5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет189/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сипаттама беріңдер 
Оқушылар мәтін соңындағы дерекке назар ауда-
руы тиіс. Дерекпен жұмыс барысында шаруашылық 
түрлерін анықтайды. "Құлдар кімдер, олар шару-
ашылықтың қай түріне пайдаланылған?" Деректе 
қаңлы шаруашылығы – егіншілік және мал шару-
ашылығына қатысты ақпараттар жинақталған. Ал-
дымен оқушылардан қай шаруашылық түрі сипатта-
лып тұрғанын сұрайсыз. Кейін осы шаруашылықтың 
қай түріне құлдарды пайдаланғанын талқылатыңыз. 
Оқушы мәтіндегі, деректегі ақпаратқа сүйене оты-
рып, өз жауаптарын ұсынады. Мұнда жай шару-
ашылықтың түрін сұрап қана қоймай, неліктен сол 
шаруашылықпен айналысқанын нақтылатыңыз.
Жауаптары
. Көшпелі мал шаруашылығы жұмыс 
күшін көп қажет етпейді. Құл еңбегінің қолданылған 
саласы – үй шаруашылығы (ұсақ малды күту, мал 
өнімдерін өңдеу).
Бұл тапсырманы келесі формада түрлендіруге бо-
лады. Әр топқа деректерді бөліп беріп, олар жалға-
сын келесі топтан біледі. Аяғында сынып толық де-
ректі біліп, ортаға бір топ шығып, қысқаша толық 
мәлімет айтады.
Постер дайындаңдар 
Тақырыптағы негізгі ақпараттарды меңгергеннен 
кейін оқушылардың алған білімін қорытындылайсыз. 
Оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз: "Қытай 
тарихшысы Сыма Цянь Қаңлы мемлекеті туралы қан-
дай ақпарат қалдырды?" Оқушы бұл сұраққа жауап 
беру үшін алған білімдеріне қайта шолу жасайды. 
Қытай дерегі басқару жүйесіне, әлеуметтік топтарға, 
мемлекет аумағына, мемлекеттің құрылуына қатыс- 
ты ақпараттарды көрсетеді. Кейін қаңлы қоғамын-
дағы әлеуметтік топтарға қатысты постер жасауға үй 
тапсырмасын беріңіз. Постер жасаудың критерий-
лері, атап айтқанда, карта көлемі, тірек-кестенің бо-
луы, әлеуметтік топтардың сатылы орналасуы, олар-
дың қызметі көрсетілуі қажет.
Бағалау мүмкіндіктері
Нақты білімді тексеруге арналған тапсырма 
ұсынғыңыз келсе, берілген кестені толтыруды ұсы-
ныңыз. Кестеде Қаңлы мемлекетіне қатысты оқушы 
есінде қалған ақпараттар жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет