5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет5/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
50 әдіс тәсіл түрлері Бейсенова М, план самообр.Досмаилова, план самообр.Досмаилова
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Ал егер жалпы менеджмент мәселелерін шешу туралы сөз қозғасақ, оның түсінігі мен мәні адамзат қоғамының дамуына сәйкес өзгеріп, жаңа сипат пен ерекшеліктерге ие болады. Менеджмент рөлі, оған деген көзқарас уақыт өткен сайын айтарлықтай өзгеріп отырады. Сондықтан менеджмент міндеттері мен мәселелерін зерттеу, бұл саладағы білімдерді үнемі жаңартып отыру кез келген, біршама қысқа уақыт мерзімінде үнемі өзекті мәселе болады. Менеджмент белгілі бір білімдердің ғана емес, сонымен қатар дағдылардың, ерекше кәсіби сипаттамалардың жүйесі ретінде сыртқы және ішкі ортаның факторларымен ерекше үйлесе отырып, нақты жағдайда белгілі бір басқарушылық шешімді іздеу және оны қабылдауды меңзейді. Бұл сапа менеджментіне де қатысты.

Сонымен, біз менеджмент – бұл дербес білімдер саласы, ғылым және адам қызметінің ең күрделі саласы деп анықтадық. Менеджмент – бұл өнер, себебі адамдарды басқаруда тек зият, табиғаттың даму заңдарын, технологияларды білу және техниканы басқару ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік даму заңдарын білу, интуициялық бастауды пайдалану, «әлеуметтік технологиялар» әдістерін білу және пайдалану, адамдардың өзара қарым-қатынастарын басқара алу деген сөз. Яғни, адамдарды басқару үдерісінде шынайы болмысты көрсетудің сезім-бейне түрлері пайдаланылады. Ал өнер орасан зор танымдық және қоғамдық-тәрбиелеу мүмкіндіктеріне ие бола отырып, адамдардың ойына, сезімдері мен жігеріне белсенді әсер ете отырып, адам қызметінің кез келген саласында, соның ішінде өндірістік өзара қарым-қатынастарында да аса маңызды рөл атқарады.

Ұйымдастырушылық басқару білім саласы және ғылым ретінде тәжірибенің мыңдаған жолдары бойы жиналған білімдер қосындысы ретінде көрінеді, ол басқарудың тұжырымдамалары, теориялары, қағидаттары, тәсілдері мен түрлері ретінде берілген. Басқару ғылым ретінде өз күшін басқарушылық еңбек табиғатын, себеп пен салдар арасындағы байланыстарды түсіндіруге, адамдардың бірлескен еңбегі тиімдірек және нәтижесі көбірек болатын факторлар мен жағдайларды анықтауға бағыттайды деп есептеледі.

Өнер, сондай-ақ шындық болмысты бейнелі түрде көрсетумен байланысты қоғамдық сана түрінің бірі болып табылады. Бейнелі қорытындылау, типтеу үдерісі және деректіге, жеке тұлға әсеріне жалпыға бірдей мән және қоғамдық құндылық береді. Адам жеке және қоғамдық қасиеттерінің бірлігінде өнер үшін басты таным нысаны болып табылады. Ең күрделі қоғам заңдылықтары өнерде адамдардың бір-біріне және қоршаған әлемге деген қатынасын тану арқылы ашылады.

Басқаруды өнер ретінде ұғыну – адам, оның өндірістік қызметі және адамдар әрекеттесетін ұйымдардың қызмет етуіне сыртқы және ішкі ортаның көптеген әртүрлі факторлары әсер ететін күрделі әлеуметтік-техникалық жүйелер болуына негізделеді. Ұйымдарда және ұйымдармен жұмыс істейтін адамдарда бұл ең маңызды фактор, оны есепке алу ғылыми тәсілдемені пайдалануды ғана емес, сонымен қатар оны нақты жағдайларда пайдалану өнерін де талап етеді. Нақты шаруашылық жағдайлар, өз табиғатына қарай бірегей және менеджер мардымсыз деп санаған жағдайлар ойламаған жерден аса маңызды мәнге ие болатыны өте жиі кездеседі. Сондықтан ұйымдағы адамдардың тәртібіне басшылық жасау ілімін толық мөлшерде басқару алгоритмдерін құруға әкеліп сыйғызып, бүге – шүгесіне дейін анықтамалық құралдарда мазмұндап беруге болмайды. Басқарушы жұмысында шығармашылық және эвристикалық операциялар маңызды орын алады, бірақ нақты осы компоненттер нысандауға келмейді, себебі зияткерлік еңбек механизмдері әлі де зерттеліп болған жоқ. Демек, ұйымдағы адамдардың тәртібін басқару өзінің дамыған нысанында атқарушылық өнердің ерекше түрі болып көрінеді – бұл ғылыми негізделген және кәсіп пен шабытты, талант пен кәсіби дағдыларды ұштастыратын еркін шығармашылық қызмет болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет