5-дәріс : Абай мұрасын жүйелеу Дәрістің жоспары



Дата06.02.2022
өлшемі19,75 Kb.
#79967
Байланысты:
Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы, Әдебиет теориясы

5-дәріс : Абай мұрасын жүйелеу


Дәрістің жоспары:
1.Абайтану тарихы.
2.Абайтану тарихы – халық тағдырының айнасы.
3.Абай мұрасына жаңаша көзқарас.
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы Қазақстан-Ресей университетінің жанынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылды. Абайдың ақындық айналасы, шығармашылығы, Абай жинаған мұралар негізінде қазақ этнографиясымен тығыз байланыса қалыптасқан бұл орталық кеңейіп, екі залға ұлғайды.
Тәуелсіз еліміз үшін руханиятқа аса қажет болып отырған «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының бастамасымен «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі - ұлт биігі», «Әнді сүйсең менше сүй» бағдарламалары Астана үшін де ел руханияты үшін де аса қажет бастамаға айналды. Аталған университетте екі бөлмелі экспозицилық зал, 3 мыңға жуық тарихи жәдігерлер мен деректі фильмдер жиналып, жеті мыңның үстінде қала жұртшылығы мен студенттер қатысқаны да тарих қойнауына енгізілді десе де болады. Төрт жыл ішінде тұрақты дәстүрге айналған «Ұлылар мекеніне саяхат» бастамасы бойынша 147 адамды Семей жеріне апарып, Ұлылар мекеніне экскурсиялық-танымдық саяхат ұйымдастырған осы орталық екені аян. Семей мемлекеттік телерадио кешені қорынан Абайға байланысты 14 деректі фильм көшіріліп әкелінді. Оның ішінде Шәкәрім, Мұхтар, Қайым Мұхамедханов шығармашылығы да бар. Яғни, ешқандай тапсырмасыз-ақ, үкіметтің қолдауын күтіп, қол қусырып отырмай-ақ, қарапайым халықтың қолдауы мен Абайтануға қажет өтініштерін орындау нәтижесінде осындай нәтижеге қол жеткізді. 2010 жылдан бастап бірнеше бағытта алыс-жақын шет елдермен, әрі еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыста Абайды насихаттау, дәріптеу мәселесімен үздіксіз айналысып отырған жалғыз орталық.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша Абайтану 2012 жылдан бастап жеке пән ретінде мектеп бағдарламаларына енгізілді, бірақ, оқулығы не әдістемелік құралы қалыптасқан жоқ. Ең өкініштісі, М.Әуезов қалыптастырып кеткен Абайтану ғылымын тек зиялы қауым мен ғалымдар аясында зерттеп келеміз. Ал, жастардың Абайын, мектеп оқушыларының Абайын, баланың тілінде жеткізе алмай келеміз. Сондықтан да күні бүгінге дейін Абайтану оқулығы мен бағдарламасын, әдістемелік құралын жүйелі түрде қалыптастыра алмай келеміз. Осындай олқылықты толтырған «Абайтану» орталығы қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары мен мектеп оқушыларына әдістемелік құрал ретінде де, Абайтану пәні ретінде де үздіксіз қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Соның нәтижесінде Астана қаласындағы оқу орындарының басшыларының сұранысы бойынша 36 сағатқа негізделген «Абайтану» курсы жүргізіле бастады. Арнайы курсқа Астана қаласындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары мен колледждердің ұстаздары қосымша білім алды. Аптасына үш рет өткізілген сабақ барысында М.Әуезовтың 70 жыл бұрынғы курстық бағдарламасын қайта жандандырып, Абайдың өмірі, шығармашылығы, зерттелуіне байланысты тақырыптар қамтылған болатын.
Аз уақыттың ішінде танымал болған бұл орталық өткен жылдың маусым айынан бастап Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты өз жұмысын тоқтатты.
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы орналасқан Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты кәзіргі уақытта Астана қаласындағы «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» компаниясының құрамында жұмысын жалғастырмақ ниетте. «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» бұған дейін де Абайтану жинақтары мен әліппесін шығарған белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовпен бірге, Абайтанумен айналысып келе жатқан ұжым.
Абайдың тұлғасын анық танып, өз деңгейінде дұрыс бағалау үшін кемеңгердің мұраларын бір-бірінен бөлмей, бір жүйемен өзара байланыстырып, біртұтас дүние ретінде қарастырған жөн. Абайдың мұраларының зерттелу тарихына тоқталып, олардың қазіргі кездегі рөлін түсіндіру.
Абай ілімі адам баласын ұлтына, дініне, нәсіліне қарап айырмайтын, бүкіл адамзатқа ортақ рухани ілім. Сондықтан Абайдың жетілу арналары, оның қалдырған мұрасы һәм оны салауатты өмір жолында қолдану жолдары барлық адамзатқа қажетті асыл қазына болып табылады.
Абай мұрасын зерттеу жүйесі:
-абайтану тарихы;
-Абайдың жетілу арналары;
Абайдың рухани мұрасы;
Абай мұрасын қолдану.
Абайтану тарихы ойшыл мұрасының еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты зерттелу, танылу, насихатталу, бағалану жағдайларын анықтайды. 
Абайтану тарихы түрлі кезеңдерден өтті. Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметов Абайтану тарихының даму жолдарын 3 кезеңге бөліп қарастырады:
1.1889-1934 жылдар арасы, яғни абайтанудағы М.Әуезов дәуіріне деәінгі кезеңді қамтиды.
2.1934-1961 жылдар арасы, яғни абайтанудағы М.Әуезов дәуірі.
3.1962-2005 жылдар арасы, М.Әуезовтен кейінгі дуәір.
Абайтану тарихы халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан абайтану тарихы халық тағдырының саяси ахуалының құбылуына байланысты 4 кезеңнен өтті:
1.Қарқынды зерттеу кезеңі. 20 жылға созылған бұл кезең - данышпанның қалдырған даналығын халық зор ынта-жігермен танып-білуге, насихаттауға ұмтылған ең айшықты кезең (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев). 
2.Құлдырау кезеңі. 1920-1930 жылдар арасы.
3.Тоқырау кезеңі. 1930-1991 жылдар арасы.
4.Жаңа кезең. Еліміздің егемендік алған уақытынан бүгінгі күнег дейінгі кезең.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет