Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі мектепішілік «Жаратылыстану пәндеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау» атты семинарға қош келдіңіздер! Біз , мұғалімдер, алдымызға келген оқушыларға тек білімді меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар, Әбу Насыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтқандай, тәрбие мен адами құндылықтарды бойына сіңіре білуіміз қажет.
Бүгін Сіздерге орта білім беру бойынша айқындалған негізгі құндылықтарды физика пәнінде оқушыларға қалай, қандай тақырыптарда осы құндылықтардың көрітенімен таныстырамын.
Таныстырылымды Ш.А.Амонашвилидің сөзімен бастағым келіп тұр:
“Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды.”
Кез келген мамандықта да осы қағиданы еске алған жөн. Мамандығымыз көңілімізге қонбаса, одан нәтиже шықпайтыны бәрімізге белгілі. Оқушыларға білім бере отырып, олардың бойында адами құндылықтарды: ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамауды дамытамыз. Енді әрқайсысына кезекпен тоқталайын:
Орта білім беру бойынша айқындалған негізгі құндылықтардың бірі – ақиқат. Физика пәнінде бұл құндылықты біз кез келген зертханалық жұмыстарды орындау барысында оқушы бойында қалыптастырамыз.
8-сынып және 10 – сыныпта «Тізбек бөлігін тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында зертханалық, практикалық жұмыстар берілген. Осы жұмыстарды орындау барысында әрекетіміздің дұрыс немесе бұрыс жасағанда қандай әрекеттер орын алатынына көз жеткіземіз. Өмірде де дқрыс жасалған әрекеттің берері мол боларын осы құндылықты осы тақырыпта байланыстырып түсіндіреміз.
7- сыныптың физика сабағы. Тақырып: Күш. Сабақ мазмұнына басшылыққа жалпыадамзаттық құндылықты жоспарға жазамыз.
Құндылық: Ішкі тыныштық
Жалпыадамзаттық құндылыққа сай қасиеттерді жазамыз.
Қасиеттер: сабырлылық, сыйластық, жауапкершілік.
Сабақтың мақсатын құрғанда пәннін мақсаты өзгермейді.
Мысалы: Оқушылардың күнделікті тіршіліктен тәжірибе келтіре отырып күш туралы түсінікті меңгерту.
Сабақтың міндеттерін құрғанда алғашқы екі міндет пәннің мазмұны бойынша, ал үшінші міндетті жалпыадамзаттық құндылық және қасиеттермен байланыстырамыз.
1.Күштің, анықтамасын, шамасын белгіленуін, өлшем бірлігін, ерекшелігін меңгерту.
2. Тәжірибе арқылы бақылау, көз жеткізу, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушыларға сабырлылық, сыйластық, жауапкершілік қасиеттерінің мағынасын ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақты ұйымдастырғаннан кейін ой шақыру үшін берілетін тапсырманы былайша ұйымдастыруға болады.
1.Сыныпты үш топқа бөліп өткен тақырыптар бойынша тапсырма беру, топ басшысын сайлау. Әр топтың атын бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланыстыру. мысалы: I-топ Күш – білімде. II-топ Күш атасын танымас.
III-топ Көптің күші – бірлікте. Сыныпты шағын топтарға бөлгеннен кейін әр топқа топ атына түсінік беру тапсырылады. Мұғалім балалардың ойын адамның мәнді өмірінің негізгі күші – ар-ұжданмен өмір сүруінде екендігін айтып, ойды қорытып, топтың аттары мен мазмұнын талдау арқылы рухани күштің , ішкі тыныштықтың мәніне тоқталу арқылы сабақ тақырыбына ауысады.
Ай мен Күн бар адамзатқа, тірі организмге ортақ. Күн барлығына бірдей шапағаты мен нұрын төксе, Ай бәріне бірдей жарығын түсіреді. Сол сияқты, жақсы адамның да жан-жағына, айналасындағы қоршаған жандарға таратар шапағаты мен төгер нұры бәріне ортақ, бәріне бірдей тең. Ол ешқашан ешкімді бөліп жармайды немесе адамдарды таңдамайды. Жай ғана бәрін бірдей жақсылығы мен мейірімділігіне бөлеп жүреді. Сондықтан біз жақсы адамдарды Күнге немесе Айға теңейміз. Мысалдарды келтіре отырып, оқушыларға қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға болады. 8 – сыныпта «Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер», 10 – сыныпта «Қазіргі замандағы физиканың рөлі» тақырыптарында осы құндылықты оқушылар бойына сіңіруге бағытталған.
«Термодинамиканың» табиғаттағы қайтымсыздық заңдылығын қазақтың мақал-мәтелдерімен келтіруге болады «айтылған сөз-атылған оқ». Физика ғылымындағы Бүкіләлемдік тартылыс заңын «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен...» деген өлең шумақтарымен жеткізуге болады. Сол сияқты альфа, ветта, гамма сияқты өткір сәулелерді «сөз сүйектен өтеді» деп тұжырымдап, химиядағы сынап дейтін өте тұрақсыз затты «сынаптай сырғыған уақыт» деген әдемі сөз тіркестерімен салыстыруға болады. Алтын – ең салмақты қымбат металл. Ал оның ешқашан тот баспайтындығын білеміз. Мінеки, сол сияқты «жақсы адамныңда ешқашан жақсы ойлауының арқасында оған жамандық жуымайтынын білеміз». Осылайша өзін-өзі тану пәнін интеграциялау арқылы оқушылар, студенттер рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға, бүгінгі таңда өмір сүрудің алгоритмін жасай білуге үйренеді, өмірлік дағды қалыптастырады. Өзіне-өзі, қоршаған ортаға, кеңістікке, өзгерістер мен жаңалыққа жаршы, жанашыр және оны өздері жасай алуға ұмтылады. Жеке адамның адамгершілік-рухани қасиетінің өзге нәрселердің қай-қайсысынан да артық екендігіне сенімді болады, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауда адамгершілік ұстанымдары мен руханилық этномәдени өлшемдеріне сүйену шеберлігін қалыптастырады, өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, өзгелермен қоғамдаса өмір сүруге: түйіні қиын шиеленісті жағдайлардан дұрыс жол табуға, зиянды, қауіпті құмарлықтан бойын аулақ ұстауға, жауапты шешім қабылдай білуге әрекет етеді. Өзін-өзі бағалауға, жетілдіруге, өз өмірін жақсартуға деген қабілетін оятуға, ең алдымен өзін-өзі тану негізінде өзі туралы білімін қалыптастыруға, студенттердің үнемі белсенді қарым-қатынаста болатындығы арқылы олар өзінің ішкі ойларын, көзқарасын айта алуға дағдыланады, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болады, даралық, дербестік, өзіндік пікір қалыптастыруғы ықпал етіп, өзіңді де өзгені де құрметтей білуге үйренеді.
Сөз соңында да Ш.А.Амонашвилидің сөзімен аяқтаймын: “Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – ана мен педагогтың міндеті сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету.”
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |