«5 әдістен» «50 әдіске»!!!



бет40/152
Дата01.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#107649
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152
Байланысты:
колледж әдіскері

Жеңіл.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.

Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.



Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.

Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;

Абай – атау тұлғалы зат есім;

Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;

Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.

Теориясы:

«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

  1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?

Себебі:

а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.

ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.


  1. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?

Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет