5 Дәріс Нүкте. Сызба салудың теориялық негіздері



бет3/5
Дата13.04.2024
өлшемі0,8 Mb.
#200788
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 дәріс Нүкте

    Бұл бет үшін навигация:
  • Нүкте
Проекциялау қасиеттері



  • Нүктенің жазықтыққа проекциясы нүкте;

  • Жалпы жағдайда түзу проекциясы түзу (жеке жағдайда нүкте);

  • Жазық пішіннің проекциясы жалпы жағдайда оның барлық нүктелерінің проекциясы; жалпы жағдайда жазық пішін түзу болып проекцияланады;

  • Егер түзу сызық проекция жазықтығына параллель болса, онда оның проекциясы берілген түзуге параллель;

  • Параллель проекциялауда түзудегі кесінділер ұзындықтарының қатынасы олардың проекцияларында да сақталады.




A

C

B

A/

B/

C/

П

3 сурет - Проекциялар




Нүктені екі және үш проекция жазықтықтарына проекциялау
Нүкте π1π2 екі проекция жазықтықтары жүйесінде

4 суретте екі өзара перпендикуляр жазықтықтар кескінделген. Оларды проекция жазықтықтары ретінде қабылдаймыз. Олардың біреуі, π1 деп белгіленгені, горизонталь орналасқан, горизонталь проекция жазықтығы деп аталады. Ал π2 деп белгіленгені, вертикаль орналасқан, фронталь проекция жазықтығы деп аталады. π1 және π2 проекция жазықтықтары π1π2 жүйесін құрайды.


Проекция жазықтықтарының қиылысу сызығы проекция осі деп аталады. Проекция осі жазықтықтарды жарты жазықтыққа бөледі.
4,а - суретте қандай да бір А нүктесінің π1π2 жүйесіндегі проекцияларын салу қарастырылған . А нүктесінен π1 - ге және π2ге перпендикуляр түсіру арқылы оның проекцияларын аламыз: А' деп белгіленген – горизонталь проекциясы, А'' деп белгіленген – фронталь проекциясы. Нүктенің осы екі проекциясы оның осы проекция жазықтықтары жүйесіне қатысты кеңістіктегі орнын толығымен анықтай алады.

а ә б
4 сурет - Екі өзара перпендикуляр жазықтықтар


π1 жазықтығын осьті айналдыра 90° - қа бұрсақ, (4,ә - суретте көрсетілгендей), бір жазықтық пайда болады, ол сызба жазықтығы. А' және А'' проекциялары проекция осіне орнатылған бір перпендикуляр бойында – байланыс сызығында жатады (4,б - сурет).
Эпюрге көшу барысында біз проекция жазықтықтары мен нүктелердің орналасуының кеңістіктік бейнесін жоғалтып алдық. Бірақ, эпюр салулардың өте қарапайым түрінде кескіндердің дәлдігі мен өлшеу қолайлылығын қамтамасыз етеді.

5 сурет – А нүктесінің проекциялары

Проекция өсі болған жағдайда А нүктесінің π1π2 проекция жазықтықтарына байланысты орналасуы белгілі болса, онда А Ах кесіндісі А нүктесінің π2 проекция жазықтығына дейінгі арақашықтығын, ал ААх кесіндісі А нүктесінің π1 проекция жазықтығына дейінгі арақашықтығын көрсетеді (5 сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет