5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет14/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

Топ-менеджер (директор)


Жоспарлау

Қаржы

Өндіріс

Бақылау

1 ЖОБА

2 ЖОБА

Мамандар

Мамандар

Мамандар


Мамандар


5-сурет. Жобалық-ұйымдастырушылық құрылым

Басқарудың матрицалық құрылымы жобалаудың бір түрі болғанда осылай 5-суреттегі сызбаның негізінде қарастырылу мүмкін.

Жобалау құрылымында әр бөлімдерден мамандар жобаны сапалы аяқтау үшін қажетті уақыттың белгілі кезеңіне жобалау командасына жиналады. Командада мамандар бағынатын жоба жетекшісі тағайындалады. Жобалау жұмысы аяқталған соң команда тарқатылады және мамандар өз бөлімшелеріне қайтады.

Матрицалық құрылымның жобалау құрылымынан ерекшелігі – жобалау командасында жұмыс істейтін мамандар функционалдық бөлімшеде өз жұмыс орнын сақтауында және желілік жетекшесімен қатар, жоба жетекшісіне бағынуында. Екі жетекшінің міндеті сондай-ақ, маманға онымен атқарылатын міндеттерге деген талаптарына келісуден тұрады.

Мектептің құрылымдық ерекшеліктері туралы айтқанда, ең бастысы білім беру мекемесіндегі басқарудың негізгі органдарын көрсету қажет: мектептің педагогикалық кеңесі, жұмысында білім берудің мемлекеттік-қоғамдық басқару идеялары жүзеге асырылатын қорғаншылық кеңесі, әдістемелік кеңесі.

Әдістемелік кеңес мектептегі әдістемелік жұмысты үйлестіретін ұйымдастырушылық құрылым болады. Директордың орынбасарлары,әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, үздік педагогтар әдістемелік кеңес құрамына кіреді. Кеңеске директор орынбасарларының бірі жетекшілік жасайды, көп жағдайда директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары жетекші болады. Әдістемелік кеңес әдістемелік жұмысты жетілдірудің стратегиялық бағыттарын анықтайды, бірыңғай әдістемелік тақырып бойынша педагогтардың іздестіру қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің және мұғалімдердің проблемалық топтарының жұмысына жетекшілік жүргізеді, педагогтардың біліктілігін арттыруын ұйымдастырады.

Директор маңындағы кеңестер, мектеп директоры орынбасарларының маңындағы кеңестер, жедел кеңестер, әдістемелік семинарлар, комиссия отырыстары сияқты нысаналар да мектепті басқаруда үлкен рөл атқарады. Оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру функциялары мектептегі мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерімен, орта кәсіптілік білім беру мекемелеріндегі пәндік-циклдік комиссияларымен жүргізіледі.

Барлық педагогтар әдістемелік бірлестік (ӘБ) қызметіне қатысуға міндетті. Әдістемелік бірлестіктер мектепте бір профильден үш және одан көп педагог жұмыс істесе құрылады. ӘБ – бір оқу пәнін оқытатын немесе мазмұны бойынша жақын оқу пәндерін оқытатын мұғалімдерді біріктіретін пәндік болады немесе бастауыш сыныптарының мұғалімдері үшін және сынып жетекшілері үшін құрылады.

ӘБ отырыстарында оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік деңгейлерін арттыру мәселелері қарастырылады, заманауи тұжырымдамалар, озық педагогикалық тәжірибе, нормативтік құжаттар зерделенеді, оқушылардың оқу мен тәрбиесінің нәтижелері талқыланады, жұмыс тәжірибесімен алмастыру жүргізіледі.

Нақты проблеманы шешу үшін құрылған өзекті – көбінесе аз зерделенген мәселемен шұғылданатын, зерделеу нәтижелерін зерттейтін және жұмысының тәжірибесіне енгізетін, педагогтарды біріктіретін уақытша және тұрақты шығармашылық (проблемалық) топтар мектепте кеңінен таралған. Осы топтар іздестіру проблемаларын шешумен қатар, ұйымдастырушылық проблемаларды да шешу үшін құрылу мүмкін. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы заманауи көзқарастар Т.М. Баймолдаевтың, А.А. Жайтапованың, С.И. Исламғұлованың және басқаларының еңбектерінде қарастырылған [14, 35, 36, 42].

Әкімшілік ұйымдастырушылық құрылым осы ұжымдарға кіретін адамдардың еңбегін, құқықтары мен міндеттерін ресми бөлуге негізделген педагогтар немесе мектеп сыныбы (студенттер тобы) ұжымының формалды құрылымымен тығыз байланысты. Бірақ барлық әлеуметтік топтар формалды емес ұйымдастырушылық құрылымда болады. Ондай құрылымдарға бірін-бірі құрметтейтін, ұнататын адамдар топтасады. Егер формалдық топтардың қызметі тиісті құжаттармен (бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, штаттық кестесімен және т.б.) реттелсе, ұжымдағы формалды емес топтардың қарым-қатынастары барлық уақытта реттелмейді, ал реттеле бастаса, онда ол осы қатынастарға кері әсерін тигізеді. Басқару тәжірибесі жеке адамдардың ынталылығы мен талпыныстары негізінде пайда болған «төменнен» ұсынылған бастама көп жағдайда үлкен әлеуметтік әсер беретінін көрсетті. Сонымен қатар, осындай бастамаларды ресми деңгейге ауыстыру оның бәсеңдеуіне, оны осы адамдардың қандай да бір «міндеттеме» ретінде кері қабылдауына әкеп соқтырады. Кеңес мектебінің жұмыс тәжірибесінен тимур қозғалысын айтуға болады. Балалардың оң әлеуметтік әрекеттердегі ішкі құштарлығы мен қажеттіліктерінен туындаған және олардың өзімен ұйымдастырылған ол үлкен тәрбие резонансына ие болады. Осы қозғалыс мектептерде тәрбие жұмысының міндетті құраушысы ретінде енгізілген соң, балаларда зерігу мен түсінбеушілікті тудырып көбінесе, кері нәтиже берді.

Формалды емес, көбінесе, байқалмайтын және талдауға қиын қатынастарды ескермеу бүкіл ұжымның, жалпы компания жұмысының тиімділігіне кері әсер ету мүмкін. Және, керісінше, тұлғааралық өзара қатынастарды, ұжымның формалды емес құрылымын есепке алу, онымен санасу оң еңбек уәждеуіне ықпал етеді, бүкіл ұжымның және оның кеәбір мүшелерінің еңбек өнімділігі артады. Осындай әлеуметтік әсер осы топтардағы адамдардың қорғаныстағы, қарым-қатынастағы, қатыстылық сезіміндегі, танылуындағы және басқа негізгі әлеуметтік қажеттіліктердің жүзеге асырылуымен түсіндіріледі. Қызметкерлердің осы қажеттіліктері формалды емес топтарда жүзеге асырылуына жағдайлар жасау, ұйымдағы психологиялық атмосфераны жақсартуға, демек еңбек өнімділігін арттыруға, күштердің өнімсіз шығындарын төмендетуге, қызметкерлердің жеке және рухани денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ, формалды емес құрылымдар ұжымның өзіне, оның қызметін ұйымдастыруға кері әсер етуі мүмкін екенін ескеру керек. Сыныптың формалды емес топтары және олардың көшбасшылары сыныптағы билік үшін күресетінін, олардың қарсылық көрсетудің кез келегн талпыныстарды басып, қалған оқушыларға өз еріктерін жүргізгендігін көруге мүмкіндіктері бар мектеп мұғалімдері, осы феноменмен жақсы таныс болуда. Ұқсас жағдайлар оқушылардың тәрбие барысымен қатар, оқу сапасына да кері әсер етеді.

Менеджмент бойынша әдебиетте осындай қауіптілік еңбек ұжымдарында да байқалады: формалды емес топтардың қызметкерлерге және ұйымның өзіне осы әсер етуі санкцияланбаған басқару деп аталады. Осы әсер етуді бейтараптандыру үшін менеджер ұйымда қандай формалды емес топтар бар екендігін, олар қандай сипатта екендігін, басқа қызметкерлерге қандай және қалай әсер ететіндігін жақсы білуге тиіс. Атап айтқанда, менеджер [50]:


  • формалды емес топ бар екендігімен келісуге және осы деректі қабылдауға;

  • оған өзінің мақсаттарына жету үшін формалды емес топ қаншалықты құнды екендігін түсінуге;

  • формалды емес көшбасшыларын анықтауға және оларды басқаруға;

  • формалды емес және формалды топтарының мақсаттарын біріктіруге әрекет етуге;

  • формалды емес топтар, оның әрекетіне қарамастан, өздерінің болуын жалғастыра беретінін түсінуге тиісті.

Білім беру мекемесінің педагогикалық менеджментінде ұйымдастыру функциясын қарастырғанда, ББМ әкімшілігінің ББМ қызметкерлері (оның ішінде педагогтар) деңгейінде, сол сияқты педагогтар білім алушылар деңгейінде, сондай-ақ білім алушылар және педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру, өз менеджментіне қатысты деңгейінде де жүзеге асырылатынын ескеру керек. Педагог және оқушы/студенттің бірлескен қызметі, оның сипаты мен нәтижелері педагогикалық және оқу қызметінде жүзеге асырылатын білім беру технологиясымен тығыз өзара байланысты. Әр білім беру технологиясы, өз кезегінде, оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы (иннұсқалық) түрлеріне, оқытудың қолданылатын әдістері мен тәсілдеріне, араласу тәсілдеріне, білім мазмұнына және оны беру мен өңдеу ерекшеліктеріне, үдерістің нәтижелелігін бақылау тәсілдеріне ие болмай, сонымен қатар, нұсқалық, тек оған тән құрауыштарға да ие болуда. Барлық осы құрауыштар заманауи орта білім беретін, орта кәсіби және жоғары мектептерде жүзеге асырылатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың көптеген үлгілерін құрайды.

Педагогикалық ұйымдастырылған түрлері мен білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесу әдістеріне, әзірлеу технологиясына және т.б. қатысты осы үлгілердің ерекшеліктері жан-жақты әрі әртүрлі болып келеді, сондықтан да оларды жіктеу кезінде едәуір проблемалар туындайды. 3-кестеде ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерінің жіктеу сызбасы ұсынылған (дереккөзі – http:imp.rudn.ru/Open/ikt/6.htm).


3-кесте. Оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерін жіктеудің феноменологиялық жүйесі

Білім беру бағдарламаларының

Жүйенің оқыту түрлері (әдістері)

Оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері

Білім беру технологиялары

Орта кәсіптік білім
Жоғары кәсіптік білім

Қосымша кәсіптік білім



Күндізгі – (жұмыстан толық босатумен)

Күндізгі – сырттай (кешкі) - жұмыстан жартылай босатумен


Сырттай –

(жұмыстан босатылмай)


Экстернат – (жұмыстан босатылмай)

Қашықтықтан білім беру
Үздіксіз білім беру

Интегрирленген білім беру


Ашық білім беру

Кейс – технологиясы

Телекоммуникациялық технологиялары:

Интернет технология
Ақпараттық-спутниктік

технология


1.4.2-бөлімге ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ


Отрядтар жүйесі көктемге қарай әбден шешіліп болды. Отрядтарды кішкене топтарға бөлінгенде, ондағы колонистерді шеберханаларға бекіту идеясы жүзеге асырылды. Есімде бар – етікшілер – бірінші номер, ұсташылыар – алтыншы номер, атшылар – екінші номер, шошқашылар – оныншы номерлер тағып жүретін. Бізде, алғашында, тәртіп жөнінде ешқандай ережелер болған жоқ. Командирлерді өзім тағайындайтынмын. Жазғы уақытта командирлер мәжілісін жиі-жиі өткізіп отырдым. Бұл мәжілістерге балалар «командирлер кеңесі» деген ат қойды. Командирлер кеңесіне салмайынша мен ірі мәселелерді өз бетіммен шешпеуге тез әдеттендім. Командирлерді тағайындау мәселесі бірте-бірте кеңестің шешіміне салынатын болды. Сөйтіп, командирлерді кооптация арқылы тағайындайтын болды. Командирлерді сайлау, көптің алдында есебін тыңдау бірден бола қойған жоқ. Мен бұл сайлану жұмысын бұрын да, қазір де табыс деп есептеймін. <...>

Ең маңызды тәртіптің бірі – командирлерді ерекше алаламай барлығын бірдей ұстау болды. Командирлердің қайсысына болмасын еш уақытта артық еш нәрсе берілмейтін, жұмыстан да босатылмайтын.

Жиырма үшінші жылдың көктемінде отрядтар системасын күрделендірудің ең шешуші кезеңіне түстік. Он үш жылғы тарихымызда бұл жаңалық, шынын айтқанда бұрын болмаған өзгешелік еді. Осы жағдайдың өзі біздің коллективтің нағыз, мықты ұйымдасқан коллектив болуына мүмкіншілік берді. Біздің коллективте жұмыс жөнінен де ұйымдастыру жөнінен де жалпы жиналыстардың демократияшылдық тәртіптері, бұйрық пен жолдастарының бір-біріне бағыну жайы мықты болатын.

Біздің коллективтің жаңалығы – құрама отрядтар болды.

Құрама отрядтардың өріс алуына себеп болғаны – біздің негізгі жұмысымыз ауылшаруашылық жұмыстары болуы еді. Біздің жетпіс дестедей жеріміз болатын, сондықтан жазда Шере адамдарымыздың тегіс жұмысқа шығуын талап ететін. Бірақ әрбір колонист шеберханаға бекітілгендіктен оны тастап кеткісі келмейтін. Ауыл шаруашылығына олар тек өмір сүруге, ал шеберхананы мамандығымыз деп санайтын, Қыстыгүні ауылшаруашылық жұмыстары біраз тыйылған кезде, шеберханалардың бәрі толып, қаңтар айынан бастап Шере колонистерді парник, тыңайтқыш тасу жұмысына шығаратын, сонан соң күн сайын өзінің талабын арттыра беретін...

Ұйымдастыру жұмысының қажеттілігіне сәйкес біз құрама отрядтарды құру қажет деген пікірге келдік.

Құрама отряд дегенннің өзі уақытша болушы еді. Олар бір жұма бойына қысқа тапсырма алатын отряд болатын: далада мынадай жердің картобын арам шөптен тазарту, сонша жерді айдау, бірнеше центнер тұқым қорын тазарту, тыңайтқыштарды далаға апару, не болмаса егін егу деген сияқты тапсырмалар берілетін.

Әр жұмыстың саласы колонистердің әртүрлі тобын тілейтін. Кейбір құрама отрядтарға екі, кейбіреулеріне бес, сегіз тіпті жиырма адамға дейін жіберуге тура келіп қалатын уақыттар болып жүрді. Құрама отрядтардың жұмысы уақыт жөнінен айрылатын.

Бұның бәрі жұмыс жағдайынан, уақыттың көптігінен, біздің отрядтарымыздың өзгешелігінен шыққан жағдай еді. Біздің құрама тізбектеріміз темір жолдың жұмысындағы тәртіпті көзге елестеткендей болды.

Құрама отрядтар үшін қойылған әрәптердің өзі олардың қандай жұмыстарда істейтінін анық түсіндіретін еді. Мысалы, үшінші құрама «О» ертеңгі сегізден түскі тамаққа дейін, одан күндізгі төртке дейін міндетті түрде огородқа, үшінші «Б» бақшада, үшінші «Ж» жөндеу жұмысында, үшінші «П» парникте істейтін; ал, бірінші құрама ертеңгі саған алтыдан он екіге дейін жұмыс істеп, екінші құрама сағат он екіден кешкі алтыға дейін жұмыс істеуші еді. Құрама отрядтардың жұмысқа бөліну саны кешікпей-ақ он үшке жетті.

Құрама отрядтар өне бойы жұмыс істейтін құрамалар болды. Жұмыстарын бітіріп, колонияға қайтқаннан кейін құрама отрядтар тарап кетуші еді.

Әрбір колонист өзінің тұрақты отрядын және тұрақты командирін білетін. Олар шеберханаларда да, жатақханаларда да, асханада да өздерінің орнын білетін еді. Тұрақты отряд колонистердің бастауыш ұжымы деген сөз, оның командирі міндетті түрде командирлер кеңесінің мүшесі болады. Көктемнің жаз айларына жақындаған сайын колонистер жұмыс істеуге қосылып, әр тарапта қызмет істейтін құрама отрядтарға кіретін еді. Олардың біреуі құрама отрядтардың командирі болып тағайындаланыт. Сол отрядтардың жұмыс істеу тәртібін басқарып және сол үшін жауап беруші еді. Бірақ жұмыс күні аяқталғаннна кейін-ақ құрама отрядтар тарап кететін.

Қолынан іс келмейтін колонистерден басқа адамдардың бәріне де тапсырма беріп құрама отрядтың командирі тағайындалады. Командирлер кеңесі қолынан келгенше дұрыс жүргізіп отыратын. Бұндай тәртіп дұрыс еді. Өйткені құрама отрядтарға басшылық ету зор жауапкершілік пен қамқорлықты тілейтін. Осындай жүйенің арқасында колонистердің көпшілігі тек қана қара жұмысқа қатысып қоймай, ұйымдастыру жұмысына да араласатын болды.

Құрама отрядтар жүйесі колонияның өмірін мүлдем өзгертіп, жандандырып жіберді. Ұйымдастыру жұмысы мен қара жұмыстың, басқару мен бағыну жұмыстарын, ұжымның ісі мен әр адамның жеке басының мүддесін ұштастырып әкетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет