анықталған. Орал тауларының қазіргі таңдағы коллизияларға ешқандай да қатысы жоқ. Сондықтан Орал бұйратының соңғы дəуірлерде аз да болса қатпарланып, аласалау орогенге айналуын ғалымдар астеносфера қабатынан «бөлініп шығып», жоғары көтерілген «плюмдер» деп аталатын тұтқырлығы біршама төмен заттардың жер қыртысына тигізген əсерімен түсіндіруге тырысады. Коллизиямен ешбір байланысы жоқ ішкі өңірлердің оң дəрежелі бедерлер қалыптастыруы, сөйтіп кəдімгідей биігірек бұйраттар қалыптастыру мысалы қазіргі таңдағы көне платформалар мен қатпарлы белдеулердің жыртылысқа ұшырап, байырғы континенттік рифтілер қалыптастырып жатқан аймақтардан да ұшырасады (мысалы, əйгілі Африкалық континенттік рифтілерінің аймағы). Мұндай кішігірім орогендер мен бұйраттар «континентті жыртып», рифтілік құрылымдардың қалыптасуына себепші болған «астенолиттердің» əзірше өздері жыртып үлгерген рифт енінен қомақтылау болып шығуының нəтижесі болса керек. Геотектоника жəне геодинамика 153