5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет123/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға «Алтын адам» суреттерін жинатып, 
альбом жасатуға болады. «Алтын адам» – археологи-
ялық ескерткіш, «Алтын адам» – тәуелсіздіктің симво-
лы," «Алтын адам» – сақ патшасы" деген тақырыптар 
түрінде жүйелеуге болады. Тапсырманы оқушылардың 
топта орындауы тиімді. Жинақтаған ақпараттарын 
келесі сабақтарда таныстырылым түрінде дайындап 
келуге болады. Мұндай тапсырманы орындау оқушы-
лардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын 
қалыптастырады. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға 
дағдыланады.


76
3-тарау.
Сақтар
3.2.
«Алтын адам» археологиялық
олжасы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.4 Есік обасынан табылған «Алтын адам» 
археологиялық олжасының ерекшеліктерін 
анықтау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын
сипаттау.
Тірек сөздер
«аң стилі»
дүниетаным
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы, 2010.
2. Қазақстан тарихы. Очерктері. – Алматы, 
Дәуір, 1994.
Оқулық: «Алтын адам» археологиялық олжасы
76-77-бет.
Зерттеу сұрағы:
Есік обасынан табылған 
«Алтын адам» кім болды?
Сабаққа дайындық
Сабақ басталғанға дейін Есік обасынан табылған 
«Алтын адам» бұйымдарының түрлі түсті суреттерін 
тақтаға, сыныптың қабырғаларына жабыстырып
іліп қойыңыз. Суреттерді сабақтың тақырыбы 
мен мақсатын анықтауда қолданасыз. «Алтын 
адам» киім-кешегін әшекейлеу үшін қолданылған 
жануарлар мен аңдардың суреттерін көбірек 
дайындаңыз. Наным-сенімдер мен ғұрыптық іс-
әрекеттер жазылған кеспеқағаздар топтамасын 
жасаңыз. Кестені сызықтар бойынша қиясыз. 
Кеспеқағазды әрбір жұпқа жететіндей мөлшерде 
дайындап, конверттерге салыңыз. Әрбір жұпқа 
бір конверт ұсынасыз. Кеспеқағаздар саны наным-
сенім мен ғұрыптық іс-әрекеттердің әрқайсысы 
бойынша тоғыздан болуы керек. Берілген 
«Арқамен арқаны түйістіру» ойынын ойнатуға 
арналған керекті құралдарды: А4 пішініндегі 
қағаздарды, аңдар мен жануарлардың суреттерін, 
сонымен қатар түрлі түсті қарындаштарды әрбір 
жұпқа арнап, алдын ала дайындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет