5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі


Мектеп менеджерлерінің қызметі және мектепті басқару



бет24/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

2.1.Мектеп менеджерлерінің қызметі және мектепті басқару

Әдебиетте [7, 14-16, 114] менеджер үнемі лауазымды қызмет атқаратын жетекші немесе басқарушы және заманауи жағдайларда әрекет ететін ұйымның қызметінің нақты түрлері бойынша шешімдерді қабылдауға өкілеттілігі бар тұлға ретінде қарастырылады. «Менеджер» термині кеңінен таралған және көп жағдайда мыналарға қатысты қолданылады:



  • бөлек бөлімшелердің немесе бағдарламалық-мақсаттық топтарының аясында жұмыстардың нақты түрлерінің ұйымдастырушыларына;

  • жалпы ұйымның немесе оның бөлімшелерінің жетекшісіне;

  • қол астындағы адамдарға деген қатынасы бойынша жетекшіге;

  • заманауи әдістерге сәйкес жұмысты ұйымдастыратын басқарудың кез келген деңгейінің әкімгеріне.

Осы терминнің пайдалануын талдай отырып, ең кем дегенде, екі қарама-қарсы беталыстарды көруге болады:

- кызметтің көптеген салаларындағы оның кең таралуын ( саудада, жарнамада,ІТ-технологияларында және басқаларда). Көбінесе осы салаларда бұл түсінік өз нақты мәнін жоғалта бастайды, - алдында айтқандай, қол астында адамдары жоқ, басқарудың заманауи әдістерін және т.б. қолданбайтын адамды менеджер деп айтуға болады;

- тар түсінігі шаруашылық дербестікке ие, нарық жағдайларында әрекет ететін, кәсіпкерлік типіндегі ұйымдарға ғана басқару жүргізетін басшыға қатысты.

Осы екі диаметралды қарама-қарсы тұжырымдамалар жеткілікті дәрежеде орынды және заманауи менеджменттің мәніне сәйкес келетін дәрежеде емес болып көрінеді. Сонымен қатар, білім саласында «менеджер» түсінігі («мектеп менеджері», «білім менеджері») тиісті басқарушы лауазымдардың ресми атауы бола қойған жоқ.

Т.М.Шамова менеджментті адамдар еңбегін, олардың зиятын, сондай-ақ қаржы және техникалық ресурстарын жұмылдыру арқылы мақсаттар қою және оған жету үдерісі; адам маңында болатын басқару қызметінің арнайы түрі ретінде анықталады [115]. Осы анықтамаға сүйеніп, менеджердің қызметін, оның ішінде білім аясында сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауға болады:

- ұйымдастырушы-әкімшілік, тәрбиелік-дамытушы, ақпараттық функцияларын енгізетін ой еңбегінің басым болуы;

- басқарушы шешім және басқарушы әрекет осы қызметте аралық нәтиже болады;

- мекеменің және қызметтің соңғы мақсаттарына басқа адамдардың (қызметкерлердің, оқушылардың және басқалардың) еңбегі арқылы жетуге болады.

«Менеджерлік» лауазымдардың спектрі тым кең, әдебиеттегі олардың қарастырылуы келесі санаттарды бөлуге мүмкіндік береді.

Басқару иерархиясындағы орын бойынша – жоғары (top), орта (middle) және төмен (lower) деңгейлердегі менеджерлер. Мектепке қатысты осы иерархия қандай да бір дәрежеде мектеп директорларымен, директордың орынбасарларымен (оқу және/немесе тәрбие жұмысы жөнінде, бейіндік оқыту жөніндегі, тәжірибелік-эксперименталдық жұмысы жөнінде және басқалары) және соңында мектеп әдістемелік бірлестіктерінің (ӘБ) және мұғалімдердің шығармашылық топтарының (МШТ) жетекшілерімен ұқсастырылады. Осы деңгейлерге сәйкес мектепті басқару органдарымен жетекшілік жүргізеді: жоғары басшы орган ретінде педагогикалық кеңестің жұмысы үшін мектеп директоры, әдістемелік кеңестердің жұмысы үшін жауапкершілікті директордың орынбасары атқарады (Е Қосымшасын қараңыз. «Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары»).

Басқарушы функцияларын пайдалану аясында екі топты бөлуге болады: ұйымның бөлек бөлімшесіне жетекшілік ететін бағыттық менеджерлер және ұйым қызметінің белгілі саласы үшін жауап беретін функционалдық менеджерлер. Білім беру жүйесінде «бағыттылық» пен «функционалдық» әртүрлі нұсқалармен ұсынылу мүмкін. Мысалы, ЖОО-да кафедра меңгерушісі бағыттық менеджер деп саналса, ал оқу басқармасының, бухгалтерияның, жабдықтау бөлімінің жетекшілері – функционалдық менеджер болуда. Орта жалпы білім беру мектебінде қызметкерлердің салыстырмалы аз санының салдарынан бағыттық менеджерлер болмауы мүмкін. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдары және т.б. функционалдық менеджмент түсінігіне сәйкес келеді.

В.П.Симонов қызметтің осы түрінде басқарушылардың 2 санатын ажыратады [90, 46 б.].

- оқу-танымдық үдерісінің менеджері – білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жүйесі субъектісі ретінде болатын оқытушы;

- оқу-тәрбие үдерісінің менеджері – педагогикалық қызметкерлердің оқу-тәрбие қызметімен басқарудың субъектісі (директор, орынбасары және басқалары) ретіндегі оқу мекемесінің жетекшісі.

ҚР-да «Білім туралы» ҚР (2007ж.) Заңының «Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі» деп аталатын 45-бабында білім беру ұйымының басшысы келесілер үшін жауапкершілік атқаратыны көрсетілген:


  1. білім беру ұйымы білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

  2. өзінің құзіретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

  3. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын бұзғаны;

  4. білім беру ұйымы білім алушылардың және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу және тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

  5. қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны үшін.

Біліктілік сипаттамасының мысалында білім беру менеджері қызметінің ерекшеліктерін қарастырамыз [47]. Осы сипаттама кәсіби және лауазымдық функцияларын, менеджмент саласындағы мамандардың нұсқаулықтарын қалыптастыруға; менеджерлерді дайындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және өз бетімен білім алудың оқу жоспарларын қалыптастыруға, білім беру жүйесінің басқарушы кадрларын аттестаттауға, мансаптық өсу үшін шешімдерді қабылдауға және т.б.арналған. Онда «білім берудегі менеджер дегеніміз – бұл кәсіп, негізінде білім және білім беру үдерістері және технологияларымен басқару, ұйымдастыру және жетекшілік ету мүмкін болатын және осы үшін жауапкершілік арту қажет болатын адами қабілеттер қызметінің типі» [осында].

Білім беру саласындағы менеджмент мамандықтарын топтастыру кезінде кәсіби қызметтің мәні мен ерекшелігі бойынша менеджменттің 3 бағыты бөлінуде: ұйымдастыру, жетекшілік ету, басқару. Авторлармен ұйымдастыру білім беру үдерістерін реттеуге және жүйелендіруге бағытталған менеджмент қызметінің типі деп түсіндірілсе, басқару – білім беру жүйесінде қызметтің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруға және кәсіби міндеттері мен функцияларын орындаушы адамдарға тапсыруға бағытталған басқару қызметінің типі делінген. Өз кезегінде, басқару – жалпы проблемаларды анықтауға, жалпы білім беру жүйесін зерттеуге , болжауға, даму барысын анықтауға және қызмет етуін талдауға арналған менеджмент қызметінің типі. Әрине , шындығына келгенде, осы үш типтің барлығы тығыз бірлікте, көп жағдайда тұтас, кешенді жүргізіледі. Бірақ осылайша бөлшектеу басқарушы функцияларының мәнін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Білім беру менеджерінің біліктілік сипаттамасының қарастырылып отырған нұсқасы өзіне талаптардың әртүрлі топтарын енгізеді.Басқарушылардың білімі жеткілікті кең және көпаспектілі болуға тиіс, әзірлеушілердің пікірі бойынша олар мыналарды білуге тиіс:


  • қызмет теориясының және эпистемология, ленгвистика, аксеология, семиотика, герменевтика негіздерін;

  • риторика және эвтистиканың негіздерін;

  • басқару психологиясының және әлеуметтанудың жалпы қағидаларын;

  • этика және эстетиканың заманауи нормаларын;

  • валеологияның жалпы қағидаларын.

Басшыда келесі ептілік түрлері болуы тиіс:

-құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды, аналитикалық және статистикалық материалдарды және концептуалдық мәтіндерді оқығанда оларды түсінумен қатар, олардан қызмет мақсаттарын құруға және тәжірибелік міндеттерді қалыптастыруға;

-бар эмпирикалық және теориялық ақпаратты талдау негізінде шешімдер қабылдауға, мақсаттарды құру және басқа адамдарға міндет жүктеу;

-жоғары тұрғыдан басшылықпен қойылған мақсаттар мен міндеттерді, өз қол астындағыларының және өзі басқаратын ұжымның мақсаттары мен міндеттерін өзгерте білу;

-табысты және табыссыз жұмыстың межелерін, ұйым миссиясы мен философиясын әзірлеуге қол астындағыларына дұрыс түсіндіруге;

-басшылығындағы ұжымда қол астындағылардың арасындағы функцияларды, құқықтары мен міндеттерін бөлуге, өкілеттіліктеріне құқық беруге, құқықтарымен бөлісуге, жұмыс пен міндеттерді оларды орындау кезеңділігінде, оған бағынышты қызметкерлердің уақытының, біліктілігінің, құзіреттілігі мен өкілеттіліктерінің бар ресурстардың негізінде бөлуге;

-тәртіптік қағидаларды, ішкі тәртіп және ұжым өмірінің ережелерін, корпоративтік мәдениет нормаларын қалыптастыруға;

-уәждеу әрекеттері мен іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, үздік жұмысты марапаттауға, жұмыстағы әбестер мен олқылықтарыд, сондай-ақ тәртіптік айыптарды жазалауға. Ұжымда жұмыс атмосферасын және салауатты климатты қолдау, мамандардың кәсіби дамуын және қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ынталандыру;

-қол астындағы ұжымның табыстары мен қателіктерін өзіне алу, ол үшін жоғары тұрған басшылық және басқаларының алдында жауап беру.

Мектеппен басқару – жауапкершілігі мол қызмет. Бұл әсіресе, құрамы көбінесе әйелдерден тұратын педагогикалық ұжымдарға қажет. Себебі, әйел адамдардың көбіне қоршаған ортадағы құбылыстарды эмоция арқылы қабылдау, сондай-ақ , ортаға деген дәл осындай эмоциялық қатынас тән болып келеді. Еңбек психологиясы туралы әдебиеттерде педагог жұмысының стрессогендік дәрежесі үлкен компаниялардың, холдингтердің, банктер және т.б.жетекшілерінің жүйке жұмысының жүктемесінен едәуір артық екені көрсетіледі. Бизнес, қаржы, өнеркәсіптік аясындағы топ-менеджерлерге қарағанда, білім беру мекемесінің жетекшісінің стрессогендік жүктемелері пән мұғалімінің, оқытушының, ғылыми қызметкердің функцияларын қоса атқарғандықтан, бірнеше есе өсетінін атап кету қажет.

Білім беру мекемесі типінің және түрінің ерекшелігі де өз рөлін атқаруда. Қызметкерлерінің бірталай санымен ірі ЖОО-да басқару функциялары басқарушы команданың мүшелері арасында тең бөлінген. Жоғары мектептің басқарушы құрылымы ЖОО-мен жалпы басшылық ететін ректордың лауазымын, оның орынбасарларын – оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәрбие үдерісі, ЖОО-ның стратегиялық дамуы, халықаралық қатынастар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (мемлекеттік сатып алулар, ғтмараттар мен жабдықтарды пайдалану және басқалары), кадрлармен жұмыс істеу және т.б. қызметтің жеке бағыттарына жетекшілік атқаратын проректорлардың лауазымдарын енгізуде. Проректорларға кәсіби міндеттері нақты бағыт бойынша ЖОО-ның қызметін қамтамасыз етумен байланысты тиісті бөлімшелер (бөлімдер, басқармалар, департементтер) бағынады.

Сонымен қатар, мектеп директорының қызметі, мектеппен жалпы басқарудан басқа, онымен тікелей мәселелердің біршама кең аясы шешілетінін көздейді. Директордың басқаруына кадр жұмысы, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, олардың қызметтік өсуі, жұмыстан босатуы және т.б. жатады. Мектептің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жұмыс уақытының едәуір шығындарын талап етеді. Директордың су ағып жатқан шатыр, сыныптарды жөндеу, жаңа жабдықты сатып алу және басқа проблемаларымен жұмысбасты болғаны мәлім. Көп жағдайда осы міндеттер директордың көбінесе шаруа адамы болып көріну дерегіне негіз болып, мектеп жетекшісінің қызметінде басым бола бастайды. Осының салдарынан мазмұны еңбек ұжымымен, қызметкерлермен басқару, оларды ұйымдастыру, ынталандыру мен уәждеу сияқты нағыз менеджерлік функцияларға білім беру мекемесі директорының қолы жетпей қалады. Осыны түсіну өзіне- өзі көңілі толмаудың, қосымша психологиялық жүктеменің тағы бір себебі болады.

Мектеп директоры орынбасарының (оқу меңгерушісінің) функциялары да көпаспектілі. Оларды директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының мысалында қарастырайық. Оның лауазымдық міндеттеріне келесілер жатады[74].

-білім беру ұйымының келешегін болжау және ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыру; педагогтардың білім берудің мемлекеттік жалпы білім стандарттары, жалпы білім оқу жоспарларын сен бағдарламаларын орындау бойынша жұмысын үйлестіру; МЖБС аясында білім беру үдерісінің сапасын бақылау; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру; оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу;

-пәндік әдістемелік бірлестіктердің білім беру үдерісін және білім беру ұйымының эксперименталдық жұмысын жетілдіру мақсатымен үйлестіру, оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуін ұйымдастыру, педагогтардың ең көп нәтижелік тәжірибесін жинақтау және тарату;

-педагогикалық кадрларды іріктеу мен белгілеуге қатысу, педагогикалық қызметкерлердің және басқалардың біліктілігін арттыру және аттестациялауын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Білім беру мекемелерімен жұмыс істеудегі біздің тәжірибеміз көрсеткендей, білім беру мекемелерімен басқаруда басшы мен оның орынбасарлары бірыңғай басқарушы команда ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Бұл көп жағдайда, олардың білім беру мекемесіндегі ұзақ бірлескен жұмысының тәжірибесі жергілікті біріктіргенде және қалыптасқан жағдай мен оның даму болашағына бірыңғай көзқарастары болғанда, мекеме қалай қызмет ететінін және оны қалай басқару қажеттілігін бірдей түсінгенде жүзеге асады. Сонда, көп жағдайда кәсіби емес өміріне қатысты жақын ұстанымдары, қызығушылықтары мен талғамдары қалыптасады және көрінеді. Басқарушы топ, егер де оның жұмысы біріккен-бөлінген келісілген қызметтің мақсаты мен міндеттерінің бірлігіне негізделсе, тек әкімшілік қатар бағынуында емес, онымен бірге білім беру мекемесінің қызметінің проблемаларын жалпы анықтауына, нақты шешілуіне ашық таоқылануына және олардың ұжымдық ізденуіне сүйенсе, команда болып қалыптасады.

А. А. Жайтапова және З. М. Садвақасова мықты команданы сипаттац отырып [36], келесі айрықша ерекшелігін көрсетеді: команда мүшелері өз жетістігіне сенеді және бірін-бірі қолдайды, нақты мақсаттар мен міндеттерді қояды, бір-біріне сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді, үнемі өз қызметін жетілдіруге жұмыс атқарады және басқалары.

Осындай басқарушы команда педагогикалық ұжымға жұмыстың ұйымдастыруына өз көзқарастарын, кәсіби қызметінің құндылықтары мен мәндерін, менеджменттің заманауи қағидаттарын мекемемен басқарудың төмен дәрежелерін көрсете отырып, қызметкерлермен белсенді өзара әрекеттескенде, жұмысқа қабілетті педагогикалық команданы құру мүмкіндігіне ие болады. Осы жағдайда білім берумен басқаруға заманауи менеджменттің идеяларын жүзеге асыру, TQM қағидаттарын, әсіресе, жетекшіліктің көшбасшылығы, қызметкерлерді басқаруға жұмылдыру, үнемі жетілдіру және басқаларды енгізу туралы айтуға болады. Білім беру мекемесінің осы ацырмашылықтары, біздің ойымызша, сондай- ақ, қазақстандық білім беру кеңестігінде «кай­зен»(«кай»­«өзгеру»және«зен»(цен)­«жақсы») тұжырымдамасы элементтерінің болуын растайды.

Жапонияда пайда болған басқарудың осы тұжырымдамасы компанияның барлық қызметкерлерінің белсенді қатысуының арқасында ғана мүмкін болатын үздіксіз жетілуі үдерісін білдіреді. Мұнда қызметкер тек еңбек ресурсы сияқты емес, тұтас тұлға ретінде қабылданады және дамиды. Қызметкерлердің, әртүрлі жұмыс топтарының, олардың құзыреттілігін тек өндірістік үдерістегі ғана емес, сонымен қатар ұйым өмірінің барлық жақтарына қатысуының маңыздылығын түсіну, сондай-ақ, еңбек ұжымының әр мүшесінің өз қызметін жақсартуға қосқан үлесінің маңыздылығын мойындау кайзен тұжырымдамасында маңызды болуда. Осы мойындау ұжыммен жалпы мақсаттарға жету бойынша синергетикалық әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шабыттандыратын, уәждейтін және бағыттаушы қызметін атқарады.

Заманауи нарықтық жағдайларда басқарудың дәстүрлі функционалдық құрылымдарынан сыртқы ортамен белсенді өзара әрекеттесуімен және басқарудың төмен деңгейлеріне жауапкершілік пен өкілеттіліктеріне құқық берудің жоғары дәрежесімен сипатталатын бейімдік – үдерістік, жобалық құрылымдарына ауысуы жүргізіледі. Көп жағдайларда қызметкерлердің және бүкіл компанияның нарықтағы үнемі өзгеруші талаптарға, сыртқы ортаның жағдайларына жылдам және тиімді икемделуіне ықпал ететін жұмыс топтары мен командалар осындай ұйымдардың негізгі құрауыштарының бірі болады.

Егер бизнес, қаржы салалары үшін жұмыс командалары тек сапамен (TQM) жалпы басқарудың маңызды құраушы жүйесі бола бастаса, білім беру аясында осындай құбылыс жетерліктей таралған. Көп жағдайда педагог бір мезгілде әртүрлі шығармашылық, проблемалық топтарға ене отырып, белгілі функционалдық құрылымға (мектепке, кафедраға ,әдістемелік бірлестікке және т.б) жатады. Желілік өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін әртүрлі команда қатарына жататын қызметкерлерді ұйым өміріне жұмылдырады, оған оның тиімділігіне белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді, жеке және ұжымдық жауапкершілік сезімін бекітеді. Көптеген топтар бірнеше білім беру мекемелерінің ( мектепаралық бірлестіктер, даму бойынша кеңестер және т.с.с.) базасында құрылғандықтан, педагогпен кәсіби проблемаларын көру, олдардың шешуіне қатысуы едәуір кеңейеді.

Өскемен қаласы білім бөлімі осы міндеттің маңыздылығын ескере отырып, қалалық әдістемелік кабинетімен қала мектептерінде команда құрастыру үдерістеріне ықпал ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Негізінен, бірнеше жылдар бойы кәсіби педагогикалық конкурстар кешеніне «Жылдың педагогикалық командасы» атты номинациясы енгізілген оның міндеттері келесідей:

-қала мектептерінің қызметіне педагогикалық менеджменттің енгізілуін қамтамасыз ету;

-білім беру жүйесінде қызметкерлермен басқаруда инновациялық көзқарастарды түсіну және жүзеге асыру;

-қала мектептерінде тиімді қызмет ететін педагогикалық командалардың қалыптасуына негізгі көзқарастарды зерделеу;

-мектеп жұмысының тәжірибесінде қолданылатын валидтік межелерді және ұйым мен қызметкерлердің даму сапасы мониторингісінің тиімді әдістерін талдау және қорытындылау.

Білім беру жүйесінде болып жатқан біршама өзгерістер білім беру сапасымен басқарудың ғана емес, сонмен қатар, білім берумен сапалы басқарудың маңыздылығын да негіздейді. Осы саладағы белгілі маман П.Друкер осыған орай «нәтижелік» және «тиімділік» деген түсініктер арасында нақты шекараны өзерделген болатын. Оның пікірі бойынша, нәтижелілік дұрыс нәрселер болып жатқанын көрсетеді [30].

Осыған байланысты өз функцияларын сауатты жүргізумен қатар, өзі басқаратын адамдарды шабыттандыратын, оларға көшбасшы бола алатын жетекшіге қажеттілік туындайды.TQM (сапамен жалпы басқару) – басқарудың заманауи парадигмасының алғашқы қағидаттарының бірі, басшылықтың көшбасшы қағидаты болатынын атап кету маңызды.

Е.П.Михалева, заманауи менеджердің ерекшеліктерін қарастыра отырып [61] ,оның шаруашылық жетекшісінен қағидаттық айырмашылықтарын көрсетеді(8-кестені қараңыз).

Шаруашылық жетекшінің және заманауи менеджердің ерекшеліктерінің салыстырмалы талдауы [61]







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет