5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет16/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
50 әдіс тәсіл түрлері Бейсенова М, план самообр.Досмаилова, план самообр.Досмаилова
Давыдов С. Не мешайте мне работать
1.5. Білім сапасы: мәні мен құрылымы

Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасында негізделеді. Сапа ішкі және сыртқы нарықта фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының үздік бағыты болуда. Сапа түсінігі материалдық және рухани өндірістің әртүрлі аяларында басым болады, осының салдарынан менеджмент проблемалары бойынша жариялымдардың көптеген авторлары ХХІ ғасырды сапа ғасыры дейді.

Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына әкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрады. Осы ғылыми саланың шегінде өз шешімін табуды керек ететін міндеттердің арасында адам мен білім квалиметриясының философиялық негіздерін әзірлеу аталған. А.И.Субетто білім берудің бүкіл сан алуандығындағы сапасы туралы ғылым ретінде білім беру квалитологиясының тұжырымдамасын құрастырған. Осы тұжырымдама «сапа» түсінігінің мәнін, сапаны бағалаудың жергілікті операцияларынан басталатын және бүгінгі күні, сапаны басқарудың бүкіл үрдісін енгізетін, сапамен жұмыс істеудің дамуын айқындауда.

Осының салдарынан «сапа менеджменті» термині сапаның жүйелі түсінігін, оның қоғамдағы заманауи рөлін, оны басқарудың жүйелі көзқарасын көрсетеді.

Сапа санатының философиялық түсінігі «бағалау сипатында емес, сондықтан да сапаның философиялық баяндалуына сапаны өлшеу немесе басқалай бағалау, жаман және жақсы, төмен және жоғары сапаны айыру және т.б. мәселесін қою орынсыз». Гегель, «сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік.Бір нәрсе өз сапасының арқасында бар болады және сапасын жоғалтқанда, өзі де жоқ болады» деп көрсеткен..... ISO 9000:2008 «Сапа менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері және сөздік» халықаралық стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығымен талаптарды атқаратын дәрежеге сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» деген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым обьектінің, қызметтің және т.б.тұрақты сипаттамасына қатысты болады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жаксы деген сын есімдерімен қолданылуы мүмкін. Сонымен, осы термин сапаның философиялық түсінігімен қатар, өндірістік түсінігі үшін де жалпылауыш болуда.

Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін, осы өнімнің мәнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады. Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға ерекшелігінің негізіне қаланады. Осындай баян етілуде кез келген өнім сапасының екі белгісін бөледі:

1)онда белгілі қасиеттердің болуы;

2)олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес, тұтынушы ұстанымынан қарастыру.

Осы талдау беруде өнім тұтынушының бар сұраныстарымен қатар, әлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген.

А.И.Субетто сапаның заманауи баян етілуі келесі аспектілерді көздейтінін көрсетеді:

-сапа қасиеттер жиынтығы болады;

-сапа-құрылымды;

-сапа-өсуде;

-сапа обьектінің маңызды анықтылығы;

-сапа –обьектінің болу негізі;

-сапа-обьектінің жекелігін анықтайды;

-сапа-құнды;

Сапаның маңыздылығын осы проблеманы қарастырған көптеген авторлар да мойындайды. Олардың қатарына Ю.П.Адлер, В.И.Зимняя, Ш.М.Каланова, В.А.Кальней, В.И.Качалов, Г.С.Ковалева, А.Н.Майоров, Г.С.Минажева, Г.Мутанов, М.М.Поташник, Д.В.Пузанков,Р.М.Салина, Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, П.И.Третьяков, Н.Д.Хмель, С.Е.Шишев сияқты басқа отандық және шетел зерттеушілері жатады.

Осы жұмыстарда сапа түсінігі құрастырылуының тарихи аспектілері менеджмент және мониторингте негізгі ретінде қарастырылған(Ю.П.Адлер, В.И.Байденко, А.И.Субетто), осы салаға қарасты терминдердің анықталуы берілген(Ш.М.Каланова, Р.М.Салина, Н.А.Селезнева), оның әртүрлі деңгейлерінде білім сапасымен басқарудың маңыздылығы айтылған(Ю.В.Баталов, В.А.Кальней,Г.С.Минажева,Ғ.Мұтанов, Солонин С.И., М.М.Поташник, Д.В.Пузанков, С.И.Солонин,П.И.Третьяков,Н.Д.Хмель, С.Е.Шишов), оның ішінде педагогтің дайындығындағы және оның біліктілігін арттырудағы маңыздылығы көрсетілген(А.А.Жайтапов, И.А.Зимняя, Г.Б.Скок), білім сапасы мониторингісінің, оны бағалаудың межелері мен әдістерін әзірлеу сұрақтары зерделенген(Г.З.Байжасарова, В.К.Бішімбаев, Ш.М.Калова, А.Н.Майоров,Т.В.Паньшина,Ш.Таубаева).

Заманауи педагогикалық әдебиетте «білім сапасы» термині әртүрлі түсіндіріледі. Оның келесі дефинициялары беріледі:



  1. Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері оқу мен тәрбиенің жоспарланған мақсаттарына сәйкес қол жеткізген білімдер мен ептіліктердің, ақыл-ой, дене және адамгершілік дамуының белгілі деңгейі.

  2. Білім сапасы - заманауи кезеңде экономика талаптарына сәйкес маманның кәсібі қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын кәсіби сана сипаттамаларының кешені.

  3. Білім сапасы – мақсат пен нәтиженің арақатынасы, мақсаттар(нәтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне және оқушының әлеуетті даму аймағында болжағанына қарай мақсаттарға жету шарасы.

  4. Білім сапасы – қоғамда білім үрдісінің жағдайын және нәтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық жіне кәсіби сапаларын) сәйкес келуін анықтайтын әлеуметтік санат.

П.И.Третьяков пен Т.И.Шамова, білім сапасының бар анықтамаларына талдау жүргізіп, зерттеушілер білім сапасының түсінігін баян етуде келесі бағдарлаумен байланысты әртүрлі уәждеу бағыттарын ұстанаған деген қорытындыға келді:

- тұлға мен қоғамның қажеттіліктеріне;

- БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне және басқа әлеуметтік маңызды қасиеттерге;

- қасиеттер мен нәтижелердің жиынтығына;

- мақсаттар мен қорытындыларға;

- білім беру мекемесінің бекітілген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне.

Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген заманауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын толық елестетуге мүмкіндік береді. Осы ұғым білім сапасы және білімдер сапасы түсініктері мүлдем ұқсас еместігін көрсетеді. Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл үрдісін қамтитын көпастектілі термин, ал білім сапасы\маманды дайындау сапасы осы үдерістің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты болады.

Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы жаңа философиясына сәйкес мынаны көздейді:

-білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің талаптарына және білім беру стандарттарына сәйкес келуі(мемлекет, бизнес, тұлға);

-мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушылердің және басқалардың) білім беру қызметінің сапасымен жоғары қанағаттануы;

-білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз жұмысы мен қанағаттануы;

-қоғамға оң ықпал ету, жалпы мәдениетін және оның мүшелерінің біліктілігін арттыруы.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасында білім сапасы білім берудің тұлға және қоғамның қажеттілігіне барабар болу көрсеткішімен сипатталады делінген.

Мектеп білімнің сапасын арттыру, оның тиімділігі бірқатар проблемалардың шешілуіне байланысты екендігі анықталған. Тұжырымдама әзірлеушілері ең маңызды проблемалар қатарына келесілерді қосқан:

-басшылық, басқару, есептемелік және нәтижелер, жұмсалған ресурстар, үлгерушілік, дағдылар, проблемаларды шешу, командада жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту және т.б.бойынша нақты ақпарат ұсынуға мүмкіндік беретін тиісті құралдардыәзілдеу жүйесін жетілдіру;

-әкімшілік жүргізудің, мектептерді басқарудың саналы орталықсыздандыруын, білім сапасының сараптамасы және мектептерге жетуіне көмек көрсету үшін әріптестерді мүдделі талаптарды жіне жергілікті қоғамдастықтың жұмылдыруын жүргізу;

-білім беру, мектеп қызметінің сапасының мониторинг жүйесін құру;

-мектеппен демократиялық басқару қағидаттарын енгізу бойынша білім беру мекемелерінің қызметін белсендіру механизмін құру;

-педагогикалық үдеріске тиісті өзгерістерді кіргізіп отыру үшін, белгілі сыныптардың (4,6,10,12) соңында білім сапасын тәуелсіз диагностикалау қызметін құру;

-педагогикалық кадрларды дайындау бағдарламаларын аккредиттеу, мұғалімдердің біліктілігін арттыруын ұйымдастырудың сертификаттау жүйесін және т.с.с жетілдіру.

Байқағанымыздай, сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді басқарумен, ұйымдарда заманаут менеджментті, оның ішінде сапа менеджменті қағидатттарын енгізумен тығыз байланысты.

Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару – бұл кез келген және кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз бетімен болатындары емес, ал алдын ала белгілі, мүмкін болатын дәрежесі болжанған, білім нәтижелеріне жетуге ұйымдастырылған және бағытталған ерекше басқару. Сонда мақсаттар(нәтижелер) оқушының(түлектің) әлеуетті даму аймағында операциялар бойынша болжауға тиіс, яғни сөз ең жоғары, нақты оқушы үшін мүмкін болатын, оңтайлы нәтижелер жайлы болуда. Осы басқару білім беру жөнінде анық, жүйелі елестетуді талап етеді. Оған жету қызметінің жіне ол басқаратын мекеменің қызмет етуінің негізгі бағдары болады.

Сапаны белсенді басқару ұйымдарда халықаралық ИСО стандарттарының талаптарына сәйкес құрылған сапа менеджмент жүйелерін құрудың алдын алды.СМЖ-нің деректері сапамен ойластыра жұмыс істеудің негізі болады, оны жетілдіруге, белгіленген норма-шараларды қабылдауға қабілетті екендігіне дәлел бола алады. Бірінші,кезекте сапа менеджменті жүйелері өнеркәсіптік кәсіпорындарында. Кәсіптілік корпорацияларда және т.б. құрылды және сертификатталады. ТМД жоғары оқу орындарының Болон процесі кеңестігіне ену олардың құрылымдарында СМЖ құруды негіздеді.

Заманауи ЖОО-ның қарқынды дамуы үшін білім сапасын басқару стратегиялық менеджмент тұжырымдамасын жүзеге асыруды көздейді.Бұл өз кезегінде бірқатар негізгі міндеттерді шешумен байланысты.

«ЛЭТИ» Санкт-Петербург электртехникалық университеті дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру тәжірибесі осы міндеттерге келесілер жататынын көрсетті.

1.Стретегиялық диагностикалау.Стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін ЖОО-ның мұқият талдауы және қаржы-экономикалық жағдайының нақты диагнозы ғана емес, сондай-ақ білім беру қызметтері және ғылыми-техникалық өнімнің нарығындағы жағдайының да нақты диагнозы қажет.

2.Стратегиялық мақсаттарды талдау және негіздеу. Стратегиялық баламалардың талдауы, қандай да бір стратегияны жүзеге асырумен байланысты пайдалар мен тәуекелдердің бағалауы жүргізіледі.

3.Стратегиялық жоспарлау. ЖОО-ның ағымдағы жағдайының және ол қол жеткізуге ұмтылатын дәреженің арасында арақашықтық бар, ол көзделген мақсатқа жетелейтін өзгерістердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мақсаттық(стратегиялық) бағдарламалар және жобалармен толтырылады.

4.Стратегиялық контроллинг. Университет басшылығында негізгі көрсеткіштер(индикаторлар) бойынша стратегияны жүзеге асыру барысын қадағалауға және қажет болған жағдайда ЖОО дамуының стратегиялық жоспарын түзетуге немесе стратегиялық мақсаттарды қайта қарастыруға мүмкіндігі болуы керек. Сонымен, тізбектің аяқталуы болады және стратегиялық басқару үдерісінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де сапа менеджменті жүйесін құру және сертификаттау ЖОО стратегиясын, оның міндетін, сапа саясатын анықтауды негіздеді. Білім беру мекемесінің қызметінде, яғни әрдайым жалпы көзқарастар басым болған орында, инвариациялық және вариациялықты түсіну дамудың философиялық заңдарына сәйкес әртүрлілікті және сол уақытта білім беру жүйесінің бірлігін ынталандыратын нарық экономикасының талабы болуда.

Ааторлар монографияларда: «Мектеп білім беру сапасымен не істей алады?»деген сұраққа жауап береді.

1.Мектеп бітіруші білім беру үдерісінен «шығарда» алатын дайындық сапасын (қасиеттерін) дұрыс болжауды, жобалауды, моделдеуді үйрену керек, яғни болашақтағы талап етілетін білім сапасын анықтауды.

2.Білім сапасының талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, қолдау, одан керек емес ауытқуларды уақытында жөндеу.

3.Білім сапасын сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп жатқан талаптарына сәйкес арттыру. Білім сапасының артуы тек білім дамуы (яғни,инновациялық үдеріс арқылы) арқылы мүмкін.

4.Білімнің нақты сапасын, оның талап етілетінге, стандарттарға сәйкес келуін анықтау және бағалау.

1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Өнімнің төрт жалпы санаты бар: қызметтер, бағдарламалық құралдар, техникалық құралдар, қңделетін материалдар.

Өнімнің көптеген түрлерінде өнімнің әртүрлі жалпы санаттарына жататын элементтер бар. Өнімді қызметтерге, бағдарламалық құралдарға, өңделетін материалдарға жатқызу басымды элементке байланысты. Мысалы,»автомобиль» деген жеткізілетін өнім техникалық құралдардан(мысалы, шиналардан), өңделетін материалдардан(мысалы, жанар-жағармай, суытатын суйықтық), бағдарламалық құралдардан(қозғалтқышпен бағдарламалық басқару, жүргізушіге нұсқаулық) және қызметтерден(сатушымен берілетін пайдалану бойынша түсініктемелер).

Қызмет міндетті түрде жеткізушінің және тұтынушының өзара әрекеттерінде жүргізілетін, кем дегенде, бір әрекетінің нәтижесі болады, ол әдетте, материалды емес. Қызмет мыналардан тұру мүмкін:

-тұтынушы жеткізіп берген материалдық өнімге жұмсалған қызмет(мысалы, жөндеуді өажет ететін автомобиль);

-тұтынушы жеткізген материалдық емес өнімге атқарылған қызмет(мысалы, салық көлемін анықтау үшін қажетті табыстар туралы өтініш);

-материалдық емес өнімді ұсыну(мысалы, білім беру мағынасындағы ақпарат);

-тұтынушылар үшін ыңғайлы жағдайларды жасау(мысалы, қонақүйлер ме мейрамханаларда).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет