5. химиялық байланыс дәріс жоспары


Байланыстардың реті мен энергиясы



бет7/11
Дата23.09.2022
өлшемі44,09 Kb.
#150544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Химиялық байланыс түрлері 10 дәріс

Байланыстардың реті мен энергиясы: МО әдісінде байланыс еселігінің орнына байланыстың реттілігі n түсінігін енгізеді, ол байланыстырушы Nб және қопсытушы Nк молекулалық орбитальдардағы электрондар айырымының жартысына тең:

Егер Nб = Nк болса, онда n = 0 және молекула түзілмейді.
МО әдісінің ВБ әдісінен айырмашылығы сол, онда химиялық байланыс бір электронмен де түзіле беріледі; тиісінше байланыс реті бүтін сан болуымен қатар бөлшекті сан да бола береді: n = ½, 1, 3/2, 2, 5/2, 3 ...
Бірінші период элементтерінің екі атомды молекулалары мен молекулярлық иондары. Сутек молекуласындағы химиялық байланыстың түзілуін электрондық конфигурациямен беруге болады:
2Н [1s1] → Н2[ (σ1s)2].
Байланыстың түзілуі кезінде энергетикалық диаграммамен сәйкестікте 1s – электрон σ1s-молекулярлық орбитальда табылады, ал σּ1s-орбиталі толтырылмай қалады.
Байланыстың реті тең.
Сутек молекуласындағы электрондардың спиндері жұптасқан, және ол диамагнитті.
Сутектің атомы мен оң зарядталған сутек ионы әрекеттескенде молекулярлық Н2+ түзіледі:
Н [1s1] + Н+ [1s0] → Н2+ [ (σ1s)1].

МО байланысының реті молекулярлық Н2+ ионына қарағанда Н2 молекуласының байланыс ұзындығы аз, ал байланыс энергиясы үлкен. МО әдісі теріс зарядталған Н2 ионының түзілу мүмкіндігін нұсқайды:


Н [1s1] + Н[1s2] → Н2 [ (σ1s)2ּ1s)1 ]
Байланысының реті тең. Оның байланыс энергиясы мен ұзындығы Н2+ ионының байланыс энергиясына және ұзындығына жақын болуы керек. Н2+ және Н2 иондарында жұптаспаған электрондар бар және олар парамагнитті.
Оттек молекуласының МО электрондармен толуын қарастырайық:

2О [K2s22p4] →


→ О2 [ KK (σ2s)2ּ2s)2 (π2py)2 (π2pz)2 (σ2pх)2ּ2py)1ּ2pz)1 ]

Қопсытушы πּ2py және πּ2pz-орбитальдарында спиндері бірдей екі жұптаспаған электрон болады. Байланыс реті екіге тең. Сондықтан оттек парамагнитті. Оттектің парамагниттік қасиетін алдын ала болжамдау МО теориясында маңызды жетістік болып табылады.


МО әдісі әмбебаптау және көптеген қосылыстардағы байланыстардың пайда болуы мен сипатын түсіндіре алады. Бірақ та бұл әдіс молекуладағы жекеленген атомдардың және молекула бөліктерінің сипаттамасын ашпайды. ВБ әдісі көрнекілеу және химиялық байланыстар мен көптеген қосылыстардың қасиеттерін түсіндіреді. Сондықтан ВБ және МО әдістері бірін бірі толықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет