5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет26/44
Дата22.05.2020
өлшемі471.85 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
1 – Қосымша материал

Мен педагогикалық жұмыстың 10 жылынан соң Павлышский орта мектебінің директоры болып тағайындалдым. Осы жерде педагогикалық еңбектің алғашқы 10 жылдығында қалыптасқан менің педагогикалық нанымдарым аяқталды. Осыдан мен нанымдарымды шығармашылық іс жүзінде көргім келеді. Мен өз нанымдарымды тәжірибеге көбірек асырғым келген сайын, оқу – тәрбие жұмысына басшылық ету – бүкіл мектеп ауқымында идеологиялық және ұйымдастырушылық міндеттердің шешілуі жұмыста жеке үлгі көрсету мен дұрыс үйлесуі екені анық бола бастады. Педагогикалық ұжымның ұйымдастырушысы ретінде мектеп директорының ролі, егер мұғалімдер оның еңбегінде жоғары педагогикалық мәдениеттің, балалардың тікелей тәрбиешісінің үлгісін көрсе, өлшеусіз артады. Тәрбие – бұл ең бастысы мұғаліммен баланың тұрақты рухани қарым – қатынасы. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский мектептің бас тәрбиешісі деп атаған. Бірақ бас тәрбиешінің рөлі қандай жағдайларда жүргізіледі? Балаларды мұғалімдер арқылы тәрбиелеу, мұғалімдердің мұғалімі болу, тәрбиелеу ғылымы мен өнеріне үйрету – бұл мектеп басшылығының көп қырлы үрдісінің өте маңызды, тек бір жағы болуда. Егер бас тәрбиеші тек қалай тәрбиелеу керектігін оқытса, сонымен бірге, балалармен тікелей араласпаса, ол тәрбиеші болуын тоқтатады. Деректер директорлық жұмысының алғашқы апталарынан бастап баламен жалпы қызығушылықтар, әуестенулер мен талпыныстар болмаса, менің алдымда бала жүргеніне деген жол біржолата жабылатынына сендіреді. Балаларға деген тура, тікелей тәрбиелік ықпалсыз, мен директор ретінде педагог тәрбиешінің ең маңызды қасиеті – балалардың рухани әлемін түсіну қабілетін жоғалтамын. Мен сынып жетекшілеріне қызығатынмын: олар әрдайым балалармен.

«...» Мен кейде оқушылар өз тәрбиешісімен бір нәрсеге қызығып, өзара талқылап жатқанда келіп оларға сөйлегенімде, ал олар мені көрмегенде азап шегетінмін: балалар өз тәрбиешісімен бай рухани өмір сүреді, оларда өздерінің құпиялары болады. Осындайда мектеп директоры қажет пе? Жоқ, қажет емес. Директор мәні бойынша мұғалім үстінен инспектор, әкімгер – шенеунік болған және міндеттеріне педагогтардың бағдарламаны дұрыс баяндауын, артық немесе қате айтпауын бақылау жатқан революцияға дейінгі мектепте қалыптасқан басшылықтың әдістері мен нысандары, қазіргі күні анахоризм болып қалды. Тәрбиелеудің қиын ісінде мұғалімдердің көздері алдында өзіне озық педагогикалық идеяларын іске асырған үздік тәжірибесінің құрылуы, туындауы және мақұлдануы заманауи мектеппен басқарушылық етудің мәні болуда. Кімде кім осы тәжірибенің жаратушысы болса, оның еңбегі басқа тәрбиелеушілер үшін үлгі болса, - сол мектеп директоры болуға тиіс. Осындай директорсыз – жақсы тәрбишісіз – осы күндері мектепті елестетуге болмайды. Тәрбие – бұл ең бастысы адам тану. Баланы білмей, оның ақыл – ой двмуын, ойлауын, қызығушылықтарын, әуестенулерін, қабілеттерін, талаптарын, бейімділіктерін білмей, тәрбие болмайды. Аурухананың бас дәрігері өз пациенттерісіз нағыз дәрігер бола алмайтыны сияқты, мектеп директоры да, егер онда тәрбиеленушілер жоқ болса, тәрбиешілерге басшылық жүргізе алмайды. Егер де ол бала мектепке келген алғашқы күндерінен бастап кәмілеттік аттестатын алғанға дейін онымен бірге баспалдақтан баспалдаққа көтерілсе, тікелей оның ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, эмоциялық, дене дамуы жөнінде қамын ойласа, оған өзінің рухани байлығымен бөліссе, өзінікі деген мағынада айтамыз. Мектепте кім орталық фигура болады? Мектеп директоры басқа тәрбиешілер теңелу керек болатын тәрбие үрдісінің қай аясында үлгі болуға тиіс? Мектептің басты фигурасы – бұл алғашқы балалар ұйымы – сынып ұжымының тәрбиешісі. Ол оқушыларға білім беретін мұғалім де. Оқу – бұл тәрбиелеу түсінігінің кең мағынасындағы гүл күлтелерінің бірі болуда. Тәрбиелеуде гүлдің әсемдігін құрайтын көптеген күлтелерінің арасында басты күлтесі жоқ сияқты басты және болмашысы жоқ. Тәрбиелеуде барлығы – сабақ та, сабақтан тыс уақытта балалардың қызығушылықтарын дамытуда, ұжымдағы тәрбиеленушілердің өзара қарым – қатынасы да басты болады.



2 – Қосымша материал

А) Педагогикалық ғылымдар докторы, мектеп директоры Е.А. Ямбург сұхбатында өзі туралы былай айтты:

- Мен, өкінішке орай, тым либералмын. Сондықтан да, педагогикалық кадрларды өзара толықтыру қағидаттары бойынша іріктеимін. Көбісі жасайтындай, егер мен орынбасарларымды және мұғалімдерді өзіме қарап таңдасам, мектепті басқару жылдам жоғалтар еді. Либералды директордың қол астында бір – екі өктемшіл орынбасары, ал өктемшілде бір – екі либерал – орынбасар болуға тиіс. Сонда мектеп кемесі қандай да бір жаққа аутқымай жүзеді. Бұл педагогтарғада қатысты, өиткені келешекте балалар жұмсақ және қатал, демократ және демократ емес іртүрлі адамдармен жұмыс істеуге, қызметтес болуға тура келеді.

[Дереккөзі – http://www.rg.ru /2008/08/28/ yamburg.htm]

Б) Ол – 45–те, ал ол – 27-де. Ол… маңызды кәсіби байланыстарға ие болған директор, ал ол – диссертация қорғап үлгірген, бірақ әлі басқарушылық тәжірибесімен біліктілігі жоқ орынбасар. Ол – гуманитарий, ал ол – химик.

Басқа нұсқа. Олар бір буынның адамдары. Ол – көшбасшы, ғылымдар докторы, … ойлампаз және зерек. Ал ол – орынбасар, қылықты және оған әрнәрсе де оған сәйкес болуға ұмтылатын бейқам оқушы қызға ұқсас. Ол – қой көзді және қабағы қатыңқы қара торы еркек. Ол жасыл көзді және оның қолаң жирен шаштары күнге ұқсас.

« … »

В) Ұйымды мықты көшбасшы басқарады. Директордың сыртқы бейнесі мектеп қуатына дес бермейді. Күш пен қуат. Ең сүйікті мұғалім де осылай көрінетіне таңдаудың еш қажеті жоқ. Директор – зияткер және қол астындағылардан да (осы қабырғаларда оннан астам ғылым кандидаттары дайындалған), балалардан да (келешекте олардың арасында да әр екінші оқушы медаль алушы болады) осыны талап етеді. Мектептің әр бұрышында директордың «өз адамы» бар деген сезім пайда болады Директор оларға толығымен сенеді және олар арқылы көрінетін «мен» дегені ешқашан алдамайтынын біледі.



Руднев Е.А. Лидер и его команды

//Директор школы. – 2006. - №5. –б. 15 – 22
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Е Қосымшасының негізінде («Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының типтік білітілік сипаттамалары») мектеп директорының және директор орынбасарының функционалдық міндеттерін салыстырыңыз.

  2. Ұсынылған 1 – Қосымша материалымен танысыңыз. В.А. Сухомлинский көрсеткен мектеп директоры функцияларын және лауазымдардың типтік біліктілік сипаттамаларында ұсынылған функционалдық міндеттемелердің берілуін салыстырыңыз.

  3. 2 – Қосымша материалында директордың өздеріне орынбасапларды іріктеу нұсқаларымен (А. Б. В) танысыңыз. Бүкіл білім беру мекемесі, оның педагогикалық ұжымы, басқарушылардың өздері үшін әр нұсқаның оң және кері әсерлерін анықтаңыз. Өз қортындыларыңызды дәлелдеңіз.

  4. Басқару иерархиясындағы орны, басқарушы функцияларды қолдану аясы бойынша менеджер лауазымдарының санаттарын көрсетіңіз.

  5. Білім беру аясында, басқарушы функцияларын атқаратын басшы нені алу керектігін атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет