Silkway халықаралық университеті
Тілдік пәндер кафедрасы
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі мен стилистикасы
пәні бойынша тестер жинағы
5 кредит
5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне арналған
Тест тапсырмаларын құрастырған
ф.ғ.к. Ақылбаева Г.И.
______________
Кафедра мәжілісінде бекітілді:
№ хаттама, « ». . 2020 ж.
Кафедра меңгерушісі: Ф.ғ.к. Ақылбаева Г.И..
_____________
Шымкент, 2020ж.
1. Сөз тіркесінің синтаксисі.
1.Синтаксис нені зерттейді?
а) сөз тіркесін, сөйлемді;
ә) сөз мағынасын;
б) дыбыстарды;
в) сөз таптарын;
г) дұрыс жазуды;
2.Граматикалық ілім ретінде синтаксис қанша салаға бөлінеді? а) екі салаға;
ә) бөлінбейді;
б) төрт салаға;
в) бес салаға;
г) үш салаға;
3.Поцелуевский сөз тіркесін қаншаға бөледі?
а) төртке бөледі;
ә) алтыға бөледі;
б) үшке бөледі;
в) бөлмейді;
г) екіге бөледі;
4.Сөйлемнің синтаксисі қаншаға бөлініп қарастырылады?
а) 2
ә) 4
б) 6
в) 5
г) 3
5.Сөйлем дегеніміз не?
а) Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегі.
ә) Синтаксистік қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысқан тобы.
б) Граматикалық мағына үстейтін , сөз бен сөзді байланыстырады.
в) Түбір сөзге жалғанып , сөздің лексикалық мағынасын өзгертуді айтамыз.
г) Сөзге лексикалық я грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар.
6.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қаншаға бөлінеді?
а) 4
ә) 5
б) 2
в) 6
г) 3
7.Хабарлы сөйлемді тап.
а) Жазғы жайылымнан қайтқан сиырларды Айша қораға кіргізді.
ә) Сен мұнда қайдан келдің?
б) Жасаған-ау , мұндай сұлу дене болады екен ғой! В)Машинаны кеше жіберуің керек еді ғой!
г) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы!
8.Талап тілек мәнінде айтылған бұйрықты сөлемді тап:
а) Керімбек малды тез жайлауға айдасын!
ә) Қане осы баланың бәйгесін бермей көрші!
б) Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!
в) – Кеше осыны айтуың ғой!
г) Қандай ақылды адам!
9.Метафоралық тіркесті тап:
а) асау қиял, тәтті қылық;
ә) жүрегі шайылу, асау терек;
б) жақсы кісі, асау жел;
в) есалаң тілек, тілін тигізу;
г) жақсы ырым, ақылды бала;
10.Төмендегі мысалдардан еркін тіркестерді тап:
а) биік ағаш, ақылды қыз;
ә) көз қырын салу, биік там;
б) ақылды бала, асау жүрек;
в) биік жер, асау жел;
г) жүрек жұту, жақсы ниет;
Достарыңызбен бөлісу: |