5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі


Адами қатынастар мен тәртіптік көзқарас тұжырымдамасы



бет7/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
50 әдіс тәсіл түрлері Бейсенова М, план самообр.Досмаилова, план самообр.Досмаилова
Адами қатынастар мен тәртіптік көзқарас тұжырымдамасы бірінші кезекте американдық әлеуметтанушы әрі психолог Элтон Мейоның есімімен байланысты, ол өз теориясын 13 жыл бойы жүргізген Хоторн эксперименттерініңнегізінде шығарған. Бұл эксперименттер қазіргі уақытта қызметкерлер менеджментіне жатқызылатын: олардың жүргізілуі жұмысшылардың еңбек уәж деңгейін арттыру міндеттерін шешумен; қызметкерлерді өндірісте жаңалықтарды жағымды қабылдауға психологиялық даярлау; қызметкерлердің ынтымақтастығын және олардың еңбек моралін дамыту, қызметкердің жеке дамуына ықпал ету факторы ретінде ұйымдастыру және басқару шешімдерінің сапасын жақсарту проблемаларымен байланысты болды. Эксперимент барысында алынған деректер оған келесі қағидаттық ережелерге негізделген адамдардың қарым-қатынас доктринасын әзірлеуге мүмкіндік береді:

Адам дегеніміз – «социобильдік жан», ол белгілі бір топқа қатыстылыққа бағдарланған және топтық тәртіп контекстіне енгізілген.



  • қатал иерархиясы бар бюрократиялық ұйым адамның табиғаты және оның еркіндігімен үйлеспейді.

  • кәсіпорын басшылары өнімге қарағанда адамдарға көбірек

бағдарлануға тиіс. Адамдардың өнімділігін арттыру үшін оларға еңбек ету және қатысуға жағымды жағдай жасау қажет.

  • бір адамды марапаттауға қарағанда бүкіл топтың еңбегін марапаттау тиімдірек. Басшылықтың демократиялық стильі, еңбек және өзара қарым-қатынастарды қанағат тұту деңгейін арттыру, ынтымақтастық атмосферасын жасау әлеуметтік марапаттау элементтері болып табылады [102].

Э.Мейо пікірінше, басқарушылардың назарын адамдардың еңбек қызметінің әлекметтік және психологиялық аспектілеріне шоғырландыру – қоғамдық қарама-қайшылықтарды шешудің және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі амалы. Оларға еңбек өнімділігін арттырудың келесі тәсілдерін ұсынған:

- кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшыларының өзара мүдделерін есепке алуға негізделген паритеттік басқару;

- жаңа техника мен технологияларды енгізумен, еңбектің жағымды жағдайын жасаумен қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;

- ұжымдық шешімдерді қабылдау, кәсіпорынды басқарудың демократиялық стильі;

- жұмысшыларды кәсіптік оқытуға және оларды кәсіптік біліктілігін арттыруға жағдай жасау.

Ресейде бұл уақытта еңбекті еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) саласында мамандар А.К.Гастевтің, П.М.Керженцевтің және т.б. біртума еңбектері пайда бола бастады, олар өз назарын адамдарды,өндірістік ұжымды басқарудың тиімді әдістерін әзірлек, еңбек қызметін өнімді ұйымдастыруға шоғырландырады. Мәскеуде Орталық еңбек институтын (ОЕИ) басқара отырып, А.К.Гастев жаңа ғылыми – әлеуметтік инженеризм идеяларын әзірледі, ол жаратылыс ғылымдары, әлеуметтану, психология және педагогика әдістерін өзіне біріктірді.

— мектепке окушылардың жаңа контингенттерін қабылдауын ұйымдастыру;

- мұғалімдердің және мектептің басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдауын ұйымдастыру;

- педагогикалық кадрларды белгілеу, оқу жүктемесін бөлу;

- мектеп жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, оқушылар ережесін және білім беру мекемесінің басқа жергілікті актілерінің әзірленуін және жүзеге асуын ұйымдастыру;

- мектептің қызмет етуін тактикалық және жедел жоспарлау әрекетінің басымды бағыттарын анықтау;

- сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты тактикалык және жедел жоспарлау және тағы басқалары.

Онымен мектеп дамуының және инновациялық үдерістермен басқару функцияларының үлгі құрамы келесі тізіммен ұсынылған:

- жағдайдың стратегиялық талдауы және әлеуметтік тапсырыс өзгеруінің беталыстарын, қоғамның мектепке деген талаптарын болжау;

- мектептің әлеуметтік маңайындағы, білім беру саясатындағы, аймақтық білім беру жүйесіндегі өзгерістердің мониторингі;

- мектеп жетістіктерінің,білім беру үдерісінің, мектептің бар озық тәжірибесін, бәсекелес артықшылыктарының жүйелі талдауы мен бағалауы;

- мектеп қоғамдастығы мәнінің өзін-өзі анықтауын, кұндылықтар жүйесінде бағдарлауын және басқаларын ұйымдастыру.

Мектепішілік басқарудың қызмет етуімен және өз бетімен дамуымен басқару функцияларының тобына автор білім беру мекемесімен басқарудың жүйесіне қатысты әрекеттерді енгізеді:

- мектепті басқаруга деген көкейкесті және болашак талаптарды анықтау;

- басқаруға деген талаптарды өзгерту тарапынан мектептегі және оның қоршаған ортасындағы жағдайдың мониторингі;

- басқаруға әсер етуі мүмкін ықтимал қауіптіліктердің және кері факторлардың мониторингі;

- басқарушы міндеттерді шешу үшін оң мүмкіндіктердің мониторингі;

- мектепті басқарудың қолданыстағы жүйесінің жетістіктері мен артықшылықтарын талдау;

- мектепішілік басқарудың жалпы және жекелеп, оның барлық ішкі жүйелерінің жаңа жүйесін жобалауды ұйымдастыру;

- мектепті басқару субъектілерінің өзара әрекетін ұйымдастыру және үйлестіру;

- басқарушы қызмет пен ағымдық жоспарлау және т.б.

Білім беру жүйесін басқару функцияларының жіктелуі А. М.Новиковпен әзірленген . Білім беру жүйесінің барлық функцияларын ол өзара байланысты екі түрге бөледі:

1. Халыққа білім беру қызметтерін көрсететін сыртқы, негізгі түрі;

2. Оның үздіксіздігін және дамуын қамтамасыз ететін ішкі, қосалқы түрі.

Ол басқарудың негізгі функцияларын білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі қағидаттарына байланысты бөледі. Осы қағидаттар:

- (білім) сапасын,

- (білімнің) колжетімділігін,

- (білім беру жүйесінің) тиімділігін арттыруды көздейді. Басқару жүйесіне қатысты жалпы біріктіру, жүйе құрушы рөлін атқаратын барлык деңгейдегі білім берумен басқару органдарының негізгі, басты функцияларына сәйкес келесілер аталған:

1. сапамен басқару;

2. қолжетімділікпен басқару;

3. тиімділікпен басқару.

А. М. Новиков білім берудің сапасымен, қолжетімділігімен және тиімділігімен басқару басқарудың барлық басқа функционалдық ішкі жүйелерінен (басқарудың дәстүрлі түсінігінен айрыкшаланғанда) тек басқарушылар ғана емес, білім үдерісінің барлық катысушылары - мұғалімдер, окушылар, ата-аналар да қатысатындығымен едәуір ерекшеленетінін көрсетеді. Оның әркайсысы өз орнында және өз каражатарымен білім беру сапасының, қолжетімділігінің және тиімділігінің талап етілетін және күтілетін деңгейіне кепілдік беруге тиіс.

Онымен басқарудың қосымша (камтамасыз ететін) функциялары уәждеу,кадрлық,ғылыми-әдістемелік,қаржы,материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық, ақпараттық қамтамасыз ету сияқты білім беру жүйелерінің ресурстық қамтамасыз ету логикасында құрылымдалған. Біздің көзқарасымыз бойынша, басқару мен қамтамасыз етуді теңдестіру дұрыс емес және де ол басқарушы қызмет пен басқару функцияларының ерекшелігін аныктауға ықпал етпейді. Мысалы, осы жұмыста автор басқару мәселелері жөніндегі әдебиетте базалық ретінде қарастырылатын функцияларға қатысты «басқару механизмдері» және «басқару кезеңдері» терминдерін колданады. Бұл басқарудың кейбір құраушыларының көпмағыналы түсіндірілуіне әкеп соғады, яғни ресурстық қамтамасыз ету: 1) косымша (қамтамасыз ететін) функция, 2) басқару механизмі (әрі қарай қараңыз), 3) басқару кезеңі деп түсіндіріледі.

Ол білім берудің басқару модельдерін жаңғырту кезінде (көптеген «іс-шараларды») жоспарлау және бәрін бақылау сияқты басқарудың екі механизмін дәстүрлі пайдаланудан механизмдердің толық жиынтығына (цикліне) ауысуы маңызды екендігін көрсетеді. Бұл механизмдердің қатарына мыналарды жатқызады:

- басқарылатын білім беру жүйесінің бастапқы күйін «есеп жургізу нүктесін» анықтау үшін қажетті ағымдағы жағдайын талдау, оған катысты жүйенің дамуына басқарушы әсер етулер немесе әсер етпеулер бағаланады;

- білім беру жүйесі тәртібінің динамикасы калай болатыны, ол «идеалды жағдайдан» қаншалықты алшақтанатыны немесе жақындатылатыны жөнінде айтуға мүмкіндік беретін білім беру жүйесінін дамуын болжау;

- мақсат қою, яғни дамудың жалпы мақсаттарын, сондай-ақ білім беру (жүйесінің оның даму мақсаттарына қазіргі және немесе келешек жағдайына сәйкестігін көрсететін тиімділік межелерін қалыптастыру;

- кезеңдегі немесе болжанатын жағдайларда қойылған мақсаттарға жетуге немесе барынша жақындауға мүмкіндік беретін әрекеттердің, іс-шаралардың және басқа даму міндеттерінің жиынтығын анықтау жүргізілетін жоспарлау;

- жоспарлау нәтижесінде уәждеу, қаржы, кадрлық, ақпараттық және басқа ресурстарды енгізетін іс-шаралар жиынтығымен анықталған ресурстармен қамтамасыз ету;

- білім беру жүйесінің дамуына бақылау жүргізу, ол жоспарға сәйкес қолданылатын басқарушы әсер етулермен туындалған өзгертулерге, сондай-ақ жоспардан ауытқуларды анықтауға үнемі мониторинг өткізу арқылы жүзеге асырылады. Даму міндеттерін шешу барысы туралы жаңа ақпарат (бақылау функцияларын жүргізу нәтижесінде алынған) түскен сайын түзетуші әсер етулерін енгізу қажет болу мүмкін, бұл жедел басқарудың мәнін кұрайды;

- жүргізілген өзгертулерді талдау - білім беру жүйесімен әрі қарай басқарудың стратегиясы мен тактикасын әзірлегенде қолданылуға тиіс даму тәжірибесін жалпылау.

Менеджмент функцияларын жіктеуге деген әртүрлі көзқарастарды зерделеу функциялардың 2 тобын бөлуге мүмкіндік береді: негізгі және қосалқы. Негізгі функцияларға келесілер жатады:

1. жоспарлау,

2. ұйымдастыру.

3. уәждеу,

4.бақылау. Бақылау нәтижесінде алынған деректердің негізінде технологиялық үдерістердің тузетілуі жүргізіледі.Қосалқы функциялары тобына келесілер енеді.

5.шешімдерді қабылдау функциясы,

6.ақпарат және байланыс функциясы.

Функциялардың қатаң және бір мағыналы бөлінуі тек абстрактілік деңгейде міселені теориялык тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екені даусыз. Басқарудың тұтас үдерісінде менеджмент тәжірибесінде осы функциялар тығыз алмасуда. Сонымен, мысалы, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру функция ретінде кызметкерлердің еңбек қызметін атқаруға уәждеуін бір уақытта жүргізуін және осы бақылау нәтижелерінің негізінде шешімді қабылдауын көздейді. Г.Я. Гольдштейн «Өндірістік бірлестікпен және өнеркәсіптік кәсіпорынмен басқару» сәйкес басқарудың кезеңдері (сатылары) бойынша жалпы функциялармен қатар, қызмет аясында айқындалатын нақты функциялар да анықталатынын көрсетеді.Ол олардың типтік құрамын ұсынады:

- өндірісті ұйымдастыру

- технологиялық үдерістермен басқару;

- метрологиялық камтамасыз ету;

- технологиялық бақылау және сынақтар;

- өнімді өткізу;

- кадрлармен жұмысты ұйымдастыру;

- еңбек және еңбекақыны ұйымдастыру;

- материалдық-техникалық жабдықтау;

- қаржы қызметі және басқалары.

Білім беру мекемесімен басқаруда жоғарыда көрсетілген 6 функция осы басқару жүргізілетін қызмет саласына байланысты айқындалу мүмкін: оқу және тәрбие үдерістері, әдістемелік жұмыс және педагогтардың біліктілігін арттыру, тәжірибелік-эксперименталдық ғылыми-зерттеу жұмысы, білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын кұру және бекіту, т.б. Менеджменттің негізгі және қосалкы функцияларының мәнін қарастырамыз. Жоспарлауды бірнеше межелер бойынша жіктеуге болады, нақтылап айтқанда:

- қамту дәрежесі бойынша (жалпы және бөлек),

- қызмет ауқымы бойынша (стратегиялык; тактикалық, жедел),

- қызмет ету салалары бойынша (мектепке қатысты - жалпы біліммен қамту, тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс және басқалары бойынша жұмысты жоспарлау),

- мерзімдер бойынша (қысқа, орта, ұзақ мерзімді),



- нұсқаулылық дәрежесі бойынша (барлық әрекетгер мен іс-шаралар көрсетілетін қатаң жоспарлау; ойламаған жағдайлардың пайда болу мүмкіндігіне және олардың негізінде жоспардың жедел түзетілуіне жол берілетін икемді жоспарлау).

2-кестеде қызмет ауқымы бойынша жоспарлау түрлерінің салыстырмалы талдауын жүргіземіз.

Менеджменттің осы функциясын жүзеге асырғанда мыналарды нақты анықтау қажет:

0 жоспарлау объектісін (не жоспарланады)

- жоспарлау субъеісгісің (кім жоспарлайды),

- жоспарлау кезеңін (қандай мерзімге),

- жоспарлау әдістемесін (қалай жоспарлау),

- жоспарларды келісу (қандай, кіммен қандай шарттарда). Жоспарлау кезінде жиі пайда болатын мынадай проблемалардың

бірқатарын шешу қажет болады:

- дамудың тиімді нұсқаларын таңдаудың белгісіздігі, осы нұсқаларды іріктеуде уақытша және ресурстық шектеулер;

- бастапқы жағдайдың талдауының күрделілігі, еңсеруіне жоспарланатын қызмет бағытталған бар проблемалардың нақтылауы мен құрылымдауының жеткіліксіздігі;

- соңғы жағдайды (жоспарланатын нәтижені) елестету, даму сипатын болжаудың қиыншылығы;

- білім үдерісінің барлық қатысушыларының қажеттіліктерін есептеу және басқалары.

Заманауи білім беру мекемесінде жүргізіліп жатқан жоспарлау міндеттің, стратегияның, саясаттың анықтауы мен тұжырымдамасын көздейді. Жоспарлаудың осы элементтері білім беру ұйымында сапа менеджмент жүйесін кұрғанда, сапамен басқару үдерістерін қалыптастыруда маңызды болады.

Мектеп қызметінде жоспарлардың келешек, жылдық және ағымдағы жоспарлар сияқты негізгі түрлері бар. Стратегиялық, жедел және тактикалық жоспарлаудын саналы қиылысуы - білім беру мекемесі жұмысының тиімділігінің маңызды факторы. Бұл жағдайда стратегия мекеменің және оның қызметкерлерінің нақты кызметін көрсететін кысқа мерзімді жоспарларымен бекітіледі. Өз кезегінде, тактикалық жоспарлар нақты басқарущы әрекеттерді белгілейді.

Келешек жоспары, әдеттегіше, соңғы жылдардағы мектеп жұмысына терең талдаудың, қоғамның, білім беру жүйесінің даму беталыстарының негізінде бес жылға әзірленеді.

Жылдық жоспар, жазғы демалысты қосқанда, бүкіл оку жылын камтиды. С. М. Курганский жылдык жоспарды дайындау алгоритмінде келесі кезеңдерді анықтайды:

- мектептегі істер жағдайы, сол жеткілген мақсаттар және шешілмей қалган міндеттер жөнінде ақпаратты енгізетін жоспарлауга дайындық;

- негізгі бағыттар бойыиша жоспарларды құру (жалпы біліммен қамту бойьнша жумыс, тәрбие жумысы, педагогтардың беліктілігін арттыру, мектепішілік бақылау және басқалары);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет