Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарында вариативтік бөлімді құрудың қағидалары



Дата29.12.2021
өлшемі15,15 Kb.
#106223
түріБағдарламасы
Байланысты:
баяндама БП
баяндама БП

Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарында вариативтік бөлімді құрудың қағидалары.

Жаңартылған нормативтік құжаттардың мазмұнын енгізу қазіргі білім беру ұйымдарының білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарына айтарлықтай өзгерістер жасауға ықпал етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында негізінде Үлгілік оқу жоспары, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы әзірленген, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты жаңартылды және бекітілді.

Үлгілік оқу жоспары – Стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат. Үлгілік оқу жоспарының мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдарда ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан ұйымдастырылған оқу қызметінің сағаттар саны көрсетілген инварианттық (міндетті бөлім) және вариативтік бөлімдер берілген.

Вариативтік білім беру – Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесін дамытудың негізгі ұстанымдары мен бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненттері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының: «Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша жас кезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарында вариативтік бөлімді ұйымдастыруда келесі қағидаларды ескеру қажет:

- әр жеке тұлғаның психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін, интеллектуалды дамуын ескере отырып, халыққа білім берудің барлық деңгейіне қолжетімділік, сапалы білім алуға барлығының тең құқылығы;

- психологиялық жайлылық (мейірімді атмосфера);

- табиғилылық - баланың денсаулығы, психикалық және дене дайындығы, ерекшелігі, бейімділігі, жеке ерекшеліктері мен қабылдауының оның жаратылысымен сәйкес дамуы;

- жеке тәсіл- баланы жеке тұлға ретінде дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

- кіріктіру-тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекетті басқа іс-әрекет түрлерімен кіріктіру;

- ғылымилық- балаларға шынайы ғылыми білім беріледі;

- мазмұнның дамытушылық әсері- баланың жақын даму аймағындағы біліміне сүйену,баланың таным әдістерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- жүйелілік- баланы әлемнің біртұтас бейнесі туралы біліммен қамтамасыз ету үшін, балаларға берілетін білімнің бір-бірімен байланысты болуы;

- өлке тану қағидасы - аймақтық ерекшелікті ескеріп, мектеп жасына дейінгі баланың алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыруды қамтамасыз ету;

- жеке тұлғаны білімге ынталандыру және дарындылығын дамыту.

Төмендегі талаптар орындалған кезде қажеттіліктері қанағаттандырылуы мүмкін:

- білім беру қызметін көрсету арқылы балалар мен олардың атааналарының қажеттіліктерін анықтау;

- білім беру ұйымының тақырыптық бағытына сәйкес білім беру ортасын жетілдіруге ықпал ету;

- педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

- педагогтарды жұмыстың сапасын жақсартуға ынталандыру

Вариативтік білім беру процесі – білім беру мақсатына қол жеткізу үшін процеске қатысушылардың өзара байланысты әрекеті (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты аясында). Бағдарламаны меңгеру барысында балалардың әрекетке ынтасының артқанын көрсетуі тиіс. Білім беру процесіне қатысушылар қалыптастыратын бағдарламаның вариативтік бөлімі мыналарды қамтамасыз етеді:

- мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы түрлендіруді;

- балабақша қызметінің басым бағыттарының болуын;

- санитарлық-гигиеналық, аурулардың алдын-алу және сауықтыру ісшараларын балабақшаның жағдайларын ескере отырып жүргізу ерекшеліктерін;

- балалардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен қабілеттіліктерін, сондай-ақ ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, нақты бір топтағы балалардың дене, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық-тілдік, көркемдікэстетикалық даму ерекшеліктерін;

- нақты мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылатын білім беру процесінің ұлттық-мәдени, демографиялық, климаттық жағдайлар ерекшеліктерін.

Балалардың білімге деген қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау үшін ата-аналармен сауалнама жүргізу ұсынылады. Баланың даму мониторингі және ата-аналармен жүргізілген сауалнама олардың сауалдарына жауап беретін жұмыстың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, келесі мәселелер ескерілуі керек:

- мектепке дейінгі ұйымдар орналасқан жердің климаттық жағдайлары; - балалардың зияткерлік және шығармашылық қызығушылықтары;

- мектепке дейінгі ұйымда әдіістемелік және материалдық қордың, аталған жас тобына арналған заттық-кеңістіктік ортаның болуы;

- арнайы мамандардың жеткілікті болуы.

Педагогикалық процесті әдістемелік қаматамасыз ету:

- МДҰ заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру;

- тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың орындалуы;

- бағдарламаның, жеке білім беру салаларының орындалуы туралы мониторинг жүргізу;

-заманауи талаптарға сәйкес әдістемелік қаматамасыз етудің мазмұнын жаңарту.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың толыққанды өмір сүруі үшін, тек оған білімді меңгертіп қана қоймай, өздігінен ізденуге, шығармашылықпен ойлай білуге үйрету маңызды. Вариативтік компонент оқыту барысында дамыта оқыту қағидаларын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық әдістер мен технологияларды енгізуді қарастыратын балалардың қызығушылықтары бойынша вариативтік бағдарламаларды қолданған жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы (27. 07. 2007ж. № 319-III).



2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 ҚРҮҚ). 3. Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусым №391 бұйрығы).

3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК БӨЛІМІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет