5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет219/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар ғұндардың қоныс аудару себептерін 
анықтап, байланыстырып, негізгісін атағанда жеке, 
жұптық бағалауды, келісім туралы әңгіме құрастырған-
да немесе рөлдік ойын ұйымдастырғанда, топтық 
бағалауды, А, Ә, Б деректерін талдағанда, жұптық 
бағалауды ұйымдастыруға болады.
"Неліктен ғұндар мен қаңлылар одақтасқа айнал-
ды?" деген сұраққа жауапты мәтінен табады.
Ғұндар мен қаңлылар арасындағы келісім туралы 
кем дегенде 7–10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрасты-
рады.
Қосымша тапсырмалар
1. Оқушылар ғұндар мен қаңлылар арасындағы 
келісімнің қай елге тиімді екенін талдайды.
2. Оқушылар деректердің толық мәтінімен жұмыс 
жасайды. 
3. Оқушылар А, Ә, Б деректері негізінде ғұндар 
мен қытай-үйсін біріккен әскерінің шайқасы туралы 
мазмұндама жазады.
4. Сабақтың соңында «Ыстық орындық» әдісін 
қолдануға болады. Бұл үшін ортаға орындық қойы-
лады. Оған өз қалауымен отырған оқушы Чжи Чжи 
рөліне енеді. Сыныптың басқа оқушылары "ыстық 
орындық" кейіпкеріне сұрақтар қояды. Сұрақтар 
ғұндардың екіге бөлінуі, ғұндардың қоныс ауда-
руына әкелген себептер, Чжи Чжи қабылдаған 
шешімдер, оның көшбасшылығы, ғұндардың ба-
тысқа қарай жылжуы, талқандалуы және т.б. туралы 
болғаны дұрыс. Кейіпкер сұрақтарға жауап береді. 
Тапсырманың соңында оқушыларға: "Не білдің-
дер? Не қызықты болды? Кейіпкердің пікірлерімен 
келісесіңдер ме?" деген сұрақтар қоюға болады 


136
5-тарау. 
Ғұндар
5.3.
Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын 
тарихи картадан көрсету. 
Тірек сөздер
халықтардың ұлы қоныс аударуы
ассимиляция 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна, 
2010.
3. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
4. Жанайдаров О. К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
5. http://e.history.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет