне сезімталдықтың елеулі маңызы бар екендігі анықталған. Мысалы, адамды өлімге душар ететін сәулеленуге ұшырау дозасының диапазоны 2500 мЗв -тен 6000 мЗв дейінгі аралықта болады, алайда, бұл биологиялық эффекті едәуір мөлшерде адам ағзасының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезде жүйке-эндокриндік реттеу мен жалпы денсаулық жағдайының, созылмалы аурулардың болуы немесе болмауының, ағзаның физиологиялық жағдайының (лактация, жүктілік, созылмалы қажу, жеткіліксіз тамақтану және т.б.), адамның жасы мен жынысының (балалар мен қарт адамдардың сәулелердің әсеріне сезімталдығы жоғары) үлкен маңызы бар.
Сәулеленудің әсеріне ең сезімтал - жүкті әйелдер. Бұл тұрғыдан, ең қауіпті кезеңі - эмбрион мүшелерінің қалыптасу кезеңі (жүктіліктің 4 – 12 аптасы). Эмбрион өлуі мүмкін және жүктілік одан әрі дамымауы мүмкін немесе эмбрион дамиды, бірақ іштегі нәресте кейін өмір сүруге қабілетті болмауы мүмкін. Егер, іштегі нәресте өмір сүруге қабілетті болса, әдетте әр түрлі кемтарлықтары болады. Мысалы, Хиросимада, атом бомбасымен бомбалау кезінде, жүктілік кезеңінде болған 98 жүкті әйел адам зерттелді, олардың ішіндегі 30 әйелде сәуле ауруы пайда болды, ал қалғандарында бұл аурудың көрінетін белгілері болған жоқ. Сәуле аурумен ауырған аналардан туылған нәрестелердің өлім-жетімі 33% құрады, сәуле ауруының айқын белгілері жоқ аналардан – 9%, бақылау тобындағы нәрестелердің өлім –жітімі 4 – 6% аспады.
Сондай-ақ. сәулеленудің әсеріне адам мүшелерінің, әр түрлі тіндері мен дене бөліктерінің сезімталдығы да, бірдей емес. Мысалы, қан түзуші мүшелер мен жыныс бездерінің жасушалары- ең радиосезімтал және зақымданғыш келеді, ал тері мен сүйек жасушалары сәулелену әсеріне төзімдірек болады.
Осыған байланысты, «сындарлы мүшелер мен тіндер» деп аталатын топтары бойынша арнайы градация бар (12.5- кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет