5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет43/44
Дата18.05.2020
өлшемі366.04 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Гришина Н.В.Психология конфликта. –

Спб.:Питер, 2004.-б.307-309.

К ҚОСЫМШАСЫ

«Жаңа формациядағы мұғалім» атты қалалық тәжірибелік алаң мектептерінің әдістемелік жұмысын талдау өлшемдері

НҰСҚАУЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

1.Бағдарламаның ғылыми негізделуі(педагогтің кәсіби дамуының белгілі тұжырымдамасына тірек материал).

Педагогикадық ұжыммен және жеке педагогтармен жұмыс кезінде Сіз қандай тұжырымдамаға (Н.В.Кузьминаның, Н.Д.Хмельдің,Л.М.Митинаның, А.К.Макрованың және басқа авторлардың) сүйенесіз?

Сіздің мектебіңізде педагогтардың кәсіби және жеке дамуында қандай проблемаларды ең маңызды деп санайсыз?

2.Жүйелі көзқарас. Мақсаттар мен міндеттер жүйесінің болуы. Мектеп ерекшелігі, оның міндеті, педагогикалық ұжымының сипаттамасы талдауының, мектеп пен педагогтардың жетістіктері мен шешілмеген проблемаларын анықтаудың негізінде мақсаттық бағдарларды қалыптастыру.



Сіз әдістемелік жұмыста қандай мақсаттарды қоясыз? Осы мақсаттар бүкіл ұжымға бағдарланған ба немесе жеке педагогтар немесе педагогтардың топтары үшін нұсқаулық мақсаттар анықталған ба?

Әдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері мектептің жалпы маұсаттары мен міндеттерімен, оқушы және педагогмкалық ұжымның ерекшеліктерімен, мектеп алдында тұрған проблемаларымен өзара қалай байланысты?

Сіз мектеп қызметінің қандай негізгі проблемаларын атай аласыз?

3.Тұтас көзқарас. Педагог кәсіптілігінің барлық құрауыштарының дамуына және жетілдіруіне бағыттылық: уәждеу, когнетивтік(білімдік), үдерістік және рефлексивтік.



Сіз мектбіңіздің педагогі үшін қандай негізгі құрауыштар, кәсіби маңызды қасиеттер және жеке мінездемелер маңызды деп санайсыз?

Сіздің мектебіңізде әдістемелік жұмысты атқарғанда оның оның қайсысына ең көп назар аударылады?

Мұғалімде ойлаудың инновациялық, шығармашылық үлгісін қалыптастыру үшін қандай мүмкіншіліктерді көрудесіз?

Сіздің пікіріңіз бойынша, педагогтің қандай қасиеттері оның қызметіне кері әсер етеді?

Әдістемелік жұмыста осы ұасиеттерді бейтараптандыруға қалай ықпал етуге болады?

4.Кешендік көзқарас. Жүйенің және қолданылатын нысандар мен әдістердің болуы. Инновациялық нысандар мен әдістерді пайдалану.



Мектептегі әдістемелік жұмыстың пайдаланатын нысандары мен тәсілдерінің алуантүрлігі қандай?

Сіз педагогтардың қандай оқыту инновациялық әдістерін қолданасыз?

Олардың қолдануы қаншалықты негізделген?

5.Субьектік көзқарас (кәсіби және тұлғалық өсудің белсенді субьектісі ретінде педагогтің рөлін жүзеге асыру).



Кәсіби қызметтің субьектісі ретінде педагогтің негізгі сипаттамалары: түрлендіруші, саналы, мақсатты белсенділік; рефлекцияға деген қабілеттілік (өзіндік талдау); субьектімен мақсаттарды,құралдарды, нақты қызметті іске асыруын бақылау және адаммен осы таңдау үшін жауапкершілікті қабылдау мүмкіншілігі ретінде еркіндік; адаммен өзінің бірегейлігін, өзі және басқалары үшін жеке тұлғасының құндылығын сезіну, өзіне батыл, дербес, берік адам ретінде қарау, өзін-өзі құрметтеу; басқаны түсіну және өзінің өзгерулері жөнінде сыртқы беллгілерді қабылдау дайындығы.

Сіз мектептің әдістемелік жұмысында педагогтарда осы қасиеттердің қайсысын дамыту маңызды деп санайсыз.

Осылардың ішінде қандай тәсілмен жасауды ұсынасыз?

Сіздің пікіріңіз бойынша, әдістемелік жұмыстың қандай мазмұны және қандай әдістері мен түрлері осы жерде тиімді болуы мүмкін?

Педагогпен осы жұмысты ұйымдастырғанда және жүргізгенде қандай қиыншылықтар пайда болуы мүмкін?

Сіз оларды қалай еңсеруін ұсынасыз?

6.Педагогтың өзін-өзі оқыту және өзін-өзі дамытуын ынталандыру. Педагогтардың кәсіби және жеке өсу бағытыллығын қалыптастыруға ықпал ететін тиімді әдістерді пайдалану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет