1. Білім берудегі басқару түсінігі Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері



Дата02.11.2022
өлшемі16,73 Kb.
#156106
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 2


Лекция 2. Тақырыбы: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
1.Білім берудегі басқару түсінігі
2.Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері
3.Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде.
Менеджмент (ағылш. Мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі.
Басқару – реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі.
Басқару теорясы екіге бөлінеді:
Біріншісі, әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қызмет ету тетіктерін түсіндіретін жалпы саяси-экономикалық және әлеуметтік-философиялық тұжырымдамалардың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік басқару теорияларымен ұсынылған.
Екіншісі, қолданбалы пән ретінде, бір жағынан фундаменталды ғылыми теориялар бөліктері, екінші жағынан, әркелкі нысандарды басқару мақсатымен бірлескен тәжірибелік білімнің және дағдылардың жиынтығы.
2.Биліктің ең негізгі 4 түрі бар олар.
Саяси билік
Мемлекеттік билік
Атқарушы билік
Заң шығарушы билік.
3.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет