5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет1/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап


Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................5


І тарау. Менеджмент:теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі

1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім жүйесінің заманауи жағдайы және даму келешегі.................................................................7

1.2. Менеджмент және педагогикалық менеджмент, негізгі түсініктер .........19

1.3. Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуы.................................26

1.4. Менеджменттің негізгі функциялары...........................................................44

1.4.1. Жоспарлау............................................................................................51

1.4.2. Ұйымдастыру.......................................................................................60

1.4.3. Уәж және ынталандыру........................................................................72

1.4.4. Бақылау.................................................................................................83

1.4.5. Шешімдерді қабылдау..........................................................................95

1.4.6. Ақпарат және коммуникация.............................................................102

1.5, Білім сапасы: мәні мен құрылымы..............................................................111

1.6. Білім берудің мемлекеттік стандартты-білім саласындағы басқарудың нормативтік базасы.............................................................................................119

1.7. Педагогикалық менеджментте білім сапасының мониторингісі.............127



КІРІСПЕ

Уақыт талаптарына сәйкес білімді үнемі дамыту қажеттілігі осы әлеуметтік салада басқаруды жетілдіру бойынша жаңа міндеттерді алға қояды. Заманауи менеджменттің маңыздылығы мемлекетіміздің көптеген нормативтік құжаттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жүйелі көрсетілген. Осы Бағдарламаның басты мақсаты – білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты бамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен адам капиталын дамыту – білім саласын басқаруға жаңа көзқарастарды, педагогикалық қызметкерлердің әртүрлі санаттарының және білім беру қызметтерінің тұтынушыларын басқарушы қызметке енгізілуін талап ету. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарының ішінде келесілері аталған:



  • білім қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бейімделген қаржыландыру жүйелерін жетілдіру:

  • педагог кәсібінің беделін арттыру:

  • білім беру мен басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру:

Сондықтан, бүгінгі таңда тиімді басқару құзыреттіліктерін игеру, білім мекемелерінің басшыларына да, педагогтарына да өте қажет

Білім саласындағы басқарушы қызметті жетілдірудің негізгі беталыстары оның мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға көшумен байланысты. Сонда басқарушы қызметтердің бірқатары мемлекеттік биліктен педагогтарға, оқушылар мен олардың ата-аналарының, қоғамдық өкілдерден және басқалардан тұратын қоғамдық ұйымдарға тапсырылады. Сонымен, педагогикалық менеджмент, оның ерекшелігі туралы негізгі ұсыныстар білім беру проблемаларын шешуге қосылған қоғамдық өкілдерде де қалыптастырылуы керек.

Осының бәрі бакалавриат пен магистратураның оқу жоспарларына болашақ педагогтарда басқарушы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған курстарды, оның ішінде «Педагогикалық менеджмент», «Педагогикалық менеджмент және заманауи мектептегі басқару» және басқа оқу пәндерін енгізуді негіздеді.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ тақырыбымен студенттерге білімдерін кеңейтуге бағыттлған, зерделенетін проблемаға әртүрлі көзқарастарды ұсынатын, сыни талдау мен түсінуді талап ететін ақпарат ұсынылады.

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР блогы студенттердің білімді репродуктивтік игеруімен қатар, алған білімдеріне шығармашылық қайта құру бойынша ықпал етеді.

Білім алушылардың басты жалпы пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін бұл оқу құралында теориялық сұрақтарды практикалық жолмен шешуге бейімдеулерін қалыптастыру мақсатында әртүрлі типті және деңгейлі білім мекемелерінің басқару тәжірибесі ұсынылған. Осы тәжірибенің белгілі бөлігі Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептеріндегі тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс пен ғылыми жетекшіліктің қызметін атқаратын автордың тікелей қатысуымен құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет