5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
5.3. Интернетте жұмыс істеу қаншалық қауіпті?
|
Мектеп:
|
Күні:
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
5.4.2.1 біреудің жұмысын көшіру заңсыздығы туралы айту;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
интернетте ақпараттың қорғалуы мен плагиат ұғымын анықтайды.
|
Көптеген оқушылар:
интернетте ақпаратты пайдалану кезіндегі заң бұзушылықтарды салыстырады.
|
Кейбір оқушылар:
интернеттегі ақпараттардың авторлық құқықтарының қорғалуының маңыздылығын тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер.
Қазақ тілі
|
Орыс тілі
|
Ағылшын тілі
|
авторлық құқық
|
авторское право
|
copyright
|
дереккөз
|
источник
|
source
|
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?
Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасың?
Авторлық құқық деген не?
Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?
|
Жазу.
«Плагиат» ұғымын жазыңдар.
Интернетте авторлық құқықты бұзбай ақпарат алу ережелерін жазыңдар.
|
Алдыңғы алған білімі
|
Компьютерлік желілер. 3-сынып.
|
Пәнаралық байланыс
|
Орыс тілі, Ағылшын тілі, Жаратылыстану.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.
|
Сабақ кезеңі
|
Педагог әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
7 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау: «Автор орындығы» әдісі.
Оқушылар үй тапсырмасына берілген «Цифрлық технологиялар адамға және адамның өмір сүру салтына қаншалықты әсер етті?» тақырыбында жазған эссені орындықта отырып оқып береді.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
|
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою
Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?
Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасыңдар?
Авторлық құқық деген не?
Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|
Сабақтың ортасы
3 мин
|
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Практикалық жұмыс орындау
Тапсырма
Отан, туған жер туралы өлең және отанымыздың кең байтақ жерін, табиғатын суреттейтін сурет кірістірілген мәтіндік құжат дайындаңдар.
Практикалық тапсырманы орындау алгоритмдері:
1. Мәтіндік редакторды іске қосыңдар. Браузерді іске қосыңдар.
2. Браузер көмегімен интернетке кіріп, іздеу серверінің мекенжайын жазыңдар. Мысалы, www.yandex.kz .
3. Іздеу жолағына «Отан, туған жер» туралы өлеңдер деп жазып, Найти (Іздеу) батырмасын басыңдар. Браузер терезесінде пайда болған сайттар арасынан өздеріңе ұнаған өлең шумақтарын тінтуір көмегімен көшіріп алып, тікелей мәтіндік редакторға сақтаңдар.
4. Дәл осы әдіспен суреттерді іздеу алаңына «Отан, туған жер» туралы суреттер деп жазып, 3-пункттегі тапсырманы қайталаңдар. 110 111
5. Дайындалған мәтіндік құжаттың төменгі жағына ақпаратты көшіріп алған сайт мекенжайына сілтеме жасаңдар (2-сурет). Сілтеме жасамай пайдаланған ақпараттың плагиат екенін естен шығармаңдар.
Дескриптор:
интернеттен мәтін жүктей алады;
жүктеп алған мәтінді өз құжатына орналастырады;
құжатқа сілтеме жасайды;
плагиат ұғымын анықтайды.
|
Топтық жұмыс
Ақпаратты заңсыз көшіру (плагиат) мен авторлық құқық жайлы талдай отырып, құрдастарыңның плагиат жасамауы үшін бірнеше қадамдардан тұратын ереже жобасын дайындап, оны ұсыныңдар.
Дескриптор:
плагиат ұғымын анықтайды;
авторлық құқық ұғымын анықтайды;
плагиат пен авторлық құқықты бұзбау ережесін ұсынады.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
1. Плагиат жайлы не білесіңдер?
2. Егер досың фотосуретіңді сенің рұқсатыңсыз әлеуметтік желідегі парақшасына орналастырса, онда не істер едіңдер?
3. Не үшін интернеттен біреудің еңбегін рұқсатсыз көшіруге болмайды деп ойлайсыңдар?
4. Егер интернеттен алынған деректерді өз сайтыңа жариялағаннан кейін ғана барып плагиат екенін білсең, ары қарайғы іс-әрекеттерің қалай болады?
|
Рефлексия:
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақта жақсы түсінген екі ақпарат және түсінбеген бір сұрақпен бөліседі.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.
|