5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет187/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Үйсіндер мен қаңлылар
4.3.
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің 
құрылуын түсіндіру; 
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсін-
діру.
Тірек сөздер
кіші патша
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алма-
ты, 2004.
4. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және 
оның мәдениеті //Жұлдыз, 2000.
Оқулық: Қаңлылардың қоғамдық құрылысы,
116-117-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Сыма Цянь қаңлы қоғамын 
қалай сипаттады?
Сабаққа дайындық
Каңлы мемлекеті белгіленген карта. 
Сабақтың деректі материалдары
Қаңлылардың шаруашылығы табиғи ортаның 
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасты. Қаңлы 
елінің табиғи-климаттық және географиялық орта-
сы әр алуан болды. Мұнда құнарлы тау бетекейлері, 
өзен аңғарлары, дала жазықтары және шөлді жерлер 
де бар еді. Әрбір табиғи ортаға байланысты шару-
ашылықтың белгілі бір түрі басым болды. Хорезмде, 
Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқа-
бында отырықшылық дамыды. Бұл жерлерде суарма-
лы егіншілік орнықты. Көшпелі мал шаруашылығымен 
және суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар 
мемлекеттік құрылым аясында үйлесімді біріктірілді. 
Қаңлы тұрғындарының шаруашылық қызметі қа-
рапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ, 
біздің заманымыздың алғашқы ғасырларының өзін-
де-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында 
ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жаға-
лауында Ханарық каналы тартылды. Жетіасар алқа-
бында тұрақты емес, тасыған өзендерді, су жайылған 
тоғандарды, көп еңбек жұмсау қажет етпейтін шағын 
суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып 
суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы 
суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі 
арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен 
бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайда-
ланылғанын көрсетті, олардан егістіктер мен бақша-
ларға су ағатын арықтар тартылған. 
Қытай хроникаларында каңлы билеушілерінің 
жазғы және қысқы ордаларының әр жерде орна-
ласқанын, олардың бір-біріне 900 ли қашықтықта 
жатқанын хабарлайды.
(Ақпарат «Қазақстан тарихы. «Көне заманнан бү-
гінге дейін» І том. негізінде дайындалды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет