5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет35/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

2.Педагогикалық кеңестің құрамы

4.Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы(төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді.

5.Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитетінің мүшелері шақырылады.

6.Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

7.Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.

3.Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі.

8.Педагогикалық кеңес:

1)білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

2)оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіру;

3)оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;

4)қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан босату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргендігі туралы куәліктер, негізгіорта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін;

5)педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, матапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.

9.Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

10.Педагогикалық кеңес жылына 5реттен кем емес жиналады.

11.Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.

12.Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

13.Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен рәсімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

14.Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.

15.Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымының істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша мұрағатқа өткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет