5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі


І тарау. МЕНЕДЖМЕНТ; ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ



бет2/44
Дата18.05.2020
өлшемі366,04 Kb.
#69287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
вирус
І тарау. МЕНЕДЖМЕНТ; ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ

1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім жүйесінің заманауи жағдайы және даму келешегі

Индустриалдық қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік әрекетіндегі алатын басты рөлін анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман А.И.Субетто: «XXI ғасырдың адам және қоғамының жаңа онтологиясында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы және қоғамдағы білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты болып табылады» [99,44б. ]

Осының салдарынан, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің дамуымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының бағыттарын анықтау маңыздылығы едәуір өсуде. Осы саладағы мамандар мақұлдағандай [16], стратегиялық менеджменттің мәні-үш маңызды сұраққа жауап беруінде:

- Қазіргі таңда кәсіпорын қандай жағдайда?

- Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?

- Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?

Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кәсіпорын құрауышының бірі болатын жүйенің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда стратегиялық көру, әлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін түсіну қажет. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен қатар, білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық (келешектік) сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделуі тиіс.

Осы нормативтік –құқықтық актілерді әрекет ету саласы, оларды шығаратын субьектілері және басқа көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:



  1. жоғары заңдық құқыққа ие заңдар-актілер;

  2. заңға тәуелді актілер-заңдарға негізделген және оларға қарама-қайшы келмейтін актілер.

Білім беру қызметін және басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы және 2007 жылғы ҚР-ның «Білім туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ, мысалы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім туралы тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының үздіксіз педагогикалық білімінің тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын іске асыратын Білім ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар ұсынылған.

Қазақстан Республикасындағы білім жағдайы және дамуы туралы Ұлттық баяндама (2008ж.) «білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде тұрғындар үшін білім беру қызметтерінің жоғары сапасына қол жеткізу айрықша маңызды. 2000 жылы Нью-Йоркте ең дамыған елдер, Мемлекеттер Басшылар Саммитінің Декларациясымен қабылданған мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі-жалпы бастауыш білімге қол жеткізу, білім беру жүйелерінің бағытында ең жоғары сапасын белсенді жетілдіру» [66,4б.]

Белгілі болғандай, тұрғындардың білімділік сапасының межелері, адам денсаулығы, ұзақ өмір сүруі ІЖЖ мөлшері әртүрлі интегралдық ел аралық өлшемдерінің көрсеткіштері болады. Олардың ішіндегі, ең танымалдарының бірі - әртүрлі елдер мен өңірлердің өмір сүру деңгейлерін салыстырмалы талдаудың стандарттық құралы болатын адамның даму индексі. Тұрғындар білімділігі екі параметрдің негізінде – ересек тұрғындардың сауаттылығы және білім берудің негізгі деңгейлерімен (бастауыш, орта және жоғары) тұрғындардың қамтылуы дәрежесі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жағдайы және дамуы туралы Ұлттық баяндама (2008ж) айтылғандай, соңғы 12 жылда адам даму индексінің (АДИ) артуы бойынша елдердің тиісінше рейтингісінде Қазақстан 20 орынға жоғары көтеріліп, Беларусь және Ресейден басқа, ТМД-ның барлық елдерін артта қалдырып, 2007 жылы 73-ші орынды иеленді [66,5б]

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалардың қарқындылығы, кең көлемде дамуы мен динамиаксы осы салаға едәуір назар аударылғанын растауда. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекет дамуының жеті негізгі басымдылығынан, оның ішінде әлеуметтік өмір саласымен байланысты мына пунктерден тұрады:



  1. Ұлттық қауіпсізділік.

  2. Саясат ішіндегі тұрақтылық және қоғам консолидациясы.

  3. Шетел инвестицияларының және ішкі жинақтаулардың жоғары деңгейі мен ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

  5. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік пен байланыс.

  6. Кәсіби үкімет.

  7. Негізгі функцияларға дейін шектелген кәсіби мемлекет.

«Білім беру жүйесі» деп аталатын кеңінен қолданылатын термин нені ұқтырады? Білім беру жүйесі 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» Заңында өзара әрекет етушілердің жиынтығы ретінде төмендегіше сипатталады:

  1. білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білімнің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары және білім берудің оқу бағдарламалары;

  2. меншіктік нышанына, типті мен түріне қарамастан білім беретін, оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары;

  3. білімді басқару органдары және тиісті инфрақұрылым, оның ішінде білім сапасының мониторингісін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамту ұйымдары.

ҚР «Білім туралы» Заңының (2007ж.) 2 тарауы өз баптарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім саласындағы уәкілетті орган құзыреттілігінің, білім саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдары құзыреттілігінің сипаттамасын ашуда.

«Білім туралы» заңында көрсетілгендей, білім саласындағы мемлекеттік реттеу білімге деген конституциялық құқықтардың іске асыруын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға және білім беру ұйымдарымен ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары сапасын қамтуға бағытталған.(8 тарау, 54-бап)

Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің әртүрлі деңгейлері мен бағыттарын қамтитын инновациялардың тұтас жүйелерін енгізумен байланысты. «Білім туралы» заңында білім берудің оқу бағдарламаларындағы үздіксіздік пен сабақтастықты көздейтін деңгейлерге келесілер жатқызылған:


    1. мектепке дейінгі тәрбие мен оқу;

    2. бастауыш білім;

    3. негізгі орта білім;

    4. орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім);

    5. орта білімнен кейінгі орта білім;

    6. жоғары білім;

    7. жоғары білімнен кейінгі білім;

Балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім мен оқу жүйесінің мазмұнын білім берудің бүкіл жүйесімен жаңғыртуына сәйкес келісу қажеттілігі мектепке дейінгі мекемелер желісі сан жағынан ғана емес сапа жағынан да өзгере бастағанын анықтады. Дәстүрлі балабақшалар, балабақша-бөбекжайлармен қатар, оның ішінде баланың бастауыш жалпы білім алуына мүмкіндік беретін балабақша-мектептер құрыла бастады. 5 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп алды топтары мен сыныптар жалпы білім беретін орта мектептерде де ашылуда. Мұнда білім берудің осы деңгейлерінің арасында сабақтастық қағидатын жүзеге асыруға, олардың қызметін үйлестіруге жағдайлар жасалуда.

Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытудың көздейтін бейіндік оқытуды енгізді [1]. Осы педагогикалық жүйе және білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кәсіби бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кәсіби білім бағдарламасын игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімділік парадигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау және жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігімен қамтамасыз ету, жалпы орта және жоғары кәсіби білім деңгейлерінің сабақтастық мақсаттарына қол жеткізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру міндеті 12 жылдық мектепке есептелген жалпы орта білімнің белгілі халықаралық стандарттарына бағдарлауды негіздеді. Осыған байланысты елімізде балалар білімінің жаңа мерзімін қамтамасыз ететін білім беруге ауысуға деген дайындығы белсенді жүргізілуде. 12 жылдық білімнің құрылымдық-мазмұндық үлгісі, қажетті нормативтік құжаттары әзірленген, бірқатар қазақстандық мектептерде осы үлгіні енгізу бойынша эксперимент жүргізілуде.

Қазіргі танда, қатаң орталықтандырылған сипатқа ие болады деп күтілетін орта білім берудің мониторингтік жүйесі әзірленуде. Осы жүйеде ҚР Білім және ғылым министірлігі тұтынушыларға сапалы білім беру қызметінің кепілгері рөлін атқарады. Қазақстан Республикасындағы кәсіби білімнің барлық деңгейлеріне де түбегейлі өзгерістер тән. Орта кәсіби білімді мамандардың тапшылығы техникалық және кәсіби білім беру үлгілерін жаңғыртуды талап етеді. ҚР-ның Білім және ғылым министірі Республикалық педагогикалық форумдағы өз сөзінде, білім берудің осы деңгейінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шараларды айқындап, олардың қатарына бизнес-ассоциациялар өкілдерінің, жұмыс берушілердің, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында кадрларды даярлау бойынша 4 өңіраралық орталықтан және әлемдік деңгейдегі колледждерден, салалық және өңірлік кеңестерден тұратын «Кәсіпқор Холдинг» АҚ-ның қатысуын, Ұлттық кеңестің құрылуын атап өткен еді.

Бұл өзгерістер жоғары білім беру жүйесінде, құрылымында, мазмұнында, білім беру технологияларында, жоғары оқу орындары мәртебелерінің санатында орын алды. «Жоғары білімді реформалаудың маңызды нәтижелерінің бірі болып табылатын әр типті жоғары оқу орындарының желісі-университеттер, академиялар, институттар, филиалдар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстанның және өзге мемлекеттердің біріккен күштерімен құрылған жоғары оқу орындары, сондай-ақ мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының желісін дамыту»-деп көрсетілген [108,18б ].

Мұнын бәрі, сөзсіз, білім берудегі қызмет нарығының дамуына, бәсекелес ортаны құруға ықпал етеді. Нәтижесінде жоғары білім жүйесінің ілгері қарыштап дамуын қамтамасыз етуге қабілетті сыни көпшілік қалыптасады.

Сонымен, жоғары кәсіби білім реформаларының негізгі бағдарының қатарына оны нарықтық экономикаға сәйкестендіру және білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңестігінің енуі жатады, яғни ҚР-ның жоғары мектебі әлемде өтіп жатқан жаһандық өзгерістерден тыс қала алмады. Мысалы, ХХI ғасыр үшін жоғары білім туралы Дүниежүзілік декларация (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) [59, 91 бет] «тарихи бірнеше жүзжылдықтан тұратын жоғары білім өзінің өмірге икемділігін, өзгерістерге, қоғамдағы қайтадан жаңару мен өрлеуге деген өзінің қабілеттілігін дәлелдеп көрсетті» делінген. Қайта жаңарудың ауқымдылығы мен қарқыны зор болғандықтан, қоғам білімге негізделіп отыр. Қазіргі таңда жоғары білім және ғылыми зерттеулер адамның, қоғамдастықтар мен ұлттардың мәдени, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының маңызды құраушылары ретінде көрсетіледі. Сондықтан да «жоғары білім алдында түбегейлі өзгерістер мен жаңаруды талап ететін орасан зор міндеттер тұр,... терең дағдарысты басынан өткізіп жатқан біздің қоғамда, экономикалық пайымдаудың шегінен шығып, адамгершілік пен имандылық аса терең аспектілерін түсінуге мүмкіндігі болса»,-делінген.

Білім берудің заманауи жүйесіне ұсынылатын талаптар Қазақстанның Болон процесінің кеңестігіне кіруіне негіз болды. Болон декларациясының қағидаттарына сәйкес 2004 жылдан бері ҚР-ның жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білімнің көп деңгейлі құрылымы жүзеге асырылуда: бакалавриат-магистратура-докторантура (PhD).

Жоғарғы білімнің Еуропалық аумағына кіру елдің зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетінің қалыптасуын және бекітілуін, әлемде қазақстандық білімнің беделінің артуын, студенттер мен оқытушылардың және басқалардың ұтқырлығын қамтамасыз етуі тиіс. Еуропалық білім беру жүйесінің қызмет етуінің маңызды ұйымдастырушы-құрауышы кредиттер болғандықтан, қазақстандық жоғары оқу орындары да оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты. Осы жүйе оқушы тұлғасы рөлінің артуын, ол үшін жеке білім траекториясын икемді құру мүмкіндігін қарастырады.

Білім беру жүйелерін жақындастыру және үйлестіру үрдісі ретінде Болон процесін, сондай-ақ еуропалық ынтымақтастыққа ықпал ету қажеттілігін және салыстырылатын межелер мен әдіснамаларды әзірлеу мақсатымен білім сапасын қамтамасыз етуге әкеп соғады. Сапасын бақылаудан сапамен басқаруға ауысуға болады, бұл пайдаланылатын көрсеткіштер, рәсімдер, технологиялармен қатар, осы бағалау субьектілерінің аясын кеңейтетін тармақталған жүйенің құрылуын негіздейді. Білім сапасының мониторинг саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту тек жоғары кәсіби білім жүйесіне қатысты болмай, сонымен бірге жалпы орта білімнің білім беру мекемелерін де қамтыды, ең алдымен, оқушылардың нақты жетістіктері PISA, TIMSS және басқа салыстырмалы зерттеулер арқылы анықталады.

Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жоғары білім жүйесін реформалауына қатысуы, сөзсіз, әртүрлі сипатқа ие. Егер Азиаттық даму банкі және Дүниежүзілік банкі сияқты ұйымдар Үкіметпен бекітілген келісімдер аясында онымен үйлестірілген бағыттар бойынша жұмыс істесе, басқа ұйымдар Сорос-Қазақстан қоры, (ЮСАИД) өздерінің жеке бағдарламаларын жүзеге асырады. Еуропалық Кеңес комиссиясы (ТАСИС, ТЕМПУС), Академиялық алмасулардың неміс бағдарламасы (ДААД),Білім және тілдерді үйрену саласындағы ынтымақтастық бойынша американдық кеңес (ACSELS), Халықаралық алмасу бағдарламасы (IREX) және басқа ұйымдар Қазақстандағы білім бағдарламаларының дамуын қаржыландырды [108, 18-19 б]. Сонымен қатар, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары шетел университеттерімен оқу барысын жетілдіру бойынша, оның ішінде оқытудың, ғылыми-зерттеу қызметінің және басқалардың кредиттік жүйесін әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу мақсатында жемісті байланыстарды орнатты. Басқару үдерісін жаңғырту саласында білім және институционалдық аккредиттеу сапа менеджментінің жоғары оқу орындары жүйелерін сертификаттаумен ынтымақтастықта үдемелі жүргізілді.

Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен өзара әрекеттесуінің маңыздылығын және санаттық дифференциациясын (оқушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілердің, қоғам мен мемлекеттің) нақты түсінуі қажет. Бұл- жоғары оқу орындары үшін маңызды. «Білім жүйесі инновациялық нарықтық экономиканың сұраныстарын барабар ықпал ету қажеттілігінің алдында тұрған жағдайларда, жоғары білім жүйесінің жұмыс берушілермен серіктестігі жөніндегі мәселе ерекше мәнге ие болады. Қазіргі таңда серіктестік қатынастары тиісінше жүйеге рәсімделмеген, тұрақталмаған. Түлек мамандардың жәрмеңкелеріндегі эпизодтық кездесулер, жоғары оқу орындарының кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы шарттары бастамшыл-жеке сипатта көрінеді және жалпы реформалар саясатына елеулі ықпал етпейді. Өкінішке орай, жұмыс берушілер жоғары оқу орындарының білімін дамыту міндеттерін шешуден босатылған. Осы дан кліп екі параллельді әлем – білім берудің жоғары оқу орны жүйесі және еңбекпен қамту саласы бар сияқты көрінеді. Бұның дұрыс шешімі диалог арқылы мүмкін болатын білім берумен қатар, әлеуметтік проблемаларды тудырады» [108, 21 б].

Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да үлкен назар аударылуда, оның ұйымдастырылуы сандық өзгерістермен қатар, сапалы да өзгеретін болады. Келешекте мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу уақыты 3айға дейін артады, оның базасында біліктілікті арттыруды жүргізетін оқу мекемелерінің тізімдері де өзгереді, - бұл жерде педагогтардың біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы мен Назарбаев зияткерлік мектептері маңызды рөл атқаруы тиіс. Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстарында облыстық институттардың қызметтері біршама өзгереді.

Соңғы жылдары білім берудің барлық деңгейлерінде мазмұнды жаңарту бойынша едәуір қадамдар жасалды, бұл жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын әзірлеуде және енгізуде іске асырылған. Білім стандарттарын енгізу өз уақытында білім кеңестігінде білім беру мекемелерінің, оның ішінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес (жеке) мекемелер типтерінің сан алуандығымен сипатталатын бірыңғай міндетті нормаларын (ең аз талаптарын) тапсыру қажеттілігіне негізделген болатын. Нормативтік құжаттар ретінде стандартты енгізу анархияға жол бермей, қарама-қайшылыққа позитивті ауысуы мектептің демократияландыру үрдістерін реттеуге, білім қызметтерінің барлық тұтынушылары құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білім жүйесін технологиялық қамтамасыз ету барысында компьютерлік техника, мультимедиа құралдарын қолдану сияқты инновациялық өзгерістер кеңінен өріс алып келеді.

Инновациялық білім технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім үрдісіне қатысушылар қызметінің сипаты мен мәнін өзгертеді. Соңғы уақытта оның үлесі, әсіресе, жоғары кәсіби білім беруді едәуір артқан, қашықтықтан оқытуда студент пен оқытушының қызметі, оқу барысын ұйымдастыру түбегейлі өзгеруде.

Білім беру барысын ұйымдастырудағы және білім мазмұнын жетілдірудегі жаңа көзқарастар білім беру сапасын бағалау менеджерлерінде бағалаудың әдістері мен технологияларын және т.б.өзгерту қажеттілігіне әкеп соғады.

ҚР-ның білім беру жүйесінің даму динамикасынын талдау оның өткен жолын хронологиялық құрылымдауға мүмкіндік береді. Азиаттық даму банкімен жоғары білімге қатысты басталған жобада келесі мерзімділік әзірленген [дәйексіз бойынша: 108, 10-11 б ]:

Бірінші кезең (1991-1993 ж.ж.)-Қазақстанның білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының құрылуы – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (1992ж.) және «Жоғары білім туралы» Заңын қабылдаумен сипатталады (1993ж). Осы заңдар білім беру мен басқаруды демократияландыру, әсіресе, жоғары оқу орнының ашықтығының негіздерін қалады.

Екінші кезең (1993-1995ж.ж.)-жоғары білімді қосқанда, білім беру мазмұнын барлық деңгейде тұжырымды қайта қарастыру. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» (1995 жылғы 30 тамыз), «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» (1995 жылғы 5 қазан) Жарлықтары заңнамалық негіз болды. Осы кезең, біздің ойымызша, білім беруді орталықтандыруды күшейтумен және мемлекеттік бақылауды арттырумен ерекшеленеді.

Үшінші кезең (1996-1997ж.ж.)- білім беру мәнінің тұжырымды жаңартылуы және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының басталуы. Осыған басқаруды орталықсыздандыру және білім беру жүйесін қаржыландыру, оқу мекемелері типтерін және олардың меншік түрлерін диверсификациялпу жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын жатқызуға болады. Оған ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының білім мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Жарлығы негіз болуда(1996 жылғы 27 қаңтар).

Төртінші кезең (1998-2007ж.ж.)-білім беру саласында болған өзгертулерді бекіту, жоғары білімді қосқанда стратегиялық даму негіздерін бекіту және енгізу.

ҚР «Білім туралы» (1999 ж). Заңы, «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы (2000ж.) «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарда білім беруді дамыту» (2004ж.) бағдарламасы қабылданған. «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды (2007 жылғы 27 шілде).

Жоғары оқу орнының әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне ықпал ететін халықаралық келісімдерді, оның ішінде Лиссабон конвенциясын, Сорбон және Болон декларациясын жүзеге асыру үрдісі басталды. Жоғары оқу орындары студенттерді кредиттік технология бойынша оқытуға және бакалавр академиялық дәрежесін беру мен жоғары білімді жүзеге асыруға, сондай-ақ магистрлерді, философия докторларын (PhD) және бейін бойынша докторларды дайындауға ауысуда.

Білім сапасының менеджменті білім жүйесінің, оның кезеңдерінің ажырағысыз құрылымдық элементі, снымен қатар, «уақтың нақты ауқымында» оның жемісті қызмет етуі және көз жетерлік болашақта дамудың негізгі бағыттарын болжау факторы.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

Осы Бағдарламада басты мақсат болып білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігінің қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту көзделген. Бағдарламалық мақсаттардың ішінде мыналар көрсетілген:



  • білім беру қызметіне тең қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

  • педагог кәсібінің беделін арттыру;

  • білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

  • жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының интеллектуалды, дене және рухани жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;

  • қоғамның және экономиканың индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіби білімнің (әрі қарай ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіргізу;

  • еңбек нарығының, еліміздің индустриалдық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

  • өмір бойы білім алу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етуі;

  • жастардың бойында белсенді азаматтық ұсынымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Аталмыш бағдарламаның мақсаттары бірқатар міндеттерді көздейді:

  • жоғары білімнің еуропалық аймағына кіргізуді қамтамасыз ету;

  • білімнің, ғылымның және өңдірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау; жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

  • өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін жәнеәлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

  • білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу;

  • білім беруде мемлекеттік жеке серіктестік жүйесін (әрі қарай-МЖС) қалыптастыру;

  • білім беру дамуының мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды есепке алумен ұлттық білім беру статикасын құру және басқалары [2,б.3].

Негізін қалаушы құжаттар деректерінің бастапқы мақсаттық бағдарының талдауы заманауи менеджменттің енгізілуі ҚР-ның білім беру аясында реформалардың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы инновациялық бағыттың жүзеге асырылуы барлық деңгейлердегі және типтердегі білім беру мекемелері басшыларынан тиімді басқару құзыреттіліктерін талап етеді. Осы құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі Бағдарламада айтылғандай, 2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесі енгізіледі, бұл жайт басшылар мен педагогтардан басқарудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жаңа дағдыларын талап етеді.

«Білім туралы» Заңда әлдеқашан (2007 ж.) Білім беру және білім беру мекемелері мен басқару субьектілерінің аясын кеңейту үшін негізгі алғышарттар бекітілген болатын. Сонымен, мысалы, «Білім беру ұйымдарын басқару» 44-бабында «білім беру ұйымдарда алқалы басқару органдары құрылатын» көрсетілген. Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» заңының 47-бабында олардың білім беру ұйымын басқарудағы қатысы; сондай-ақ «кәмілетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа заңды өкілдерінде» келесі құқықтары бар екендігі көрсетіледі;


  1. баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

  2. «ата-аналар комитеті арқылы білім беру ұйымдары мен басқару органдарының жұмысына қатысуға» (49-бап «Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері»). Педагог қызметкердің мәртебесі оның білім беру ұйымдарының жұмысына қатысуға құқығы бар екендігін көздейді (51-бап «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі»).

Мектеп пен мемлекеттік-қоғамдық басқару жүйесін құру білім беру ісінің басқару үдерісінің мәнін түсіндіру үшін қамқоршылық кеңестер құру арқылы білім беруді дамытуда белсенді қоғамдық жұмыс жүргізеді, кеңестердің жұмысына жұмылдырылатын адамдар кең жұртшылықтың өкілдері болады. Білім беру сапасының жаңа түсінігі бүкіл әлеммен қатар, Қазақстан Республикасының да білім беруінің заманауи жүйесінде жүріп жатқан едәуір өзгертулер білім беру мекемелеріне сәйкес келуге тиіс уақыттың «жаңа шақыруларын», білім беру субьектілерінің қызметін, білім беру үдерісінің нәтижелерін негіздейді. Экономикалық өсу және демографиялық құлдырау жағдайларында білім берудің жаңғыртылуы ЖОО қызметінің негізгі бағыттары мен басқару жүйесі және тәжірибесін қайта ойлану және өзгерту қажеттілігін анықтайды. Сонымен, мысалы, жоғары білімде бірінші кезектегі назарды талап етуін келесі факторлар айқындалады:

  • жедел демографиялық құлдырауды болжауда, әсіресе, студенттер контингентінің азаюы, білім беру нарығында бәсекелестіктің өсуі- тұрақты бәсекелес ұстанымдарды іздеуге ынталандырылады;

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың ЖОО түлектеріне қажеттілігінің артуы, осының салдарынан оларда «тапсырысқа» мамандарды даярлауды қаржыландыруға қызығушылықтың пайда болуы;

  • ересектердің білімін келешек және ЖОО қызметінің қарқынды даму секторына ауыстыру;

  • мамандар даярлауда мемлекеттік тапсырыстарды жаңғырту және оларды ЖОО-да конкурстық, яғни бәсекелес, нарықтық негізде орналастыру [ 97,20-26 б.]

Көп аспектілі, қарқынды және үдемелі жүріп жатқан едәуір өзгерістер білім беру жүйесімен де білім мекемелерімен басқаруда да инновациялық көзқарастарды, менеджменттің ең тиімді стратегияларын жасауды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет